Кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы»


Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту



бет2/6
Дата12.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
#193704
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту



23. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар саласына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.

Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.



Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН-і құрамында тариф қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.

24. Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін, табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі конкурстық құжаттама ережелерінің құрамы мен мазмұнының және ТЭН-нің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ концессиялық жобаның концессиялық ұсынысында бекітілген концессиялық жобаның тариф қалыптастыруымен байланысты экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне конкурстық құжаттама мен концессиялық жоба ТЭН-нің сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.



Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

25. Концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарастырады:



1) концессияның жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құралдардың өтімділік құнының капитал құрушы шығындар есебінен ұлғайтуға немесе жұмыс істеп тұрған деңгейін сақтауға қол жеткізу және концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою;

2) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;

3) реттеліп және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;

4) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі және ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтің шекті лимиті;

5) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттары;

6) жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері - пайданың (кірістіліктің), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының тартылған активтеріне пайдалардың ішкі нормалары.

26. Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарайды:



1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар салаларындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі;

2) конкурстық құжаттаманың концессиялық ұсыныста және концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа тариф қалыптастыру параметрлеріне сәйкес келуі;

3) конкурстық өтінім құрамында конкурсқа қатысушылар ұсынатын концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты құжаттар тізбесін келісу;

4) тариф қалыптастыруға байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісу;

5) концессиялық жобаның тариф қалыптастыруына байланысты концессия шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде концессия шартының жобасын келісу. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН-і конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.

Конкурстық құжаттаманы келісу және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып, келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы немесе ТЭН-ді пысықтау туралы талаптары бар мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не оның орынбасары қол қоятын хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттаманы және ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.

27. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға не Заңның 13-бабының 3-2) және 3-3) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жібереді.

28. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беруді ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың маңызды шарттарын келіседі.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы не конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.

29. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган конкурстық құжаттама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді, ол осы ұйымға конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.



Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.

Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.

Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға құжаттар топтамасының келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жолдайды.

Әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс.

Сұрау салуды жолдаған күннен бастап қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

Конкурстық құжаттама пысықталған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.

30. Конкурстық құжаттама сондай-ақ әлеуетті концессионердің өзінің біліктілік талаптарына сай екенін қосымша растауы ретінде мынадай құжаттардың бірін ұсыну мүмкіндігін қарастыруы қажет:



1) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингін алуын растайтын құжат;

2) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор биржасынан үзінді.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарға байланысты шынайы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарына орналастырған жағдайда, әлеуетті концессионер бұл туралы құжаттардың өзін ұсынбай-ақ конкурсты ұйымдастырушыны хабардар ете алады.

Егер әлеуетті концессионер Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті үшін талап етілетін дәл осы құжаттар ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес - әлеуетті концессионердің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді конкурстық құжаттама тілдеріне аударылған, нотариус куәландырған құжат, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) сертификаты ұсынылады.

31. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.

32. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі конкурстық құжаттаманы бекіткен күннен бастап 3 жылдан аспауы тиіс.

33. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген тиісті бюджеттен шығындар тудыратын концессиялық жоба бойынша бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау және табыс алу көздерін ұсынуды конкурстық құжаттамаға енгізу туралы ұсынымдарды қамтитын Заңның 15-2-бабының 6-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жоба бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.


Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларына 1-қосымша



Нысан



Концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды



Жобаның атауы



Жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органның атауы



Жобаның мақсаты



Жобаның стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі



Жобаның құны, оның ішінде концессия объектісін құрудың және реконструкциялаудың құны



Жобаны іске асыру мерзімі



Концессия объектісін құрудың және реконструкциялаудың мерзімі



Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі



Концессия шартының түрі



Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары



Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым немесе қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар сараптамасының болуы



Өзгелер



Қорытындылар





Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларына 2-қосымша



Нысан



Оң қорытынды алған жергілікті концессиялық жобаларды жоспарлау туралы ақпарат

п/п

Атауы

Жергілікті атқарушы орган

Экономика саласы

Жоспарлау кезеңі

Іске асыру кезеңі

Жобаның (объектінің) құны

Мемлекеттің концессиялық міндеттемелерінің көлемі

Ағымдағы жағдай

Ескертпе

Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысы

Концессиялық ұсыныс

Конкурстық құжаттама

Конкурстық өтінім

Концессия шарты

Концессионердің шығындарын өтеу

Мемлекеттiк қолдау шаралары

1





























2





























3





























4




























Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 2-қосымша


Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу

қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7-5)-тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.

2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі - конкурс) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары бекіткен орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) негізінде өткізіледі.

3. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.

Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін Комиссия туралы ережеге сәйкес айқындалады.

Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.

Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы орган болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша осы Қағидада көзделген конкурсты ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады.

4. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау, Заңға және осы Қағидаға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.

5. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғаларды тарта алады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жолдайды.

6. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық өтінімдердің, концессия шарттары жобаларының өтуі, сондай-ақ жасалған концессия шарттары туралы хабарлайды.
2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу (екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін конкурс)

7. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

1) осы Қағиданың 12, 13-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруы;

2) осы Қағиданың 14, 15-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осы Ережелерге қосымша бойынша формамұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;

3) осы Қағиданың 16-18-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;

4) әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы (конкурстық өтінімдер ұсынғанға дейін әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүргізу жағдайында).

Конкурсты ұйымдастырушы құжаттарды дайындауға және концессиялық жобаның өту мерзімін қысқартуға арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерді ұсынғанға дейін қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімін (конкурс жарияланғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аз емес) қарастыра алады.

Әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды өткізеді.

Бағалау қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлердің тізбесі қалыптастырылады және тиісті хаттаманы ресімдеу жүргізіледі.

Аталған хаттаманың көшірмесін конкурсты ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жібереді;

5) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді әзірлеуі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуы, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі.

Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды өткізу кезінде конкурстық өтінімді әзірлеу және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер оларды жүргізілген бағалау қорытындылары туралы конкурсты ұйымдастырушы хабардар еткеннен кейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын мерзімде жүзеге асырады;

6) осы Ережелердың 26 тармақшасына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;

7) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеу;

8) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;

9) әлеуетті концессионерлердің Заңмен қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін конкурстық өтінімдерді қарау.

Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізген кезде қайта бағалау жүзеге асырылмайды;

10) конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті концессионерлердің тізбесін қалыптастыру және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеу;

11) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін жіберуі;

12) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының расталған көшірмесін қоса бере отырып, оларға сараптама жасау үшін біліктілік талаптарына сай келетін конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;

13) Комиссияның конкурстық құжаттама талаптарына, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкес бағалау жөніндегі қорытындысын ескере отырып, конкурс қатысушылары ұсынған конкурстық өтінімдерді қарауы;

14) Комиссияның концессиялық өтінімі концессиялық жобаны нақтылау және концессия шартының талаптары мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуі;

15) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 56-58-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;

16) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түрінде концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;

17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;

18) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концендент әзірлейді және конкурс жеңімпазын айқындағаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында немесе мәслихат шешімінің жобасында әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпарат қамтылуы тиіс;

19) осы тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген Комиссия шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартын келісу нәтижелерін ескере отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;

20) мемлекеттік кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасағаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы бұйрығымен бекітілген Мемлекет кепілгерлігін ұсыну көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;

21) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.

3. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізу

8. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу Заңның 20-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өткізіледі.

9. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің бірінші кезеңі:

1) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді осы Қағиданың 12, 13-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруы;

2) конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырмалар мен конкурстық құжаттаманы беруі, сондай-ақ мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;

3) конкурсты ұйымдастырушының осы Қағиданың 16-18-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;

4) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға конкурстық құжаттамада көзделген құжаттарды ұсынуы;

5) Комиссияның әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді жүргізуі.

Біліктіліктік іріктеуді Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырады;

6) конкурсты ұйымдастырушының біліктіліктік іріктеуден өткен әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауы, оның ішінде ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік сараптаманы өткізу мерзімін белгілеуі.

Талқылау қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы Заңның 17-бабында көзделген мерзімдерде, концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.

Егер концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына енгізілген осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар экономикалық параметрлердің тиісті өзгерістеріне, сондай-ақ концессиялық жобаның қосымша шығыстарына әкеп соқтырған жағдайда, онда концессиялық жобаның түзетілген конкурстық құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды қайтадан өтеді.

Әзірленген жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, үлгілік жобалау шешімдері болған кезде, конкурсты ұйымдастырушы оларды концессиялық жобаны іске асыру және оңтайлы нұсқасын ұсыну мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге конкурстық құжаттама құрамында ұсына алады.

Концессионерді таңдау бойынша конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізген кезде, конкурсты ұйымдастырушы жобаны әзірлеушіден іздестіру қызметінің және/немесе жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензияның болуы немесе болмауын қосымша анықтайды.

7) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі.

11. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің екінші кезеңі:

1) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін;

2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін қажетті сараптамалар қорытындыларын мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін қоса бере отырып жолдауын;

3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып қарауын;

4) Комиссияның концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуін;

5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын осы Қағиданың 56-58-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдауын көздейді;

6) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түріндегі концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;

8) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурстың жеңімпазы айқындалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы немесе мәслихат шешімінің жобасы әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;

9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;

10) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы бұйрығымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;

11) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.

4. Әлеуетті концессионерлерді конкурсты өткізу туралы хабардар ету

11. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде - кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа тілдерде міндетті түрде жариялайды.

12. Конкурсты өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтуы тиіс.

Конкурсты өткізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну

13. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз жеткізгіште, ал маңыздылығы ерекше концессиялық жобаларға қатысты қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.

Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы ала алады.

14. Конкурсты ұйымдастырушы:

1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттіктерін құжаттық расталудың болуын тексереді;

2) егер конкурс өткізу туралы хабарландыруда мұндай ақыны алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті концессионердің немесе оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы төленгені туралы құжаттық расталудың болуын тексереді;

3) қажетті мәліметтерді (алған уақыты мен күні, әлеуетті концессионердің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді;

4) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы береді.

6. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

15. Олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс. Қайта конкурс өткізу кезінде олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуге тиіс.

Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуеттік концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлайды.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде - күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердің сұрау салуына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізе алады. Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердің осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.

16. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізе алады. Бұл ретте, конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін жолдауға міндетті.

17. Егер конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті концессионерлермен кездесу әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада кездесуді өткізу күні белгіленген мерзімі мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша хабардар етеді.

7. Конкурстық өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну

18. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

19. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер ұсынатын конкурстық өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:

1) конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын құжаттарының тізбесі:

есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті концессионердің меншік құқығы мен жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған аудитталған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына не Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты, егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттарды осындай әлеуетті концессионердің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс.

Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарын таратылы жазылуын. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.

Әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуын. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесімен қоса беру қажет. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

әлеуетті концессионердің төлем қабілеттілігінің, оның таратылуға жатпайтынының, мүлкіне тыйым салынбағанының, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағанының кепіл хаты;

әлеуетті концессионердің жасалған концессия шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағанының кепіл хаты;

салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлардан басқа) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;

заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен заңдастырылған нотариалды куәландырылған үзіндіні ұсынады;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.

Егер заңды тұлға қызметін заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік жарғы негізіне жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариалды куәландырылған үзінді көшірмені (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаса) не конкурсты жариялаған күннен ерте емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, ЖСН көрсете отырып нотариалды куәландырылған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;

әлеуетті концессионерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдында үш ай бойы әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.

Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтаманың берілгеніне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдан артық уақыт өтпеуге тиіс. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидада белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:

бірлескен қызмет шартының нотариалды расталған көшірмесі;

қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариалды расталған көшірмесі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды.

конкурс шеңберінде оның атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын қарапайым серіктестік өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі.

Концессионерде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражатының болуы:

заңды тұлғалар бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті талдау жолымен;

жаңадан құрылған заңды тұлғалардың құрылтайшылары бойынша, қарапайым серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері немесе жеке тұлғалар бойынша оларда қаржылық есептілік болмаған жағдайда олардағы активтер мен міндеттемелердің болуын растайтын құжаттарды талдау жолымен айқындалады.

Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:

әлеуетті концессионер Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;

жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде шығатын заңды тұлғалар Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;

жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық дербес капиталы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар өз қалауы бойынша Заңмен және осы Қағидамен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.

Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт белгіленген сәттен бастап оған үш жыл ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.

Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында белгілей алады;

3) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім сонымен қатар мыналарды қамтуы тиіс:

Концессия шартының жобасы;

мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда, (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда) қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындап белгілеген талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і:

мыналарды қамтитын табиғи монополиялар салаларындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда):

тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібі;

шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыру:

тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесі;

инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібі;

пайданы қалыптастыру;

негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасы;

негізгі қаражатты және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайда бағалауды жүргізу;

объектілерді күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздері;

4) мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша:

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасы;

мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландырудың баламалы көздері туралы ақпарат;

5) әлеуетті концессионердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялар тартуды растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдік ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмайды;

6) әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімі үздік деп танылған жағдайда, концессиялық жобаны іске асыру үшін әлеуетті концессионерге қаржы беру мүмкіндігін қарауға әзірлікті растайтын қаржылық ұйымдар хаттарының түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

7) Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;

8) әлеуетті концессионер жарғысына сәйкес конкурстық өтінімге қол қоюға және Комиссия отырыстарына қатысуға құқығы бар сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті концессионердің бірінші басшысынан басқа әлеуетті концессионердің мүдделерін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат;

9) аса маңызды концессиялық жобалар бойынша әлеуетті концессионер осы тұлғаны конкурс жеңімпазы ретінде таныған жағдайда, осы тұлғаның концессия шартын жасасу мақсаты үшін концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осы жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерді орындауына конкурс жеңімпазының концедентке банктік кепілдік беруі шартымен концессия шартының тарапына айналатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхат түпнұсқасы.

20. Аса маңызды концессиялық жобаларға қатысты конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша талаптарды және осындай құжаттарға қойылатын талаптарды белгілеуге құқылы.

21. Конкурстық өтінімді әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген және әлеуетті концессионердің қолы әрбір бетіне қойылған және соңғы бетіне оның қолы мен мөрі қойылған (егер мұндай болса жеке тұлғаға) түрінде табыс етіледі.

22. Конкурстық өтінімде, әлеуетті концессионерге грамматикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірулер мен қосып жазулар болмауы тиіс.

23. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы конкурстың атауы жазылып жабылған «конвертке» салынған, сондай-ақ, «(конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген мазмұндағы мәтін жазылған конкурстық өтінімді жолдайды.

24. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті концессионерге қайтарылады.

25. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.

26. Конкурсты ұйымдастырушы:

1) әлеуетті концессионер атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

2) конкурстық өтінімдері бар конверттерде осы Қағиданың 24-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағиданың 24-тармағының талаптары бұзылып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелуге жатпайды және:

әлеуетті концессионерлерге конкурстық өтінімдері бар конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

конкурстық өтінімдері бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;

3) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

5) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.

27. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:

1) конкурстың атауы мен өткізу мерзімін;

2) концендент пен конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, олардың пошталық мекенжайын;

3) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;

4) әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;

5) конкурстық өтінімі бар «конвертті» тіркеу күні мен уақытын;

6) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімге енгізген өзгерістері мен (немесе) толықтырулары туралы ақпаратты көрсетеді.

Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді тіркеуден бас тартылған әлеуетті концессионерлерді, мұндай бас тартудың себебін баяндай отырып көрсетеді.

Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, парақтары нөмірленген және әрбір бетіне Комиссия хатшысының қолы қойылған болуы, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі қажет. Конкурстық өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын барлық конкурстар бойынша бір қаржылық жыл ішінде жүргізуге жол беріледі.

28. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтініміне енгізу құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерістер енгізу конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалған және мөр басылған түрде ұсынылуы тиіс.

29. Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті концессионердің қолы қойылған және мөр қойылған (егер болған жағдайда жеке тұлғаға) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.

30. Егер конкурсты ұйымдастырушы оны конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін қабылдаса, конкурстық өтінімге өзгерістер енгізу немесе конкурстық өтінімді қайтарып алу жарамды болып табылады.

Өзгерістер конкурстық өтінімге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін енгізілмеуі тиіс.

8. Конкурсты өткізу


31. Конкурстық өтінімдерді қарау мен іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.

32. Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны Комиссия отырысын өткізу мерзімі, уақыты және орны туралы отырысқа дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.

Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыс хаттамасын ресімдейді.

33. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуды Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.

Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға дереу хабардар етеді.

34. Комиссия отырысында:

1) Комиссия хатшысы қатысушыларды:

Комиссия құрамы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті концессионерлер саны;

әлеуетті концессионерлер сұрау салуларының болғандығы не болмағандығы, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша кездесулер өткізуі;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болғандығы немесе болмағандығы, сондай-ақ олардың себептерін;

конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген, белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлер жөнінде хабардар етеді;

осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;

2) төраға немесе Комиссия мүшелері арасынан төраға болып айқындалған тұлға:

конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттар тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жариялайды;

3) Комиссия хатшысы:

өтінімдері бар конверттерді ашуды тиісті хаттамамен ресімдейді;

әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзімі туралы хабардар етеді.

35. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды және әрбір парағына қол қояды.

36. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

37. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурстық өтінімдерді қарайды және әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп таниды) шешім қабылдайды.

Әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп тану) шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылады, Комиссия отырысына қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы шешімнің әрбір парағына қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға, болған жағдайда, сараптамалық қорытынды немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекші пікірі қоса берілуі мүмкін.

38. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия хатшысы:

1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;

2) Комиссия мүшелеріне конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы хабарландырады;

3) Комиссияның қарауына әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген жағдайда әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі конкурстың екінші кезеңінде қарастырылады.

39. Комиссия отырысын өткізбей, конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

40. Комиссия:

1) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерін құрайтын құжаттар пакеттерін олардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі тұрғысынан қарайды;

2) құжаттар тізбесін толық ұсынбаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген құжаттар ұсынған әлеуетті концессионерлерді айқындайды;

3) конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті концессионерлерден конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін жазбаша нысанда материалдар мен олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірулерді сұратады;

4) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты Комиссияның сұрау салуларды мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурстық өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттарды алмастыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды түзету арқылы сәйкестендіруге бағытталған Комиссияның іс-қимылдары конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру деп түсініледі;

5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлерді айқындайды және оларды конкурс қатысушылары деп таниды.

Әлеуетті концессионерлердің банкротқа ұшырау рәсіміне қатысы болмау бөлігіндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында Комиссия банкротқа ұшырау рәсімдерін жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарайды.

41. Комиссия конкурстық өтінімнің енгізілген қамтамасыз етуін:

1) банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

2) Комиссияға:

конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

оған қатысу үшін банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауын;

банктік кепілдеме және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған, конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурстық өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

оның пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын білдіретін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген;

3) белгіленген сомадан аз мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.

42. Әлеуетті концессионер, егер:

1) мынадай негіздемелер бойынша Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сай емес деп айқындалса:

конкурстық өтінімде әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы;

әлеуетті өнім беруші міндеттемелердің барлық түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдында үш айдан артық мерзімге созылған мерзімінен кешіктірілген берешегінің болуы туралы банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасы түпнұсқасының болуы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмауы мүмкін;

тиісті салық органының анықтамасында үш айдан артық уақытқа (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы. Осы талап аса маңызды концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде қолданылмауы мүмкін;

біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталуы;

оның концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары жоқ, оның ішінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын меншікті қаражаты немесе концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемінде 10 (он) пайызын құрайтын сомаға банктік кепілдігі жоқ;

оның банкротқа ұшырау немесе таратылу рәсіміне жатуы, төлем қабілеттілігінің болмауы, мүлкіне тыйым салынуы, қаржы-шаруашылық қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуы;

2) егер конкурстық өтінім, мынадай негіздемелер бойынша конкурстың талаптарға сай емес деп айқындалса:

конкурстық өтінімді толық ұсынбау;

конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді ұсыну;

3) Заңның 18-2-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.

43. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;

2) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының тағайындалған күні мен уақыты туралы хабарландырады.

44. Комиссияның көрсетілген отырысында:

1) Комиссия конкурстық өтінімді әлеуетті концессионерлер ұсынған құжаттардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және зерделейді;

2) Комиссия конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

45. Конкурстық өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін жоғалтпайтын, түзетуге болатын грамматикалық қателері болса, конкурстық құжаттама талаптарына жауап береді деп танылады.

46. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмелерін ұсыну не жолдау арқылы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама көшірмелерін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған, олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдер журналына енгізілген барлық әлеуетті концессионерлерге жолдауды қамтамасыз етеді.

47. Егер:

1) бірде-бір әлеуетті концессионер конкурсқа қатысуға жіберілмесе;

2) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті концессионер жіберілсе;

3) бас тартылмаған бір ғана конкурстық өтінім қалған жағдайларда, үздік концессиялық өтінімді айқындау жүргізілмейді.

48. Конкурстық құжаттамада белгіленген күні, уақытта және орында Комиссия конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін қарау жөніндегі отырыс өткізеді.

49. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жолдайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін оны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жолдайды.

Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімдерді жалпы қарау мерзімі қырық жұмыс күнін құрайды.

50. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

51. Осы бұйрығымен белгіленген үздiк концессиялық өтінімді айқындау үшін жобаларға қойылатын критерийлердің негізінде концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен Комиссия концессиялық жоба және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

52. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда олар туындаған кезден 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс.

53. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушымен келісім бойынша келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.

Келіссөздер қорытындылары конкурс ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары мен конкурсқа қатысушы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.

Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

54. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінім мен концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан, немесе оның ұсынысы конкурстың шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, Комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионер таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы үздік концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.

55. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, үздік концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі мен мемлекеттік кепілдік ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.

Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасы түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді.

Сараптама концессия шартының жобасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптама нәтижелері алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.

Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:

1) конкурсты ұйымдастырушы концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;

2) конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;

3) конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.

Конкурсты ұйымдастырушы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.

Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жетіспейтін және/немесе қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.

Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.

Бұл ретте, сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

Концессия шарттарының жобалары пысықталған, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушының өтінімі бойынша сараптама жүргізу уақытында оны жүргізу мерзімдері жаңартылады.

56. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

57. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын, оның ішінде концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі не конкурсты ұйымдастырушыға (концедентке) дәлелді ескертулер жолдайды.

Концессия шартының жобасын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерін (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және:

1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;

2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;

3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастырған кезде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;

4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;

6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;

7) концессия объектісін пайдалану сапасының критерийлерін;

8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

9) үшінші тұлғаларға концессия объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;

10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;

11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты концессионердің құқықтары мен міндеттерін;

12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;

13) концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыруды айқындайтын концессия шартының ережелерін келіседі.

58. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессия шартының жобасы сараптамасының қорытындысын ескере отырып, Комиссия шешімімен концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.

Егер концессиялық жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын болса, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, бюджет заңнамасына сәйкес қабылданады.

59. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

60. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.

Егер:


1) конкурс жеңімпазы концессия шартын жасасудан жалтарса;

2) конкурстық өтінімдері үздік деп танылған конкурсқа қатысушылар, Комиссия ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес концессиялық өтінімдер мен концессия шарттарының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса немесе олардың ұсыныстары конкурс шарттары тарапынан тиімсіз болса, шарт жасасу жүзеге асырылмайды.

61. Концессия шартын жасасу мерзімі осы Қағиданың 59 және 60-тармақтарына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды.

62. Конкурс мынадай жағдайларда:

1) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаған;

2) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, екіден кем конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасының қосымшасы
Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет