Компьютер архитектурасы


ИІЛГІШ ДИСКІЛЕРДІҢ ЖИНАҚТАҒЫШЫ НЕМЕСЕ ДИСКЖЕТЕК



бет7/9
Дата02.02.2024
өлшемі1.3 Mb.
#490548
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Компьютер архитектурасы 1-8 лек

ИІЛГІШ ДИСКІЛЕРДІҢ ЖИНАҚТАҒЫШЫ НЕМЕСЕ ДИСКЖЕТЕК.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф) және қоректену кабелі (жіңішкерек болады). Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық тақшаға, қоректену кабелі – қоректену қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер кабелі компьютер порттарының біріне, қоректену кабелі–қорек көзіне қосылады. Дискіні дискжетек тілігіне орнатқан кезде дискінің ішкі корпусында айналатын двигатель іске қосылады. Жазуды оқу головкасы дискінің бетіне бастырылып және оның радиусының бағыты бойынша қозғалады.


ДИСКЕТА(3,5) (ИІЛГІШ МАГНИТТІК ДИСК).
Алмалы дискілерге арналған диск жетегі 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді.
Конструкторлы түрде дискета, магнитты қаптамасы бар иілгіш диск түрінде қорапқа тұйықталған болады. Дискетада шпиндель жетектің тесігі болады. Қорапта головкаға жазу-ды оқу үшін, металл пердемен жабылған ену тесігі жәнеде жазуды қорғау үшін арналған тілік немесе тесік бар.

7, №8- лекция


Тақырыбы: Микропроцессорлар.


Жоспары:
1. Микропроцессор түсінігі. Микропроцессор жасау технологиясының түрлері. Микропроцессор (поколения) буындары және олардын негізгі мүмкіндіктері.
2. Микропроцессордың жалпыланған кұрылымы. Микропроцессордың негізгі өндірістік салалары. Болашактағы микро-процессор. Микропроцессорлік жинақтар.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер іздеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оны ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордыңүстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.
Орталық процессор өңдеу операцияларын орын-дауға және компьютердіңбарлық сыртқы құрылғыларын басқаруға арналған. Процессордыңжұмыс істеуі Start сигналы келіп түскеннен кейін басталады.

Процессордың жұмыс істеу принципі , проргаммадағы командаларды тізбектеп орындауға негізделген. Әр операция тактылык генератор арқылы бір немесе бірнеше уақыт тактысын үлестіріп алады. Келесі операциялар тізбегі орындалады:



  • Дешифраторға команданыңкеліп түсуі және оның декодталуы;

  • Командаға байланысты жадтан немесе регистрлерден операндтардың таңдалуы;

  • Нәтиженің жадтың регистріне немесе ұяшығына орналасуы;

Микропроцессор Pentium Pro, Intel конструкция тектестерінің ішінде еңсо ғысы. Pentium Pro –ныңайрықша ерекшелігі, оныңкөлемі 256 килобайттық кірістірілген КЭШ жад болып келеді. Орталық процессор және L2 КЭШ жад арасындағы берілгендермен алмасу, 64 разрядтық байланыс каналы арқылы іске асырылған. Сонымен қатар, сыртқы жүйе және жадтың байланыс каналы,
осы 64 разрядтық шина болып табылады. Процессор өтулерді есептегіш модул-дер арқылы қандай орамдар ықтималырақ болатындығын және сәйкесінше қандай топтарды нұсқауға сәйкес келесі циклде өңдеу қажеттігін анықтайды. Бұл уақытта Pentium Pro жиырмадан бастап отызға жуық нұсқауларды өтпелі уақытқа салыстырмалы программалық есептегіште қарайды. Супер скалярлы модулде командалардыңедәуір озып кетуі және орындалуы іске асады. Командалар сәйкесінше процессор үнемі бос болмайтындай етіп, белгілі бір тәртіппен орындалады. Егер Pentium екі нұсқауды бір циклде өңдейтін болса, онда Pentium Pro үш параллелді конвейерда, үш нұсқауды бір циклде өңдейді. Алдыңғы моделдердегі сияқты, Pentium Pro-ның кірістірілген математикалық сопроцессоры бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет