8- ситуациялық жағдай
Арсен көп жылдар бойы туристтік компанияда еңбек етіп келеді. Ол шет елде білім алған, бір емес бірнеше дипломы бар, ағылшын, қытай тілінде еркін сөйлей алады. Əр ісін тыңғылықты істейсін еңбекқор жан. Осы уақытқа дейін жинаған өзінің қаражаты да жетерлік. Жақында оған бір досы бірігіп жаңа туристтік орталық кұруды, жаңа бизнес идеясын ұсынды. Ал Арсен қаражатын бұл бизнеске салуға жүрексініп, досының ұсынысынан бас тартуды ойлап жүр. Осы жерде Арсенге болашақ бизнесмен болуға қандай қасиеттер жетіспейді, оның басты кемшілігі қандай деп ойлайсыз?
9- ситуациялық жағдай
Соңғы жылдары «старт-ап» сөзін әрбір адамнан еститін болдық. Алайда стартап деп жаңадан ашылған барлық кəсіп түрлерін атауға бола ма? Мысалға, жаңадан ашылған дүкен, қандай да бір қызмет түрі стартап болуы үшін, қандай қасиеттерге ие болуы керек?
10-ситуациялық жағдай
Сіз ірі өнеркәсіптің басшысысыз. Сіздің жұмыстан шығып кеткен қызметкеріңіз кәсіпкерлік құпияны жариялап қойды. Сіздің әрекетіңіз:
11-ситуациялық жағдай
Егер жоспарлау барысында керекті қаражатты есептеп дайындап дұрыс деп ойлағаннан кейін, бизнесті жүзеге асыра бастағанда қаражат жетіспей қалса қандай шешім қабылдауға болады? Бұл кәсіп орта жолда тоқтап қалмас үшін не істеуге болады?
12-ситуациялық жағдай
Жергілікті билік кәсіпкерлік құпияны білгісі келсе не істеу керек?
13-ситуациялық жағдай
Арман жеке кәсіп иесі, бүгін де оның бизнесі дамып, шет ел мемлекеттерінде бірнеше филиалын ашып үлгерген. Дастан да жеке кәсіппен айналысады, алайда ол бизнесін тек ҚР-ның аймағында жүргізеді. Сұрақ: кәсіпкерлердің екеуі де дара кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті ме?
14-ситуациялық жағдай
Еламан интернет кафе ашуды армандайтын. Ол интернет кафесін басқа интернет кафелерден ерекше болғанын қалады. Соған байланысты ол аптаның жұма күнін кафесін тек қана мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ашатынын айтты, әрі кіру тегін болады. Сіздің пікіріңізше бұл жағдайды стартап деп қабылдауға бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |