Компьютер архитектурасы



бет9/9
Дата02.02.2024
өлшемі1.3 Mb.
#490548
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Компьютер архитектурасы 1-8 лек

Демультиплексор. Демультиплексор – мультиплексор функциясына кері функцияларды орындайтын схема, яғни, бір ақпараттық кіруі ( ), n ақпараттық шығуы ( ) және k басқарушы кіруі ( ) бар комбинациялық схема.
Демультиплексор келесі функцияны іске асырады:

Демультиплексор жұмысы логикалық теңдеулермен сипатталады:

Осы теңдеулер көмегімен құрылған демультиплексор (n=4, k=2) схемасы 4-суретте көрсетілген.

Демультиплексорды тізбектелген кодты параллельге түрлендіру үшін қолданған тиімді.


Мультиплексор және демультиплексорды бірге қолдану параллель кодты тізбектіге жіне тізбектіні параллельге түрлендіріп ақпараттың тізбектей берілуін қамтамасыз етеді. Осындай қолданыста басқарушы сигналдар ретінде екілік санауыш шығулары қолданылады.
ДК–де есептерді шешуге арналған құжаттар мен бағдарламалардың жиынтығы бағдарламалық қамсыздандыру деп аталады. (БҚ – Software). Бағдарламалық қамсыздандыру жүйелік және қолданбалы болып бөлінеді. Компьютерді басқаруға, қолданушының басқа да бағдарламаларын құруға қажетті және қолданушыға әр түрлі қызметтер жиынын беретін бағдарламалық қамсыздандыру жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру деп аталады (System Saftware). Оны төмендегідей классификациялауға болады: операциялық жүйелер, сервистік жүйелер, бағдарламалық құралдар және техникалық қамтамасыз ету жүйелері.
Операциялық жүйе (ОЖ) – ДК-дің барлық құрылғыларының жұмысын және қолданбалы бағдарламалардың орындалу үрдісін басқаратын бағдарламалардың жиынтығы. ОЖ келесі операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді: ДК құрылғыларының жұмыс істеуін қадағалау; бастапқы жүктелі процедурасын орындау; ДК-дің барлық құрылғыларының жұмысын басқару; қолданушы мен ДК арасындағы арасындағы қарым – қатынасты орнату; қолданбалы бағдарламаларды жүктеу және орындау; оперативтік жады, процессорлық уақыт және қолданбалы бағдарламалар арасындағы перифериялық құрылғылар сияқты ДК ресурстарын бөлу.
Бағдарламалық құралдар – бағдарламалық қамсыздандыруды дайындауға арналған бағдарламалар. Оған бағдарламалау жүйелері кіреді. Бағдарламалау жүйелеріне перифериялық құрылғылар және процессордың командалар жүйесі, әр түрлі бағдарламалау жүйелерінің трансляторлары (компиляторлар және интерпретаторлар) кіреді. Қазіргі кезде процедураға – бағытталған бағдарламалау жүйелері жиі қолданылады, оларға MS Visual Basic, Borland Delphi және жасанды интеллект құралдары жатады.
Техникалық қызмет жүйелері – компьютер жұмысы кезіндегі ақауларды анықтауға арналған ДК-дің бағдарлама-аппараттық құралдарының жиыны. Олар машинаның бөлек түйіндерін, блоктарын және бүкіл машинаның жұмыс істеу қабілетін тексеруге арналған. Оларды ДК-ге диагностика жүргізу, тестілік бақылау, аппараттық бақылау және бағдарлама-аппараттық бақылау құралдары деп бөлуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет