Қатты қалдықтар көбінесе халық шаруашылығының энергетика; қара
және түсті металлургия; көмір өндіру және химия өнеркәсібі; ағаш өңдеу және
т.б. салаларында пайда болады.
Қатты қалдықтар физика-химиялық қасиеттері жағынан: өте белсенді,
улыларынан (күшаланың, фтордың, фосфордың, сынаптың қоспалары) бастап
салғырт заттарға (бор, гипс, глинозем) дейін әртүрлі болады.
Қатты пайдалы қазбаларды (көмір, жанғыш сланецтар, тұздар, кендер,
гипс) өндіру ғасырлар бойы қалыптасқан гидродинамикалық және геохимиялық
жағдайлардың бұзылуына, химиялық улы тау жыныстарының орасан зор
массаларының жинақталуына (террикондар, отвалдар) соқтырады, бетқабаттық
қышқылды су ағыстары пайда болады.
Қазіргі заманың өнеркәсібі орташа дамыған ірі қалаларда бір тұрғынға
бір тәулікте 0,7-0,8 кг қоқыс, 0,3-0,6 кг қатты өнеркәсіп қалдықтары, 0,1-0,2 кг
тұрақты ластау көздерінен атмосфераға шығарылатын газ тәріздес және ауада
қалқып жүретін
бөлшектер, 0,3-0,5 кг ластаудың жылжымалы көздері
автомобильдерден, тепловоздардан шығатын газдар келеді. Соның өзінде бір
тұрғынды орташа есеппен тәулікте 0,5-0,7 м
3
сумен, 2 кг тамақпен, барлық
түрлерін есептегенде 10 кг отынмен (оның ішінде мазут, бензин, көмір)
қамтамасыз етіп және 0,4-0,55 м
3
. ақаба сулардан тазарту керек.
Қатты қоқыстардың қоршаған ортаға кері әсері әжептәуір. Елді мекенде
қатты қоқыстар негізінен рұқсат етілген орындарда жинақталады. Айып
салынатынына қарамастан әр жерлерде пайда болып жататын, рұқсат етілмеген
жерлерге төгілген қоқыстар көбірек қауіпті болады.
Қазақстан Республикасында қатты қалдықтар халықтың денсаулығына
нақты қауіп төндіретіндей күйде және біздің еліміздегі экологиялық
дағдарыстың бір көрінісі. Қуат пен материалдарға деген тапшылықтың
жылдар бойы тек олардың өндірісін ұлғайту
арқылы ғана өтеліп келуі бір
жағынан, екінші жағынан қоғамда табиғатқа деген тек қана тұтынушылық
көзқарастың қалыптасуынан және қоқыстардың тарихи жинақталған зор
көлемінен туындайтын шаруашылық жүргізудің елімізде көптеген жылдар
бойы қалыптасқан тиімсіз құрылымы дағдарыстың негізгі себебі болып отыр.
Қалдықтар – антропогендік ластаудың ең маңызды факторы. ҚР-да
қолданыста бірнеше жүз мың км газ құбырлары, ондаған мың км мұнай
құбырлары,
өнім құбырлары бар, оларда жыл сайын ондаған мың апаттар
болып жатады. Құбырлық тасымалдаушылардың қызмет уақыты негізінен 25
жыл, яғни одан кейін бұл құбырлар жөндеуден өткізілуі не ауыстырылуы
керек. Елімізде жыл сайын милиондаған тонна мұнай мен газдың төгілуіне
соқтыратын мұнай және газ құбырларының көптеген жарылулары болады.
Улы өнеркәсіптік қоқыстарды залалсыздандыру мен оларды көміп құрту
үлкен экологиялық қажеттілікке айналып отыр. Бірақ, бұл үлкен қаржы және
эксплуатациялық шығындарды керек ететін өте күрделі іс. Мысалы, дамыған
елдерде улы қоқыстардың көлемі бір адамға шаққанда жылына 70 кг, ал
олардың 1 тоннасын залалсыздандырдың құны – 500 АҚШ долларына тең.
43
Қалдықтарды залалсыздандыру мен көміп құрту, ірі қалалардың маңайында
орналасқан территориялардың жоспарын құруда қарастырылатын, арнайы
полигондарда жүргізіледі.
Полигон – қалдықтарды орталықтандырып жинап, залалсыздандыратын,
атмосфераның, топырақтың, бетқабаттық және жерасты суларының қорғалуын
қамтамасыз ететін, ауру таратқыш микрооргнизмдердің таралуына бөгет
болатын, табиғатты қорғауға арналған құрылыс.
Кейінгі жылдарда әртүрлі елдерде, ҚТҚ-ды,
пайдалануға бағытталған
көптеген жаңа ұсыныстар мен ізденістер, олардың ішінде қатты, еритін, сұйық
және газ тәріздес кезкелген түрлерін плазмохимиялық қондырғыларда жойып
пайдаға асыруға арналған
термо технологиялар пайда болды. Термалық
тотықсыздық емес пиролиз бағытындағы әдісінің де болашағы аз емес.
Пиролиз арнайы реакторларда жоғары температураның әсерімен
қалдықтардың органикалық заттарының ыдырауынан пайдалы өнімдер алынатын
термохимиялық процесс. Оның артықшылығы болып, технологиялық газ немесе
минеральдық өнім - сорбент алынатындығында. Алынған газды технологиялық
немесе тұрмыстық мақсаттарға пайдалануға болады,
сонымен қатар қатты
қалдықтың күрт азаюы, экологиялық тазалық және үрдістің қауіпсіздігі
байқалады. Бұл әдістің келесі түрлері бар: алынған пиролиздік газдарды жағып
пайдаланатын тотығу пиролизі және құрғақ пиролиз.
Қалдықтарды зиянсыздандыру мен оларды қайта өңдеудің болашағы зор
үрдістерінің бірі -
биотехнология. Жер биотасының тірі компоненттері миллиард-
таған жылдар бойы тірі емес геосфераны, атмосфераны қайта өңдеп, оның
бәрін биосфераға айналдырды. Табиғаттың жаратқан микроорганизмін ғалымдар
генетикалық биология әдісімен жаңа функциялар орындауға бейімдейді.
Өркениеттің одан ары дамуы соған байланысты болатын,
табиғатты
қорғаудың ірі деңгейдегі екі проблемасын бөліп қарастыруға болады:
- қоғамның тіршілік етуі үшін қажетті табиғи ресурстардың азайып
бітуінен қорғау. Бұл проблеманы табиғатты тиімді және үнемді пайдалану
арқылы немесе табиғаттың өзінің өндіргіш күштерін өркендету, қажетті табиғи
ресурстарды қайта толтыру және көбейту, яғни табиғатты қайта өзгерту
арқылы (белсенді қорғау) шешуге болады;
- қоршаған ортаның өзін өндіріс қалдықтарымен ластаудан қорғау, яғни
оның
сапасын адамдардың материалдық, денсаулықтық, эстетикалық және
демалыс қажеттіліктерін өтейтіндей, қалыптасқан бастапқы қалпында сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: