Коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет3/7
Дата01.03.2024
өлшемі36.78 Kb.
#493565
1   2   3   4   5   6   7
Емтихан сұрақтары

3-бөлімге сұрақтар:
Ситуациялық жағдайлар:

1-ситуациялық жағдай
Кәсіпкер мейрамхана бизнесімен айналысады. Жақында ол өз мейрамханасын жарнамаға берді және оның қосымша табысы 20% көбейді. Бірақта оның 15% жарнамаға кетті. Оған тек 5% ғана қосымша табыс келді. Кәсіпкерге не істеуге болады?

2- ситуациялық жағдай
Кірпіш шығаратын зауыттың айлық жалпы табысы – 750 000 мың теңге. Ал егер салықтық төлемдерді қоспағанда – 600 000 мың теңге. Кәсіпкер мемлекеттік тіркеуге тұрмаған, яғни салық төлемейді. Кәсіпкер не істеу керек?

3- ситуациялық жағдай
Кәсіпорын бәсекелестеріне қарағанда, анағұрлым сапалы өнім өндіреді. Бірақ өз өнімдерінің де, бәсекелестер өнімінің бағасы бірдей. Кәсіпорын не істеу керек?

4- ситуациялық жағдай
Ахмет кәсіпкерлікпен айналыспақ болды. Бірақ оның досы Айдос тәуекелдердің көп болатыны және олар кәсіпкерлік ісінің қарқынды дамуына кедергі болатындығын айтты. Тәуекелдерді төмендету үшін Аxмет не істеу керек?
5- ситуациялық жағдай
Кәсіпорында жұмыскерлердің белсенділігі, жұмыс істеу деңгейі төмендеді. Кәсіпорынның басшысы жұмыскерлердің жұмысқа деген құлшынысын арттыру үшін не істеу қажет?
6- ситуациялық жағдай
Кәсіпорынның өндіретін тауарлары әрқашан сұранысқа сай келе бермейді. Әртүрлі сыртқы факторларға байланысты сұраныс мөлшері ұсынысқа қарағанда аз болуы мүмкін. Осы жағдайда компания шығынға ұшырайды.
7- ситуациялық жағдай
Start-up түрлері жəне ерекшеліктеріне байланысты. Арман жақында ғана Жоғары Оқу Орнының IT мамандығы бойынша тəмамдады. Жас баланың ойында көптеген жаңа идеялар бар. Мысалға ол жаңа əлеуметтік жүйенің түрін ойластырды. Алайда ол басқа əлеуметтік желілердің (Instagram, Вконтакте, Twitter жəне т.б.) көптігіп ойлап, қолданушы жинай алмаймын деп қорқады. Яғни, тəуекелге барғысы келмейді. Арманның бұл мəселесін қалай шешуге болады? Қандай кеңес берер едіңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет