Коллективный договор на 2012 2014 гг между Акционерным обществом «Военизированная железнодорожная охрана» иего трудовым коллективом



бет4/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#205419
түріКоллективный договор
1   2   3   4   5

ІV бөлім

Еңбекті қорғау



12. Жұмыс беруші:

1) еңбекті қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге:

а) жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға жыл сайын мақсатты түрде арнаулы киім, арнаулы аяқ киім, жеке қорғану құралдары (дәрі-дәрмек немесе алғашқы медициналық көмек қобдишалары, жуғыш заттар) шығындарын есептемегенде, еңбекақы төлеу қорынан кем дегенде бір пайыз мөлшерінде қаражат бөлуге;

ә) Кәсіподақ өкілінің қатысуымен ара-тұра кем дегенде бес жылда бір рет еңбек жағдайларының жай-күйін бойынша өндіріс нысандарының аттестациясын, сондай-ақ еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес қайта қалыптастыру, жаңалау, жаңа техника немесе технологиялар қондырудан кейінгі міндетті аттестацияны өткізуге;

б) еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыс орындарын жою жөнінде шаралар қолдануға;

2) жұмыс орындарында санитарлық нормаларға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, еңбекті қорғау жағдайларына бақылау жасауға, еңбек ұжымын оның жұмыс нәтижелері туралы дер кезінде хабарлауға. Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілмегенде, қызметкерлерді міндеттерін орындауға тартпауға.

Әйелдер мен жасы 18-ге толмаған тұлғалардың ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға қабылдануына жол бермеуге;

3) қызметкерлердің жуғыш, дезинфекциялаушы құралдармен, басқа да жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға.

Жеке қорғану құралдары уақытынан бұрын тозған, өнім сапасыз болған жағдайда оларды мерзімінен бұрын ауыстыруды жүргізуге.

Кәсіптерді қоса атқарғанда, негізгі жұмысты орындауға қатысы жоқ технологиялық, жөндеу-құрылыс және басқа да қосалқы-көмекші жұмыстарға тартылған кезде, сол жұмыстарды орындау үшін нормалармен көзделген қосымша жеке қорғану құралдарын беруге;

4) Қоғамның актілеріне сәйкес жұмыс уақытында кию міндетті болып табылатын белгіленген үлгідегі арнаулы (формалық) киімді (көзделген айырым белгілерімен және акссесуарларымен) қызметкерлерге ақысыз беруге немесе жөнелтпе қағазы, шот-фактурасы мен фискальдік чегі болған кезде қызметкердің шығыстарын өтеуге;

5) берілген арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді және басқа да жеке қорғану құралдарын пайдаланбайтын адамдарды жұмысқа жібермеуге;

6) Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды, сондай-ақ, егер зардап шегуші осы көмек түрлеріне мұқтаж деп танылса және оларды ақысыз алмаса, денсаулығының зақымдануынан туындаған - емдеуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмектерді сатып алуға, протездеуге, басқа адамның қарауына, санаторлық-курорттық емделуге, арнаулы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке дайындалуға және т.б. байланысты шығыстарын өтеуге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаның немесе кәсіби аурудың нәтижесінде зардап шеккен қызметкерлерге, егер зардап шеккен қызметкерлер оларға мұқтаж деп танылса, емделуге, протездеуге және медициналық және әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне байланысты шығындарын өтеуге;

8) Қоғам қызметкерінің өндірісте қайтыс болуына байланысты жұмыс беруші жерлеуге жәрдемақы төлеуден басқа, қайтыс болған қызметкердің отбасына жерлеуге байланысты шығындарын төлеуге және 3 (үш) орташа айлық жалақы мөлшерінде материалдық көмек төлеуге міндетті;

9) өндірістік жарақат алған 3-топ мүгедектерінің жұмысқа орналастырылуын, қажет болғанда қайта оқытылуын қамтамасыз етуге;

10) кәсіби ауруы анықталған кезде медициналық қорытындыға сәйкес қызметкерді жұмыс істеу қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектігі тағайындалғанға дейін орташа еңбекақысын сақтап, басқа жұмысқа ауыстыруға;

11) еңбек міндеттемелерін орындаған кезде қызметкердің мертігуіне, кәсіби ауруға шалдығуына немесе денсаулығының басқаша зақымдалуына байланысты келтірілген залалды өтеу есебіне төленетін сомалардың қайта есептелуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен жүргізуге;

12) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талабы бойынша жұмыс тоқтатылған жағдайда, орташа еңбекақысын сақтай отырып, қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыруға;

13) зардап шегуші немесе оның туысқаны өз өкілін белгілеген жағдайдан басқа кезде, кәсіподақ қызметкерін кәсіподақ мүшесі болып табылатын зардап шегуші қызметкердің уәкілетті өкілі деп санауға;

14) жаңадан ұйымдастырылған өндірістерде олардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, арнаулы киім мен арнаулы аяқ киім беру нормаларын тағайындауға;

15) кәсіподақ органымен келісу бойынша еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен үлгі нұсқаулықтардың қайта өңделуін қамтамасыз етуге;

16) қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандырылуын қамтамасыз етуге;

17) жұмыстарда, пойыздар қозғалысымен тікелей байланысты қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді және ерекше қауіпті жұмыстармен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді аусым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;

18) жылдың суық кезінде ашық ауада жұмыс істейтін қызметкерлерге әрбір сағат сайын жылынуға он минут беруге, бұл уақытты жұмыс уақытына кіргізуге, аталған қызметкерлерді жылыну мен демалу үшін жабдықталған бөлмемен қамтамасыз етуге;

19) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға негізгі жұмыс орны бойынша орташа табысын сақтау арқылы еңбекті қорғаудың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға айына 8 сағат беруге.

Ерекше көзге түскен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды құрылымдық бөлімше басшысының және кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұсынуы бойынша ақшалай сыйлықақымен көтермелеуге міндеттеме алады.

V бөлім

Құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер



13. Жұмыс беруші:

1) жасы және І, ІІ топ мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған кезде Қоғам ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жыл және одан да артық қызметкерлерге лауазымдық жалақысы (тарифтік ставкасы) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеуге.

2) материалдық көмек көрсетуге:

а) 20 АЕК-тен кем емес мөлшерде – қызметкер, қызметкердің жұбайы, баласы, сондай-ақ қызметкермен бірге тұратын ата-анасының қайтыс болуын растайтын құжаттар бойынша (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке қайтыс болғаны туралы куәлік қоса берілуі тиіс);

ә) Қоғам қызметкерлеріне отбасы құруына байланысты бір ең төмен жалақы мөлшерінде (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке неке туралы куәлік қоса берілуі тиіс);

б) бала тууына, асырап алуына байланысты – екі еселенген ең төмен жалақы мөлшерінде, ал қызметкерде екі не одан көп бала туылған кезде үш еселенген ең төмен жалақы мөлшерінде (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке баланың туу туралы куәлігі қоса берілуі тиіс);

Егер материалдық көмек алуға құқығы бар отбасы мүшелері Қоғам қызметкерлері болып табылса, көмекті олардың біреуіне көрсетуге;

в) Қоғам қызметкеріне оның науқасына немесе отбасы мүшелерінің (ері/әйелінің, баласының (асырап алушылар мен асырап алынғандардың), сондай-ақ қызметкермен бірге тұратын ата-анасының науқасына байланысты ұсынылған растайтын құжаттар бойынша медицина органының аурудың ауырлық дәрежесі туралы қорытындысы негізінде 20 еселенген АЕК мөлшерінде;

г) Кәсіподақпен келісім бойынша жұмыс берушінің актісіне сәйкес Қоғамның 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар қызметкерлеріне жылына бір рет 10 еселенген АЕК мөлшерінде бір жолдық жәрдемақы төлеуге;

3) Қоғамдағы жұмыс өтілі кем дегенде 20 жыл қызметкерлерге тістерін протездеуге (қымбат металдарды қоспағанда) 20 еселенген АЕК-тен аспайтын мөлшерде төлем жасауға;

4) 1 және 2 топ мүгедектігін алған қызметкерлерге мүгедектігіне байланысты еңбек шартын бұзу кезінде зейнеткер – теміржолшы ретінде жеңілдіктер беріліп Қоғам филиалдарында есепке қоюылуын қамтамасыз етуге;

5) үкімет және сала наградаларымен марапаттауға арналған ұсынуларды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша әзірленген Жұмыс берушінің актілерін кәсіподақ органдарымен келісуге;

6) қызметкерге адал еңбегі, мерейтой жасына толуына байланысты: әйелдер 50 жас, ерлер 60 жас, айлық тарифтік ставка (жалақысы) мөлшерінде бір жолдық сыйлықақы төлеуге;

7) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерге Қазақстан Республикасының темір жолдары бойынша пойыздардың купелік вагондарында тура бағыт бойынша (екі бағытқа да) бір реттік билетпен жылына бір рет жол жүру ақысын төлеуге;

8) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Қоғам қызметкерлері балаларының мектеп демалысы кезіндегі жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға ақша бөлуге;

9) Кәсіподақпен келісілген Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің балаларына арнап бір балаға кем дегенде 500 теңге есебінен балалардың жаңа жылдық шыршасын ұйымдастыруға және қызметкерлердің 10 жасты қоса алғанға дейінгі балаларына бір сыйлықтың құны кем дегенде 1000 теңге жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алуға бюджеттен қаражат көздеуге;

10) қызметкерлер-донорларға тексерілген және қан беру үшін қан тапсырған күндері жұмыс орнын (лауазымын) және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

11) қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ақысы сақталмайтын демалыс беруге:

а) ата-ананың таңдауы бойынша – баланың әкесіне не анасына;

ә) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-анаға;

б) әжесіне, атасына, баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған туысына немесе қамқоршысына;

в) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге.

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ақысы сақталмайтын демалыс толығымен пайдаланылуы немесе қызметкердің жазбаша өтініші негізінде бөліктерге бөлінуі мүмкін.

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ақысы сақталмайтын демалыс кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ақысы сақталмайтын демалыс жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі;

12) қызметкердің жазбаша өтініші негізінде:

- неке тіркелген;

- бала туылған;

- жақын туыстары қайтыс болған жағдайларда күнтізбелік бес күнге ақысы сақталмайтын демалыс беруге;

13) Қоғамның Чернобыль апатын жоюға қатысқан қызметкерлеріне 5 еселенген АЕК мөлшерінде бір жолдық материалдық көмек көрсетуге;

14) Ауғанстаннан әскер шығару күніне орай Қоғамның интернационал – жауынгерлері қатарындағы қызметкерлеріне 5 еселенген АЕК мөлшерінде;

15) 2012-2014 жылдарға арналған бюджетте Қоғам қызметкерлері өткізетін спорттық жарыстарды қаржыландыруды көздеуге;

16) табиғи апат (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі) жағдайларында қызметкерлерге 50 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

17) жылына бір рет 1-қыркүйекке дейін Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары негізінде Қоғам филиалдарының әр отбасы мүшесіне шаққанда айлық табысы күн көрістің ең төменгі деңгейіндегі, жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларына материалдық көмек көрсетуге;

18) жұмыс берушінің актілеріне сәйкес зейнеткерлер үшін әлеуметтік жеңілдіктер және кепілдіктер түрлерін қарастыруға;

19) қызметкерлердің имидж топтарына тартылғанда, Қоғам өткізетін спорттық, әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, жастар форумдарына, конференцияларға, тренингтарға сонымен қатар республикалық және халықаралық жарыстарға құрама командалардың қатысуы кезінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

20) кәсіподақпен келісілген, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерді моралдық және матермалдық ынталандыру түрлерін қолдануға;

21) сәйкес қаржыландыру жылына бекітілген бюджет шеңберінде әлеуметтік сипаттағы жалпышаруашылық баптары бойынша шығындарын қаржыландыруға;

22) Қоғамның өндірістік - қаржылық көрсеткіштері нашарлаған жағдайда әлеуметтік жеңілдіктерге арналған шығыстар сметасын азайту жағына қарай қайта қарауды Тараптардың келісімі бойынша (5-қосымша) жүргізуге міндеттенеді.



VІ бөлім

Кәсіподақтың міндеттері
14. Кәсіподақ:

1) Жұмыс берушіге:

еңбек және технологиялық тәртіптерді нығайтуға;

еңбектің саламатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге;

сенім мен өзара түсіністік негізінде әлеуметтік әріптестікті дамытуға жәрдемдесуге;

2) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін:

олардың өмір сүру деңгейін көтеру;

жұмыстан босату және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

жұмыс уақыты және демалыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша қорғауға;

3) саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізуге, балалардың демалысы мен сауықтыруды ұйымдастыруға қатысуға;

4) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларының жасалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысуға;

5) зардап шеккен қызметкерлерге және өндірісте қаза болғандардың отбасыларына ақысыз консультациялар мен Жұмыс берушілердің қызметкердің мертігуіне немесе оның еңбек міндеттемелерін орындауына байланысты денсаулығына келтірілген зиянды дер кезінде және толық өтеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетуге;

6) берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік билік органдарында, Жұмыс берушіде, сотта және басқа органдарда Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, сотқа талап арызбен жүгіну, Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін құқықтық және нормативтік актілерге наразылық білдіру туралы прокуратурадан сұрауға;

7) Кәсіподақ мүшелеріне ұйымдастырушылық, консультативтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге;

8) еңбек туралы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру, еңбек дауларын қарағанда ақысыз құқықтық көмек көрсету және даулы мәселелерді келісім комиссиясының қарауына шығаруға;

9) мемлекеттік органдарға Қоғам қызметкерлері мен зейнеткерлерін экономикалық және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

10) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мәселелері бойынша актілерді, еңбекті, қызметкерлердің тұрмысы мен денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және келісуге қатысуға;

11) Осы Шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына баруға;

12) осы Шарттың жағдайлары орындалған кезде еңбек дауларының пайда болуына және жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге міндеттенеді.

VІІ бөлім

Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
15. Жұмыс беруші:

1) Кәсіподақтың құқықтарын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасауға;

2) кәсіподақ органдарына олардың қызметі үшін қажетті бөлмелер мен байланыс құралдарын, жиһаз бен оргтехниканы пайдалануға ақысыз беру;

3) Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне жіберілген және өндірістік жұмыстан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелік вагонда жол жүру құжаттарына төлем жасалуын қамтамасыз етуге және іссапарға байланысты шығыстарын өтеуге;

4) Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша өтініші бойынша қызметкерлерге жалақы берумен бір мезгілде олардың еңбекақысынан мүшелік жарналарды ұстауға және Кәсіподақтың есеп шотына аударуға;

5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге және еңбекті қорғау жағдайына, оны жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргізуге қатысушы Кәсіподақ өкіліне іссапар шығыстарын (тәуліктік ақы, жол жүру, тұру) өтеуге;

6) негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын қызметкерлерді орташа еңбекақысын сақтап:

Кәсіподақтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес олардың қоғамдық міндеттерін орындауы үшін (айына 8 сағатқа дейін);

Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын съездерге, конференцияларға, сондай-ақ олардың кеңестерінің жұмысына қатысу үшін еңбек міндеттерін орындаудан босатуға;

7) осы Шартпен көзделген Жұмыс берушінің міндеттерін орындауы туралы Кәсіподаққа қажетті ақпарат беруге;

8) сайланбалы кәсіподақ органдарына сайлануы себепті өндірістік жұмыстан босатылған қызметкерлерге олардың сайланбалы өкілеттіктері аяқталған соң бұрынғы жұмысын (лауазымын), ал ол болмаған жағдайда – сол немесе, қызметкердің келісімі бойынша, басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге;

9) негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ комитеттерінің төрағаларын, кәсіпорын толық таратылғаннан басқа жағдайларда, жоғары тұрған кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығармауға;

10) қосымша ақыларды, үстемелерді, коэффициенттерді, сыйақыларды, сыйлықақыларды есептеу тәртібі мен механизмдерін регламенттейтін Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақпен келісуге;

11) егер бұрынғы жұмысы Қоғам ұйымдарында болса, салалық кәсіподақ ұйымында жұмыс істеу уақытын сіңірген еңбегі үшін ай сайын үстеме алуға құқық беретін темір жол көлігіндегі жұмыс өтіліне есептеуге;

12) Қоғам филиалдарындағы сайланбалы кәсіподақ органдарынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлердің бекітілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

VІІІ бөлім

Қабылданған міндеттемелердің орындалмағаны үшін

тараптардың жауапкершілігі
16. Осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

ІХ бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет