22- ситуациялық жағдай
Жандос ноутбук шығаратын компанияда үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ бұл жерде де мәселе туындады. Жан-жағындағы бәсекелес компаниялар сауда бойынша одан асып түсті. Бұл мәселенің шешімі қандай?
23- ситуациялық жағдай
Кәсіпорын бәсекелестеріне қарағанда, анағұрлым сапалы өнім өндіреді. Бірақ өз өнімдерінің де, бәсекелестер өнімінің бағасы бірдей. Кәсіпорын не істеу керек?
24- ситуациялық жағдай
30 шаршы метрді құрайтын оқу-құрал жабдықтарын сататын дүкен. Дүкеннің табысы ай сайын бірқалыпты.Табысты көбейту үшін қандай әрекет істер едіңіз?
25-ситуациялық жағдай
Сіз ірі өнеркәсіптің басшысысыз. Сіздің жұмыстан шығып кеткен қызметкеріңіз кәсіпкерлік құпияны жариялап қойды. Сіздің әрекетіңіз:
26-ситуациялық жағдай
Өрт қауіптері клуб бизнесінде жиі кездеседі. Жағдаятты болдырмау үшін не істейсіз?
27-ситуациялық жағдай
Егер сіздің ғимаратыңыз табиғат катастрофаларының кесірінен бүлінген болса, онда не істеуге болады?
28-ситуациялық жағдай
«KZ Sportswear» өндірістік мекемесінің басшысы Аян мінезі қатты, ашушаң адам. Өзінің жұмысына көңіл күйіне байланысты, кей уақытта нем құрайлықпен қарайды. Қарамағындағы қызметкерлерінен өзінің дəрежін жоғары санап, көп айқайға басып, менсінбеушілік пен шыдамсыздық танытады. Сол себептен де жұмысшылардың жұмыс істеуге деген ынта, қызығушылығы төмен. Ай сайын кəсіпорын табысынан шығына кобейіп жатыр. Бұл ситуациялық жағдайды қалай шешуге болады?
29-ситуациялық жағдай
Жас қыз Ақбота жақында қыз-келіншектерге арнап киім тігітін өндіріс орнын ашты. Ақбота мамандығы бойынша дизайнерлікті бітірді, бизнестен аса хабары жоқ. Алайда кəсіпорын киімдері үлкен сұранысқа ие, компанияға жақсы табыс түседі. Бірақ оған қарамастан кəсіпорын капиталы қаржысы тұрақты емес, түскен пайда тез бітіп қалады. Бұның себебі неде жəне қалай шешуге болады?
30-ситуациялық жағдай
Алмас үлкен спорт тауарлары фирмасының директоры. Оның қарамағында жасы да, жынысы да, талғамдары да, мінездері де әртүрлі қызметшілер жұмыс атқарады. Алмас өз қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын қалай аша алады?
|