Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Қан қызметі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық



Pdf көрінісі
бет31/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

54-бап. Қан қызметі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы, қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы
қызмет, денсаулық сақтау және медициналық сараптама
саласындағы білім беру және ғылыми қызмет
Қан қызметі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоғамдық 
денсаулықты сақтау саласындағы қызмет, денсаулық сақтау және медициналық сараптама 
саласындағы білім беру және ғылыми қызмет осы Кодекспен реттеледі.
12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама
55-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама
1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың
денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып
табылады.
2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай 
түрлері жүзеге асырылады:
1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама:
2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптамасы;
3) әскери-дәрігерлік сараптама;
4) сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары;
5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға 
сараптамасы;
7) ғылыми-медициналық сараптама.
3. Денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жеке және заңды тұлғалар тиісті 
лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі негізінде жүзеге асырады.
56-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама
1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар 
ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін медициналық 
қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және денсаулық сақтау саласындағы 
стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып 
жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.
2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы болып 
бөлінеді.
3. Ішкі сараптама жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда ішкі бақылау (аудит) 
қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін 
медициналық қызметтер көлеміне қарай бекітеді.
Ішкі бақылау (аудит) қызмет медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, медициналық 
ұйымның клиникалық қызметіне, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын бұзу 
фактілерін анықтауға ағымдағы талдау жүргізеді, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттердің 
өтініштерін 5 күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді.
Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша медициналық ұйым 
басшысына көрсетілетін медициналық көмек сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен 
жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы медициналық қызметтер 
көрсету саласындағы мемлекеттік орган және (немесе) тәуелсіз медициналық ұйымдар және 
(немесе) сарапшылар жүргізеді.


5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптама ұйымдастыру 
мен жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет