Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Қауіпті және зиянды факторларды классификациялау



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

11 дәріс. Қауіпті және зиянды факторларды классификациялау.
Радиациялық және химиялық қауіп
Дәріс мазмұны. Құтқару, кешеуілдетілмей қалпына келтіру жұмыстары,
зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын топқа
бөлу, радиацияға қарсы қорғаныс маңызы келтіріледі. 
Дәріс мақсаты. Қауіпсіздік және басқа да нормативтік құжаттар
стандартының құрылымымен таныстыру.
Әуеден шабуыл болғанда – біріншіден, қалалық, аудандық Азаматтық
қорғаныс штабынан жоғарыда айтылған қауіптер туралы хабар түседі. Сол
кезде не істеу керек? Жарықты, газды пештегі отты сөндіру керек. Өз
басыңыздың құжатын яғни, документтерді жинап, тамақ, су алып үйден
шығамыз. Көршілерге тез ескертіп, мүмкіншілік болса қарт, ауру адамдарға
көмек көрсетеміз. Тезірек паналарға жету немесе таса (шұңқыр, құдық)
жерлерге паналау керек.
Радиоактивтік немесе химиялық шабуылда да осындай дабылдар беріледі.
Егер хабар жеткенде үйде болғанда есік терезелерді бекітіп, саңылауларды
бітеу керек. Далаға шығатын болсаңыз комбинизон, етік егер олар болмағанда
шапаннан жасалған иыққа жамылғыш киюі керек. Азаматтық қорғаныс
штабынан екінші рет хабар берілгенше паналаған жерден кетпей күту керек.
Қауіптің өткендігі жөнінде хабар алған сәтте, асығып-саспай, байсалдықпен
қимылдау қажет.
Орта және жоғары оқу орындарында төтенше жағдай кезінде адамдарды
құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады,
олар:
- барлау топтары -15-16 адамнан тұрады;
- қоғамдық тәртіп қорғау топтары;
- санитарлық дружина – 25 адам;
- санитарлық бекеттер – 2-3 адам;
- радиациялық не химиялық бақылау бекеттері;
- құтқарушы топтар – 30-35 адам;
- бірнеше өрт сөндірушілер топтары – әрқайсысында -4-5 адам.
Төтенше жағдайларда студент қыздарды ауруханаларға жіберуі мүмкін.
Студенттер ересек азамат ретінде төтенше жағдай және де басқа қатерлі
заттардың зардабын жоюға белсене қатысуы керек. Сондықтан бұндай
жағдайда нақтылы дайындықпен келу тиіс. Азаматтық қорғаныс сабақтарын
52


мұқият ұғып, жүргізілетін практикалық сабақтарына белсенділік көрсету,
азаматтық қорғаныстың өткізетін барлық шараларына қатынасу: өздері
төтенше жағдайларға психологиялық дайын болу, егер шын қиыншылыққа
кездескенде асып-саспай, қайраттылық көрсету.
Құтқару, кешеуілдетілмей қалпына келтіру жұмыстарының барысы.
Дұшпанның жаппай қырып-жою қару-жарақтардың халық шаруашылығы
объектілерінде қолданылуының тигізетін зардабы қарудың өлшемі мен
түрлеріне байланысты түрлі болады.
Ядролық, химиялық, бактериялогиялық, биологиялық және қырып жоюдың
өте күрделі түрлерін пайдаланған кездерде толық және қатты бүлінген,
түгелімен қираған, өртенген жерлерді қайта қалпына келтіру және құтқару
жұмыстары өте қиын жағдайларда жүргізіледі.
Құтқару және кешеуілдетілмей қалпына келтіру жұмыстарының негізгі
мақсаты:
- адамдарды құтқару; 
- жарақатанғандарға көмек көрсету; 
- қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдайлар жасау.
Құтқару жұмыстарының мазмұны болып: 
- жұмыс бөлімшелерінде көліктерді қозғалысқа келтіру және барлау
жұмыстарына кірісу; 
- жұмыс жүріп жатқан жерлердегі және жолдағы өртті сөндіру
- жарақатанғандар мен көміліп қалғандарды құтқару; 
- зақымдалғандар мен өртеніп жатқан мекемелердегі өртті сөндіру; 
- бүлінген, құлаған жерлердегі құтқару, ауа жеткізу, жарақаттанған
адамдарды қауіпті жерден қатерсіз, зардап көрмеген аудандарға тасымалдау.
- ол адамдарды, санитарлық өңдеуден өткізу және залалсыздандыру,
киімдерін, территорияларды, тазарту жұмыстарын жүргізу керек.
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің
нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған
қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы.
Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық
эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт)
өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде, жер (су) астында болуы
мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір
радиация, төңіректі радиоактивті ластау, электрлік магниттік импульс жатады.
Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс
жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда
болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы
толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата
талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын
бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқыр-
ларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
53


Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда
болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер
болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа
ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.
Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар
күйеді, көзді жандырып жібереді.
Өткір радиация-гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық
жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған
радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті
заттармен ластайды.
Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің
бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден,
олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер
теріге радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан
арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан арнайы панаха-
налар ғана сақтайды.
Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік
алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған
шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей
байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал элек-
трондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды,
ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық істен шығарады. Яғни бұл
фактордың әсерінен байланыс аппараттары, электрондық есеп машиналары
жарамсыз болып қалады.
Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету: алдымен
халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және
жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек;
радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай
ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет; радиацияның деңгейін
анықтаудың маңызы зор; дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек; су
мен тамақты радиоактивтік ластануға зерттеу жасау қажет.
Химиялық қару -дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери
қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар
және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улану заттары адамдарды, мал-
жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерде, су қоймаларын, сол ошақ
төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улау заттарының жіктелуі мына белгілермен анықталады:
Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6
топқа бөледі: 
нервтік-салдық әсері (зарин, зоман,V типті заттар); 
тері жарасы әсері (иприт, люизит); 
жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан);
- тұншықтыру әсері (фосген, фифосген);
психикаға әсері (BZ);
54


тітіркендіру әсері (CS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен).
Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі:
- сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген);
- ұзақ сақталатындар (иприт, зоман,V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа
(тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша:
- өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл
және басқалары);
- адамдарды уақытша есінен айырады.
Әсер ету уақыты бойынша:
- тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V);
- жай әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы
мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.
Қолданылуы ықтимал улау заттары (V), фосфорорганикалық заттар т.б
жатады.
Бактериологиялық (биологиялық) қару - деп терлікті (патогенные)
микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін
құралдарының жиынтығын айтады. Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың
жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол
қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған
зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал
жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет