Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет621/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жасалган іс-әрекеттер - 
он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга не емір бойына 
бас бостандыгынан айыруга не өлім жазасына жазаланады. 
6. 
Қызметке үқыпсыз қарау не адал қарамау салдарынан бүйрықты ауыр зардаптарга акеп 
соққан орындамау - 
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуга сол мөлшерде түзеу 
жүмыстарына не тоқсан таулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
7. 
Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, согыс уақытында, үрыс жагдайында не- 
месе төтенше жагдай кезінде жасалган іс-әрекет - 
үш жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық құқықбұзушылықобъективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрыгын 
орындаудан ашык бас тарту, сол сиякгы бастықтың белгіленген тэртіпте берілген бұйрыгын 
багыныштының, өзгедей касакана орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей 
қылмыстық кұкық бұзушылық құрамы корсетіліп тұр. Оның бірін- шісі бағынбау, ягни бастықтың 
занды бұйрыгын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау - 
ягни бастықтың белі іленген тәртіппен, зан- ды түрде берілген бұйрығын, ягни бағыныштының 
әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауга ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес 
берілген бұйрықтагы талап- тарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапка карсы басқа әрекетті істеуі, 
немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады. 
Бағынбау мен бұйрыкты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян 
келтірілуі кажет (ҚК-тің 437-бабының 2-тармағы). Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылык, я 
болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-әрекеттен әскери тэртіптің ойсырауы орын алса, 
бастыктың бағыныштының алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әр түрлі дэрежедегі 
жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі 
деп танылады. 
Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасын- да себепті 
байланыс болуы шарт. 
Қылмыстық құқық бұзушылық кұрамы материалдық. 
Субъективтік жағынан қылмыстык құқық бұзушылық қасақаналықпен (тікелей неме- се 
жанама) жүзеге асырылады. 
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған сол сияқты ауыр зардаптарға 
әкеп соккан іс-эрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (437-баптың 3-тармагы). 
Әскери қылмыстарды адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасау 
белгісі бойынша саралаған кезде ҚК-нің 31-бабының ережелерін ескеру қажет. 
Қылмыстык кұкык бұзушылық жасауға бір-біріне бағыныштылық катынастарының маңызы жок 
екі және одан да көп әскери кызметші қатысқан жағдайлардағы эрекеттер аталған саралаушы 


713
 
белгілер бойынша саралануы тиіс, сондай-ақ олармен бірге қылмыс жасауға катыскан әскери 
кызметші болып табылмайтын адамдардың эрекеттері ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші 
ретінде эскери кылмыс жасауға катысу деп саралауга жатады (ҚР Жоғаргы Сотының аталған 
қаулысының 8-тармағы). 
Ауыр зардаптарға касакана денеге орта дәрежелі жаракат келтіру, абайсызда кісі өлімінің орын 
алуы; әскери дайындықты камтамасыз ететін шаралардың жүзеге аспай калуы; әскери 
техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілу т.с.с. жатады. 
Осы баптың бірінші жэне екінші немесе үшінші бөліктеріндегі көзделген әрекеттер қылмыстык 
топ жасаған, үрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалса, онда бүл осы қылмыстың 
аса ауырлататын түріне жатады (467-баптың 4-тармағы). 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған 
іс-әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 5-тармағында көрсетілген. 
Қызметке үқыпсыз не адал қарамаудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бүйрықты 
орындамау үшін жауаптылык ҚК-тің 437-бабының 6-тармағында көзделген. Мүндағы ауыр 
зардаптардың түсінігі осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген ауыр зардап- пен бірдей болуы да мүмкін. 
ҚК-тің 437-бабының 6-тармағындағы қылмыс күрамы субъ- ективтік жағынан тек кана 
абайсыздықпен (немкүрайдылык немесе менмендік) жүзеге асырылады. 
Егер осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген эрекет соғыс уақытында немесе үрыс 
жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалса, онда кінэлінің жазасы арта түседі, ол үшін 
жауаптылық ҚК-тің 437-бабының 7-тармағында көзделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет