Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

Тұрғындарды қорғау. Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс
апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік
бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және
адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан Мемлекетінің орналасқан жері – кең байтақ. Ол жерлерде
табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны
сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала – бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігі күрт
бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ
адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір
зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші,
сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол
төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін:
- жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны,
буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен,
20%-тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісі, ал қалған 25% - зілзаланың
басқа түрлері.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер
сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:
- сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық
жүйесін дамыту;
- сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту;
- сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;
- халықтың сейсмикалық білімін жақсарту;
- басқару;
- хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын
ұйымдастыру;
- дамыту және қолдау;
- жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты
дайындықта ұстау.
Табиғи төтенше жағдайлар.
Сел - тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт
өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел ұзақ
нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды
өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі
нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел
әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан көп
жылдамдықпен қозғалады. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында,
59


сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер
Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне
зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы
хабарлауды (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс
жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға
тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда,
сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан
тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек.
Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып,
жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті
аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша
қауіпсіз орынға көшіріледі, құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен
құралдары тартылады.
Қар көшкіні. Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша
төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне
ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы
геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс
Тянь-Шянь, Алтай, Іле, Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып
жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін,
қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-
шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір
айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше
метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді.
Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен
шаруашылық обьектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге
көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол
негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын
ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал тауда-қазан-мамыр.
Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді,
сақтандыру шараларын білуге міндетті.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы
хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал
лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі
қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан
тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкіннің одан да жазық
беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің
лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50º-тан тігірек беткейлер қауіпті емес,
өйткеі қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен
сырғып түсіп отырады.
60


Опырмалар. Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ
массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және
жартастарындағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс
беткейлердегі жақпарлардың құлауы.
Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай
учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су
тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге
Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені
жатады.
Қар басу. Табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен,
қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке
дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады,
ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық
құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы
хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың
шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы
қойылады. Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс
түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; зардап шеккендерге алғашқы
дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау,
жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық
желідегі аварияларды жою. Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен
бірге жүргізіледі.
Дауыл. Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с
жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының
ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары
жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке
ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, мал қырылып, материалдық
залал келтіреді.
Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның,
топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.
Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек
айларында жиі байқалады. Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді
шарасы, ол–таянған дауыл қаупін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және
дауыл болып тұратын аудандағыларды осыны ескере отырып орналастыру. Ең
қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық
аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып
көмектесу керек.
Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке
айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды.
Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау
шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу
себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол
жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға
болады. Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейіндері
61


бар. Әсіресе қауіпті жерлерге Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, Қаратау, Кетмен,
Тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын
болып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет