Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптау
28. Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптау жүргізудің мақсаты олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және конкурстық құжаттаманың талаптарына, Заңның 3 және 7-2-баптарына айқындалған мемлекеттік-жекешілік әріптестік және концессияның негізгі қағидаттарын ескере отырып, Республикалық меншікке жатқызылатын объектілерге қатысты концессия жөніндегі комиссия немесе Коммуналдық меншікке жатқызылатын объектілерге қатысты концессия жөніндегі комиссия үздік деп таныған әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімінің параметрлеріне сәйкестігін айқындау болып табылады.
29. Концессия шарттары жобаларын сараптаудың қорытындысы мыналарды:
1) концессия шарты жобасының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бағалауды;
2) концессия шартының жобасында әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімін үздік деп айқындау үшін негіз болған жағдайлардың сақталуын бағалауды;
3) концессия шарты жобасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін талдауды;
4) концедент пен концессионердің тәуекелдерін талдауды;
5) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен ұсыну шарттарын, сондай-ақ концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуын бағалауды;
6) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын бағалауды қамтиды.
30. Концессия шарттарының жобаларын концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптаудың қорытындысы мыналарды:
1) концессия шарттарыны енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, конкурстық құжаттамада және конкурстық өтінімдерде айқындалған шарттарға сәйкестігін бағалауды;
2008 жылға дейін жасалған концессия шарттары бойынша концессия шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың конкурстық құжаттамада және конкурстық өтінімде айқындалған шарттарға сәйкестігін бағалау талап етілмейді;
2) алдыңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша концессионердің қаржылық жай-күйін бағалауды;
3) концессия шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін бағалауды;
4) концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концедент пен концессионердің тәуекелдерін бағалауды;
5) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары, көлемі мен ұсыну шарттары бойынша сәйкестігін, сондай-ақ концесссия шарттарында көрсетілген концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуын бағалауды;
6) концессия шарттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың концессиялық жобаны іске асыру барысына әсерін бағалауды;
7) тараптардың жауапкершіліктерін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын бағалауды қамтуы тиіс.
31. Концессия шарттары жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаудың нәтижелесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады.
6. Қорытынды ережелер
32. Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптау Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 7-қосымша
Ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын критерийлері
1. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемі.
2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу мерзімі.
3. Концессия объектісін құру (реконструкциялау) мерзімі (айлар, жылдар).
4. Жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер.
5. Жаңа технологияларды тарту, оның ішінде энергия үнемдеуге және энергия тиімділігіне бағытталған.
6. Концессиялық жобаға салынатын меншікті ақшалай қаражатының көлемі.
7. Іске асырылған жобалар тәжірибесі.
8. Білікті мамандардың болуы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 8-қосымша
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу
критерийлері
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері мыналар болып табылады:
1) концессия объектісінің техникалық күрделілігі*;
2) концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу;
3) концессиялық жобаны республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады және/немесе осы концессиялық жобаларды іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылады;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астам көрсеткішті құрайды.
Мазмұны:
* «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объект құрылысының техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі - жоғарыға жатқызылатын жағдайда
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 9-қосымша
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері
1. Осы концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді.
2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін ақыны төлеуді қолдану мақсатында концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу жүзеге асырылады.
3. Критерийлер - концессиялық жобаның оның қоғамға бағытталғандығын көрсететін белгілері (қоғамдық инфрақұрылым объектілерін салу, пайдалану арқылы қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру).
4. Мыналар:
1) мына салалардың:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау;
денсаулық сақтау;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту;
коммуналдық шаруашылық;
көлік салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру.
2) мына салалардың:
әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау объектілерінің;
денсаулық сақтау объектілерінің;
жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту объектілерінің;
коммуналдық шаруашылық объектілерінің;
көлік саласы объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийі болып табылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10122 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |