Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Атмосфералық ауаны қорғаудың әдістері. Атмосферада



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

6 дәріс. Атмосфералық ауаны қорғаудың әдістері. Атмосферада
зиянды заттардың таралуын бақылау
27


Дәрістің мазмұны. Атмосфераның құрылысы, оның газдық құрамы
келтіріледі. Ауа бассейінінің ластануының негізгі көздері мен ауаның
ластануын азайтудың жолдарының сипаттамалары беріледі. Ауаны шаң мен
зиянды заттардан тазартудың жолдары қарастырылады. Құрғақ шаң
аулағыштар (Циклон қондырғысы) сипатталады.
Дәрістің мақсаты. Қоршаған ортаны тазартудың әдістерімен таныстыру
және өнеркәсіп объектілерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін анықтауға
арналған есептер шығаруға үйрету.
Атмосфераны ластайтын кең таралған заттар: көміртегі тотығы СО,
күкіртті ангидрид SO
2
, азот тотығы NO
x
, көмірсутектер C
m
H
n
, шаң, күйе.
Атмосфера ластағыштары СТ СЭВ 1366-78 сәйкес келетін МЕМСТ
17.2.1.01-76 бойынша жіктеледі.
Бұл МЕМСТ–ке сәйкес, барлық атмосфера ластағыштар агрегаттық күйі
бойынша үш тапқа бөлінеді: А – газ тектес, К – сұйық, Т – қатты.
Таптар өз кезегінде топтарға бөлінеді.
Осылай, бірінші тапқа келесі топтар кіреді: 01 - күкіртті ангидрид SO
2
;
02 - көміртегі тотығы СО; 03 – азот оксидтері; 04 – фторлы қоспалар, 05 –
күкіртті көміртек, 06 – күкіртті сутек; 07 – хлор; 08 – синильді қышқыл және
ционидтер; 09 – сынап; 10 – аммиак; 11 – күшәла және оның қосындылары; 12
– көмірсутектер; 13 – шекті көмірсутектер; 14 – шексіз көмірсутектер; 15 –
хош иісті көмірсутектер; 16 – фенол; 17 – оттегі бар органикалық қосындылар;
18 – азоты бар органикалық қосындылар; 19 – басқалар; 20 – қышқылдар; 21 –
сілтілер; 22 – сынап және оның қосындылары; 23 – күйе; 24 – металдар және
оның қосындылары; 25 – шаң; 26 – басқалар.
Массалық шығарылымдары (кг/сағ) бойынша бұл таптар 6 топқа бөлінеді:
1) 1 кг/сағ аз.
2) 1 кг/сағ - 10 кг/сағ.
3) 10 кг/сағ - 100 кг/сағ.
4) 100 кг/сағ - 1000 кг/сағ.
5) 1000 кг/сағ - 10000 кг/сағ.
6) 10000 кг/сағ жоғары.
Бұдан бөлек, екінші және үшінші таптар дисперстігі бойынша 5 қосалқы
топқа бөлінеді: 
1) 0,5 мкм аз.
2) 0,5 мкм – 3 мкм.
3) 3 мкм – 10 мкм.
4) 10 мкм – 50 мкм.
5) 50 мкм жоғары.
1. Өте жіңішке тұман бөлшектері........................................0,5 мкм аз.
2. Жіңішке дисперсті тұман...................................................0,5 - 3 мкм.
3. Қалың дисперсті тұман.....................................................3,0 – 10 мкм.
4. Шашырандылар..............................................................10 мкм жоғары.
Үшінші тап:
28


1). Аэрозоль бөлшектері ............................................................1 мкм аз.
2). Жіңішке дисперсті шаң..........................................................1 – 10 мкм.
3). Қалың дисперсті шаң..........................................................10 – 50 мкм
4). Ұнтақтар...........................................................................50 мкм жоғары.
Осылайша, егер: нысан А.02.0.3. Т.23.2.3. МЕМСТ 17.2.1.01-76. шығарды
деп жазылса, мұның мәні А - газтектес құралдар, 02 - көміртегі тотығы,
0 - дисперстік, 3 - 10 кг/сағ - 100 кг/сағ мөлшерінде, Т - қатты бөлшектер, 23 - күйе,
2 - өлшемі 0,5мкм - 3 мкм, 10 кг/сағ - 100 кг/сағ мөлшерінде.
Ластануларды да әрекет ету принциптері бойынша топтауға болады:
аллергендер, ауыр металдар, радиоактивті заттар, канцерогендер және мутагендер.
Қазіргі таңда қатты заттардың химиялық талдауы нейтронды активациялық
талдау (INAA), атомды-абсорбциялық спектрофотометрия (AAS) және
рентгендік флуоресценттік талдау (XRFA) құралдарымен жасалады.
Қазірде, өлшеу әдістерінің дамуы «иістің» жеке компонеттерінің
аналитикалық құрамын және массалық немесе көлемді концентрациясын
анағұрлым нақты сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда сандық
тұрғыда аналитикалық жолмен анықталатын көміртегі дисульфиді (визкозды
талшық өндірісінде) және гидросульфиді (целлюлоза өндіретін зауыттарда)
сияқты құралдар алғашында тек «иістер» деп белгіленетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет