Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет61/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

117-бап. Анатомиялық сый
1. Анатомиялық сый - іс-әрекетке қабілетті адам тиісінше ресімдеген өсиеті арқылы 
жүзеге асыратын, өз денесінің бөліктерін, органдарын және тіндерін тірі кезінде де
қайтыс болғаннан кейін де жазбаша өкім жасау арқылы өз еркімен құрбандыққа беруі.
2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.
3. Өсиет етілген органдар мен тіндерден басқа, табылған күннен бастап қырық бес 
күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый 
ретінде танылады.
4. Анатомиялық сый биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-
практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.
5. Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына жасау мен берудің тәртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5-бөлім. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау
21-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы қызмет
118-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі
Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мемлекеттік 
органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кіретін бірыңғай жүйе 
болып табылады.
1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік 
орган, оның тиісті аумақтардағы, көліктегі және көліктегі аумақтық бөлімшелері;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге 
асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері жатады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кіретін ұйымдар:
1) республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция;
2) Мемлекеттік шекарада, аумақтарда, көлікте, сондай-ақ мемлекеттің лауазымды 
тұлғаларының қатысуымен ресми іс-шаралар өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық 
сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық 
ғылыми-зерттеу ұйымдары;
4) обаға қарсы мемлекеттік мекемелер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет