Тақырыбы: Перифериялық кұралдары.
Жоспары:
1. Перифериялық құралдардың техникалық мүмкіндіктері, құрылымы, қолданылуы. Перифериялық құралдар. Ақпаратгы енгізу құралдары. Перне тақта және графикапық манипулятор.
2. Ақпаратты бейнелеу құралдары . Видеоманитор. ҚМДЖ. Принтер. СD-RОМ. Олардың қызметтері.
Лазерлік принтер
Лазерлік принтерде кескінді баспаға шығару үшін, арнайы ұнтақ «тонер» қолданылады. Лазермен сәуле түсіру кезінде арнайы ұнтақпен толтырылған барабан сәуле түскен жерлерде сейіледі. Сейілген жерлерде тонердің оң зарядталған бөлшектері қалып қояды. Барабан мен қағаз жанасқанда, тонердің бөлшектері қағазда қалады. Кейіннен қыздырылған пресстің көмегімен тонер қағазға бекітіліп қойылады.
АҒЫНДЫҚ НЕМЕСЕ СИЯ БҮРІККІШ ПРИНТЕР.
Сия бүріккіш принтердің инесі (головкасы) бояғыш затпен, яғни түрлі-түсті сиялармен толтырылған жіңішке түтікшелерден тұрады. Түтікшелердің негізіне арнайы элементтер (пэзоэлементтер) орналасады. Иненің қағаз бетімен қозғалу кезінде арнайы элементтерге кернеу беріліп, деформацияланады да қозғалып жатқан қағазға ине бойымен бояу жағылады.
МАТРИЦАЛЫҚ ПРИНТЕР. Матрицалық принтер бірнеше металл инелерден тұрады. Олар әдетте тоғыз немесе жиырма төрт болады. Инелер бір-біріне перпендикуляр орналасады және электромагнит арқылы қозғалысқа келтіріледі.
Матрицалық принтердің жұмыс істеуі кезінде инелер кезектесіп бояушы лента арқылы қағазды соққылайды. Нәтижеде нүктелі оттискілер, ал олардан басып шығарылатын бейнелер пайда болады.
ТІНТУІР.
Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор.
Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап «mouse» – «тышқан» деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауынаайналыпкетті. Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.
Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту – нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет. Екі рет шерту – терезені, құжатты ашу үшін немесе бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады және пернесін басқанмен бірдей қызмет атқарады. Жүгіргіні нысан үстіне апарып, екі рет жылдам шерту қажет (тінтуір орнынан қозғалмауы тиіс).
Сонымен қатар, тінтуірдің сол жақ пернесі бейне беттегі нысандардың орнын ауыстыру үшін қолданылады. Тінтуір көрсеткісін нысанның үстіне апарып, пернені басып ұстап тұрып, нысанды басқа жерге апарып, содан кейін пернені жібере салу керек. Тінтуірдің оң жақ пернесі мәтінмәндік мәзірді шақыру үшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағында жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет.
Кей кездері тінтуір орнына текбол, сезімтал тақта немесе трекпойнт қолданылады. Қызметі жағынан бұл құрылғылардың бәрі тінтуірге пара-пар.
МОДЕМ. Модемнің жұмыс істеу принципі келесіге негізделген. Компютер берілгендерді тізбекті порт арқылы жөнелту кезінде, модемге тізбекті биттер жіберіледі.
Бұл тізбекті биттер желіге информацияны жіберуді немесе модемге адрестелген командаларды қамтиды. Мысалы: АТД командасы. Одан кейін модем қашықтағы модеммен байланыс орнатады. Жіберілуі тиіс берілгендер, модем модуляторы арқылы аналогтық сигналға түрлендіріледі. Қашықтағы
модем бұл сигналды қабылдап, демодуляциялау арқылы цифрлық сигналға түрлендіріп және түрлендіруші компьютердің тізбекті портына жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |