Концессионер ұсынатын қызметтерге концеденттің бағасы
Р/с
№
|
Тақырыбы
|
Концессионердің шарт талаптарын бұзуы немесе орындамауы
|
Бұзушылықтың туындау мерзімі
|
Бұзушылықтың жою мерзімі
|
Материалдық көріністе келтірілген залал
|
Берілетін балл (бағалау шәкілі 1-ден 10-ға дейін)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Концессионердің концессия объектісін салу (құру) немесе реконструкциялау кезеңінде міндеттемелерін орындауы
|
1)
2)
|
|
|
|
|
2
|
Клиенттердің мүдделерін бірінші орынға қоятын сапалы және икемді қызметтер көрсету
|
|
|
|
|
|
3
|
Өндірісте және процесте үздіксіз жақсаруды қамтамасыз етуге ықпал ететін концессияның барлық объектісін кешенді пайдалану
|
1)
2)
|
|
|
|
|
4
|
Концессия объектісін уақтылы және тиімді басқару
|
1)
2)
|
|
|
|
|
5
|
Концессия объектісін қауіпсіз басқару
|
1)
2)
|
|
|
|
|
6
|
Концессионердің клиенттердің ұсыныстары мен шағымдарына ден қоюы
|
1)
2)
|
|
|
|
|
7
|
Техникалық қызмет көрсету және объектіні пайдалану сипаттамаларын сақтау
|
1)
2)
|
|
|
|
|
8
|
Экологиялық талаптарды сақтау
|
1)
2)
|
|
|
|
|
9
|
Концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген барлық көрсеткіштерге қол жеткізу
|
1)
2)
|
|
|
|
|
10
|
Есептілік беру мерзімдерін сақтау
|
1)
2)
|
|
|
|
|
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларына 4-қосымша
Концессия шарттарының, концессиялық жобалардың мониторингісінің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
Бөлімдердің мазмұны:
1. «Концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
1) жобаның атауы;
2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
3) концеденттің атауы;
4) концессионер-компанияның атауы;
5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаттылығы;
9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
1) концессионер компанияның атауы;
2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
6) концессионер компания қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақ концессия шартына, концессиялық жобаның нақты көрсеткіштеріне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (концессия объектісін қаржыландыру және салу/жаңғырту бойынша) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
Осы бөлімде мынадай ақпараттар келтіріледі және талдаулар жүргізіледі:
1) жобаны қаржыландыру көздері мен құрылымы;
2) қаржыландыру жоспарын орындау;
3) жобаны қаржыландыру уақтылығы (жоспар, факт);
4) концессиялық жобаның мемлекеттік бюджеттен, сол сияқты өз қаражаты есебінен бөлінген ақша қаражатының нысаналы жұмсалуы;
5) оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып, концессия объектісін салу/реконструциялау кестесінің орындалуы.
Егер концессия объектісі мемлекеттік меншікке беру кезеңінде болған жағдайда:
6) объектіні салу/реконструкциялаудың нақты құнына концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
7) тұрғызылған объектінің сапасына және оның концессия шартында көзделген техникалық сипаттамаларына сәйкестігіне;
8) концессия объектісінің пайдалануға дайындығы туралы талдау жүргізіледі.
6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйі сипатталады.
6. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаның тәуекелдері анықталады және тәуекелдерді барынша азайту бойынша шешімдердің жолдары ұсынылады.
7. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар көрсетілуі тиіс.
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларына
5-қосымша
Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
Бөлімдердің мазмұны:
1. «Концессиялық жоба бойынша жалпы мәліметтер» деген тармақта:
1) жобаның атауы;
2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
3) концеденттің атауы;
4) концессионер компанияның атауы;
5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаты;
9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген тармақта:
1) концессионер компанияның атауы;
2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
6) концессионер компанияның қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» деген тармақта негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау, өтімділік және тиімділік, табыстылық, қаржылық орнықтылық талдауын жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақта концессиялық жобаның нақты көрсеткіштерімен салыстыра отырып, концессия шарты мен концессиялық жобаның қаржылық-экономикалық үлгісіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (өндірістік және қаржылық) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
Егер концессиялық жоба концессия объектісін салу/реконструкциялау кезеңінде болған жағдайда:
1) жобаны қаржыландыру құрылымы мен уақтылығына (жоспар, факт);
2) концессия объектісін салу/реконструкциялау кестесінің орындалуына, оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып;
3) қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізіледі.
Егер концессиялық жоба концессия объектісін пайдалану кезеңінде болған жағдайда:
4) объектіні салу/реконструкциялаудың жоспарлы және нақты құнына, концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
5) жоба бойынша жоспарлы өндірістік көрсеткіштердің орындалуына;
6) өнімдер түрлерінің бөлінісінде жоба бойынша қаржылық көрсеткіштердің орындалуын (өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын (тарифін) талдау), тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түсімін, өзіндік құнын талдау;
7) бюджетпен есеп айырысуларды (қоршаған ортаны қорғау, салық төлемдері және т.б. бойынша бюджетке төленетін төлемдердің уақтылығы мен толықтығы) талдау жүргізіледі.
Егер концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы, пайдалану шығындарының өтемақысы, концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақылар төлемі, қолжетімділік үшін ақы төлеу көзделген болса, онда концессиялық жобаның іске асырылуын бағалау туралы қорытындыда міндетті түрде концессионердің пайдалану міндеттемелерін орындау сапасы, уақтылығы, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің концессия шартында көзделген көлемдерге сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйінің сипаттамасы беріледі.
7. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаны іске асыру тәуекелдері анықталады.
8. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар келтіріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 4-қосымша
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленді және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту рәсімдерінен өту тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз берушінің алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды.
3. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша беріледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісудің нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдауды, концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсына отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын Концессиялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін міндетті түрде мемлекеттік меншікке бере отырып, концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылуы тиіс.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
5. Мемлекет кепілгерліктері қазірдің өзінде тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша беріле алмайды.
6. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
7. Әлеуетті концессионер (қарыз алушы) концессиялық жобаларды іріктеу конкурсы шеңберінде мемлекет кепілгерлігін алу үшін осы бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді әзірлейді және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.
8. Қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға қарыз алушы ретіндегі үміткер тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодекісінің 229-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
3) тиісті саладағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
4) концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
5) концессиялық өтінімді сараптаудың оң қорытындысының болуы;
6) бұрын мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу немесе қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ кредиторлар алдында төлеу мерзімі өткен басқа да берешегінің болмауы;
7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде 20 (жиырма) пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;
8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыруы.
2. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеу тәртібі
9. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлғаның (конкурстық өтінімі үздік деп танылған концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушының) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
10. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімге сараптамасының оң қорытындысын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытынды әзірлеп, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
11.Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобаны қаржылық сараптау бойынша қорытындысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.
12.Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жоба бойынша ақпарат дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, ол мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады.
13. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігін беру бойынша қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы бұйрығымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың балама көздерін қарау мақсатында келіссөз жүргізу процесін қайта бастайды.
14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің немесе лимитінің көлемін ұлғайту шегінде әрбір концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде концессия шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
17. Мемлекет кепілгерлігі:
1) концессия шартын жасасқаннан;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделгеннен және ұсынылғаннан;
3) мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушының алдын ала біржолғы төлемақысы (алымы) төленгеннен кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптарды қанағаттандырған жағдайда, кепілгерлік шартын жасасу жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде беріледі.
Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
Қарыз алушы концессия шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасуы тиіс.
3. Мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту тәртібі
18. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
1) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға конкурсты өткізген кезде ескерілмеген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілсе және концессия шартының тараптары осындай өзгерістің немесе толықтырудың сомасына қосымша қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдаса;
2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген концессия объектісі құрылысының құнына объективті, концессионерге тәуелді емес себептердің (форс-мажорлық мән-жайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Берілген мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары:
1) жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерліктерінің жалпы лимитінің болуы;
2) концессиялық жобаның экономикалық өзін-өзі өтеу параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, концессиялық жобаның ішкі кірістілігі нормасының сақталуы) және концессия шартында көзделген қаржы ковенанттарының (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері) орындалуы;
3) концессионер концессия объектісін салуға/реконструкциялауға салатын меншікті қаражатының мөлшерін концессия объектісі құрылысының ұлғаятын құнының кемінде 20 (жиырма) пайызын құрайтын мөлшерге дейін теңбе-тең ұлғайту;
4) мемлекет кепілгерлігі сақтандыру шарты ұсынылмастан берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
20. Концессионер концессия объектісі құрылысының құнын ұлғайтуды көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысын алғаннан кейін концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және салалық уәкілетті органға сараптауға және табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) келісуге жібереді.
21. Салалық уәкілетті органның, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның (табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша) оң сараптамаларын алғаннан кейін концессионер, мыналарды:
1) салалық уәкілетті органның сараптамасын;
2) жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптау қорытындысын;
3)табиғи монополиялар саласында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін келісу хатын, және;
4) мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың негіздемесі болып табылатын басқа құжаттарды қоса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін сараптамадан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым сараптаманы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алғаннан кейін концессионер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтуды қарау үшін талап етілетін құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігі көлемін ұлғайтудың қаржылық сараптамасының оң қорытындысының негізінде кезекті қаржы жылы лимитінің шеңберінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
25. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекет кепілгерлігін ұлғайту көлемін айқындайды.
26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі хаттамасының үзінді көшірмесін және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін салалық уәкілетті органға (концедентке) жібереді.
27. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде салалық уәкілетті орган (концедент) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту мәселесі бойынша шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
28. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде концедент қаржылық және экономикалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын жағдайда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жібереді.
29. Мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісімі алынғаннан кейін концессия шартына қосымша келісім жасалады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.
30. Концессия шартына қосымша келісім жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кепілгерлік шартына қосымша келісім жасалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 5-қосымша
Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-2-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-інің экономикалық сараптамасы қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасы - жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;
2) концессиялық жобаның ТЭН-і - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
3) ТЭН-ді түзету - техникалық шешімдердің өзгеруіне және/немесе қосымша шығыстарға алып келетін бекітілген ТЭН-дегі жобаның техникалық-экономикалық параметрлерінің жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды бекіткенге дейінгі немесе бекітілген ТЭН-де көзделмеген қосымша құрамдауыштарын енгізуге байланысты жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бекітілгеннен кейінгі өзгеруі;
4) концессиялық жобаның жүзеге асатындығы - жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган айқындаған концессионердің ішкі кірістілік нормасының мөлшерлемесі бойынша концессионер пайдасының оң таза келтірілген құны көрсеткіштерінің қолжетімділігі;
5) концессиялық жобаның орындылығы - жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі (іске асыру мерзіміне, қаржыландыру көздеріне және т.б. сәйкестігі) және/немесе ТЭН-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар концессиялық ұсынысқа сәйкестігі;
6) концессиялық жобаның тиімділігі - жобаның бюджеттік тиімділігінің ең үздік нәтижесінің және концессиялық жобаны іске асыру кезіндегі әлеуметтік-экономикалық әсердің оң нәтижесінің қолжетімділігі.
2. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
3. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсаты жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын әзірлеу болып табылады.
4. Кейіннен қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, концессиялық жобаның ТЭН-ін түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
5. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жобаның ТЭН-ге қойылатын талаптар осы Талаптарда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.
6. Әзірлеу немесе түзетудің нәтижелері бойынша концессиялық жобаның ТЭН-і мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
1) жобаның паспорты;
2) кіріспе;
3) институционалдық бөлім;
4) маркетингтік бөлім;
5) техникалық-технологиялық бөлім;
6) қаржылық бөлім;
7) әлеуметтік-экономикалық бөлім;
8) жобаның мемлекеттік бюджетке әсері;
9) тәуекелдерді бағалау және бөлу;
1) жоба бойынша тұжырымдар;
2) қосымшалар (қажет болған жағдайда).
7. ТЭН-де жобаның ерекшелігіне байланысты қосымша бөлімдер мен қосымшаларды қосуға рұқсат етіледі.
8. Жобаның паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады.
Жобаның паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:
1) концессиялық жобаның ТЭН-іне тапсырыс беруші мемлекеттік органның атауы;
2) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
3) жобаның атауы;
4) жобаны іске асыру орны;
5) жобаның мақсаты мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
6) жобаның ауқымы;
7) жобаның қуаты;
8) жобаны іске асыру кезеңі:
9) объектіні салу кезеңі;
10) концессионердің объектіні пайдалану мерзімі;
11) концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған, жобаның ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
инвестициялық шығындар;
пайдалану шығындары;
өзге шығындар;
12) концессиялық жобаны қаржыландырудың болжамды көздері;
13) мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері;
14) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар.
9. «Кіріспе» деген бөлімде концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланатын саланың (өңірдің) проблемасы сипатталады, сондай-ақ осы проблеманы, оның ішінде технологиялық, институционалдық, қаржылық шешімдер бойынша шешудің балама нұсқалары көрсетіледі.
10. Институционалдық бөлімде жобаның барлық тіршілік циклінің ішінде оны басқарудың ұсынылған оңтайлы схемасы, концессиялық жобаның қатысушылары және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
Сондай-ақ осы бөлімде институционалдық шешімдер бойынша концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі.
11. Маркетингтік бөлім жобаны іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) сұраныстың сандық параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарға/көрсетілетін қызметке) қажеттілікті бағалау;
2) тұтынушылардың санаттары бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
3) жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндігін талдау;
4) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгілі қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу;
5) тұтынушылардың санаттары бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;
6) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
7) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, шетелдік мамандарды тарту негіздемесі.
Әрбір кіші бөлімде пайдаланылатын ақпарат көздері және өткізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемелері көрсетіледі.
12. Техникалық-технологиялық бөлім концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған, жобаның параметрлері мен құрамдауыштарын айқындайтын, жобаны іске асырудың техникалық-технологиялық шешімдерін қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
1) жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
2) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктері ескерілген көлік магистральдарына жақындығына қатысты жобаның іске асырылу орнының негіздемесі;
3) қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуатының есептік негіздемесі;
4) жобаны іске асыру болжанатын өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
5) таңдалған жобалық жабдықтың негіздемесі, оның ішінде бұрыннан пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі (егер бұл жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын болса), «баға-сапа» оңтайлы арақатынасы, жабдықты таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықты қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарды пайдалану;
6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
7) қолда бар көлік кіреберістері мен құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй-жайлармен қамтамасыз етілуі;
8) жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, концессияға беруге ұсынылатын объектіні құру/реконструкциялау мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
Жоба бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде, бірінші кезекте, экологияға теріс әсері ең төмен және жобаны іске асырудан барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық әсер беретін шешімдер таңдалады.
13. Концессиялық жобаның ТЭН-інде қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасыныңэкологиялық заңнамасына сәйкес орындалады.
14. Қаржылық бөлімде жобаны қаржыландырудың балама схемаларын және көздерін ескере отырып, қаржылық пайданы және шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау жүргізіледі, концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) жалпы инвестициялық шығындардың есебі;
2) пайдалану шығындарының есебі (өндірістік шығындар, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
3) өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының, тауарларды өткізу бағаларының (көрсетілетін қызметтер тарифтерінің) есебі;
4) сатудан түсетін кірістердің есебі;
5) ақша қаражаттары ағынының есебі;
6) бөлінбеген және таза пайда есебі;
7) инфляцияның, валюта бағамының есебі, дисконт нормасының және тәуекелдер түзетулерінің анықтамасы;
8) ең аз шығындардың талдауы;
9) ең көп пайданың талдауы;
10) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есебін (Net Present Value - NPV), кірістіліктің ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайдалар мен шығындардың, өтемділіктің дисконтталатын мерзімнің қатынасын талдау;
11) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
12) пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
13) жобаның үлестік қаржылық тиімділігінің, ағымдағы төлемге қабілеттілігінің, қаржылық тетігінің, борыштың қамтамасыз етілуінің, капиталдың кірістілігінің есебі;
14) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.
Бөлімде формулалар мен қабылданған жорамалдар көрсетіле отырып, көрсеткіштерді есептеу тәртібі ашылады. Деректер мен есептеулер тиісті түсініктемелері бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде беріледі.
Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланысқан болуы тиіс және экономикалық аяқталған қорытындылары бар салыстырмалы кестелерде көрсетілген болуы тиіс. Талдау математикалық үлгілерді және халықаралық практиканы ескере отырып, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
15. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жобаны ескермегендегі даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
2) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
3) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
4) концессиялық жобаны іске асырған жағдайдағы саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық перспективаларын талдау, оның ішінде:
5) негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
6) негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) салынған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын кезеңдегі үрдістері);
7) нәтижелердің, салдарлар мен әсер етулердің, көбейтілген пайда мен шығындардың, тұтынушылардың қосымша пайдасының, қалпына келмейтін шығындардың, сыртқы әсерлердің, халықаралық әсерлердің, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданың талдауын қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындардың талдауы;
8) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсерді есептеу;
9) таза қоғамдық пайданың, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value - ENPV), кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return - EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
10) жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
11) жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
16. «Жобаның мемлекеттік бюджетке әсері» деген бөлімде мыналар көрсетіледі:
1) концессионер қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдау түрлері мен көлемі, олардың есептеулері және негіздемесі;
2) жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктемені есептеу;
3) концессия объектісін пайдалану кезінде мемлекеттік бюджетке түсуі жоспарланған салықтық түсімдер;
4) таза бюджеттік пайданың, бюджеттік таза келтірілген кірістің (мемлекеттік бюджеттің NPV), кірістіліктің бюджеттік ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерін есептеу;
5) концессияның тиімді мерзімін айқындау;
6) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың, жобаны тек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырудың салыстырмалы талдауы.
17. «Тәуекелдерді бағалау және бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін тәуекелдер сипатталады.
Бұл бөлімде мыналар қамтылады:
1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;
2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;
3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;
4) техникалық тәуекелдерді бағалау;
5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;
6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаты мен диапазонын, оларды төмендету бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
7) тәуекелдерді жоба қатысушыларының арасында бөлуді талдау;
8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындау.
Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
18. «Жоба бойынша тұжырымдар» деген бөлімде мыналар сипатталады:
1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды төмендету бойынша шаралар.
19. Концессиялық жобаның ТЭН-і концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын кестелерден, диаграммалардан, суреттерден, жергілікті жердің карталарынан, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматындағы электрондық нұсқада ұсынылатын, жобаны іске асырудың қарастырылатын ТЭН-і нұсқаларының (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) әрқайсысы бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерден тұратын қосымшаны қамтиды.
20. Концессиялық жобаның ТЭН Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын, атап айтқанда:
1) құрылыс құрамдастары болған кезде жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасын;
2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасын;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасын;
4) «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес банктік сараптаманы;
5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын қоса бере отырып ұсынылады.
Жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобалар бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:
1) құрылыс қызметін көздейтіндерге ТЭН-ге салалық, мемлекеттік, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге берілген тапсырмаға қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілер салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың залалдарының, алынатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарының есептеулерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке тиісті құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері талап етіледі;
2) инновациялық қызметті көздейтіндерге салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары талап етіледі.
ТЭН-ді түзету кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына мына құжаттар ұсынылады:
1) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған тиісті салыстырмалы кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжамданған техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстарды немесе концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша енгізілетін қосымша құрамдауыштарды көрсете отырып, өтінім беруші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған өтінім-хат;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұдан бұрын қарастырылған сараптама қорытындылары мен концессиялық жоба ТЭН-і бойынша құжаттар (бастапқы бекітілген ТЭН бойынша).
3. Концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар
21. ТЭН сараптамасы екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, конкурстық құжаттаманың құрамында не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің құрамында ұсынылған концессиялық жобаның ТЭН-і және осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін концессиялық жоба ТЭН-нің тиісті оң сараптамалық қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
Концессиялық жобаның ТЭН-інің сараптамасын жүргізген кезде ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа сараптамалар талап етілуі мүмкін.
22. ТЭН сараптамасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының сараптамасы шеңберінде не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, концессиялық өтінімнің сараптамасы шеңберінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.
23. Құрылыс саласындағы концессиялық жобаның ТЭН-і бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.
24. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтерде айқындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 6-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |