15-ситуациялық жағдай
Арман жақында ғана Жоғары Оқу Орнының IT мамандығы бойынша тəмамдады. Жас баланың ойында көптеген жаңа идеялар бар. Мысалға ол жаңа əлеуметтік жүйенің түрін ойластырды. Алайда ол басқа əлеуметтік желілердің (Instagram, Вконтакте, Twitter жəне т.б.) көптігіп ойлап, қолданушы жинай алмаймын деп қорқады. Яғни, тəуекелге барғысы келмейді. Арманның бұл мəселесін қалай шешуге болады? Қандай кеңес берер едіңіз?
16- ситуациялық жағдай
Дамир кәсіпкерлікпен айналыспақ болды. Бірақ оның досы Қанат тәуекелдердің көп болатыны және олар кәсіпкерлік ісінің қарқынды дамуына кедергі болатындығын айтты. Тәуекелдерді төмендету үшін Дамир не істеу керек?
17- ситуациялық жағдай
Кәсіпорында жұмыскерлердің белсенділігі, жұмыс істеу деңгейі төмендеді. Кәсіпорынның басшысы жұмыскерлердің жұмысқа деген құлшынысын арттыру үшін не істеу қажет?
18- ситуациялық жағдай
Кәсіпорынның өндіретін тауарлары әрқашан сүранысқа сай келе бермейді. Әртүрлі сыртқы факторларға байланысты сұраныс мөлшері ұсынысқа қарағанда аз болуы мүмкін. Осы жағдайда компания шығынға ұшырайды.
19- ситуациялық жағдай
Жалғас мейрамханаларда стандартты мәзірлердің орнына планшеттерді пайдалану идеясын ұсынды. Ол жерде тек қана мәзір емес басқада түрлі жеңілдіктер, суреттерді қарай алады. Бұл жобаны іске асыру үшін 10 млн теңге көлемінде қаражат қажет. Бұл жобаға мейрамхана иелері келіседі ме?
20- ситуациялық жағдай
Сіздің ұсынатын өнімді ұсынушы фирмалар саны нарықта көбейіп кетті, яғни нарыққа кіргеніне көп болмаған кәсіпорындар өздерінің өнімдерін ұтымды түрде өткіздуде. Бәсекелестік артты, бірақ сіз нарықта ұзақ уаықт бойы жұмыс атқарған ірі кәсіпорынның басшысысыз. Кәсіпорыныныңыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қандай жағдайлар жасау керек?
21-ситуациялық жағдай
Жасұлан 20 жаста. Ол кішкентай ғана ауылда өмір сүреді. Жасұлан ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мал семіртетін ерекше қоспа ойлап тапты, ол тек табиғи таза өнімдерден дайындалған. Бұл өнім ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге өте тиімді зат, сондықтан Жасұлан оны әрі қарай жалғастырғысы келеді, бірақ ата анасы қарсы, Жасұланға берер кеңесіңіз:
Достарыңызбен бөлісу: |