Компьютер архитектурасы



бет6/9
Дата02.02.2024
өлшемі1.3 Mb.
#490548
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Компьютер архитектурасы 1-8 лек

СҰЙЫҚ КРИСТАЛДЫ ДИСПЛЕЙ. Дисплейлердің сұйық кристалдар арқылы жұмыс істеу принципі. Мұндай дисплейлер кристалдардың электрондық-оптикалық қасиетіне негізделген.

Сұйық кристалды дисплейлерде екі мөлдір шыны пластина арасында сұйық кристалл қабаты, оның арғы жағында люминисцентті жарықтандырғыш орналастырылған. Пластинаның біреуінде түрлі-түсті жарықтандырғыш фильтр бар, ал екінші пластинада мини (миниатюрлы) транзисторлар бар. Мұнда әр транзистор бір ғана ұяшықты басқарады. Ұяшыққа берілген кернеу әсерінен сұйық кристалл молекулалары кристаллдағы түстерден өтіп, поляризация бұрышы арқылы өзгереді. Неғұрлым ұяшыққа берілетін кернеу жоғары болған сайын, ол түсті соғұрлым аз өткізеді.




Оптикалық диск CD-R. CD-ROM(оқу,жазу),CD-RОМ (Орнату). CD-R ОПТИКАЛЫҚ ДИСК CD-R DVD.
Диск алюминий немесе алтыннан жасалған шағылдырғыш беттен, микроскоптық шұқырлармен жабылған және мөлдір пластикпен қапталып қорғалған. CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге») және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7Гб ақпарат сыяды.
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW)болады. Кез келген диск жетектері мәліметтерді оқи алады, көбісі – жазуға да қабілетті, бірақ мәліметтерді сақтауға және алмастыруға арналған арнайы құрылғылар да бар. Әдетте бұлар – сыртқы құрылғылар, оларға компьютердің USB-портына тікелей қосылатын USB-диск немесе флеш-карта жатады. Флеш-карталар өте ықшам, қазіргі таңда оларға 128 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін ақпарат сыяды. Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін, сондай-ақ оны компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік беретін бірнеше құрылғылар түрі бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады, қосымша болған жағдайда олар кеңею слоттарына орнатылады.



CD-ROM. Лазерлік жинақтаушының компакт-дискілермен жұмыс істеуі. Лазерлік сәуле компакт-дискінің бетіне бағытталады және ондағы «1» және «0» сандары микроскоптық шұқыр және дөңестер көмегімен кодталады. Дөңеске тура келген «1» саны сәуле арқылы шағылады және жарықты айырғыш призмадан өтіп, фотоқабылдағышпен қабылданады. Шұқырға тура келген «0» санында сәуле сейіледі және фотоқабылдағышпен қабылданбайды.



CD-ROM(ОРНАТУ). Компакт-дискттер жинақтағышын орнату үшін, жүйелі блоктың алдыңғы панеліндегі қақпағын міндетті түрде шешу керек. Жинақтағыш беттік панелімен алдыға қаратылып орнатылады және арнайы винттармен екі жағынан жүйелік блокқа бекітіледі. Сонан-соң қоректендіретін разъём және информациялық кабель шлейф қосылады. Осыдан кейін қатты
дискінің бірінші контроллері IDE- ге SLAVE режимінде немесе екінші IDE контроллер бар болса , MASTER режимінде қосылуға болады. Соңғысы VideoCD және MPEG-CD-ді көруге мумкіндік береді. CD-ROM интерфейсі бар болған жағдайда, дыбыстық платаға жалғануға мүмкіндік бар.
CD-R. Өндірістік жасауға қарағанда, CD-R алюминий штамптауға тұйық-талған дайын, тік бұрыш пішінді матрицалы дөңес және ойпаң болады, CD-R –ге жазбаны жазу аса қуатты лазер көмегімен жүргізіледі, сонымен қатар арнайы қабаттың фотоэкспонирлеуі жүріп жатады, кейін сол күшті когеренттік сәуле шығарудың әсерінен қараяды, CD-R-ді оқу кезінде, лазерлік сәуле қосымша қабаттан өтіп, оның интенсивтілігі төмендейді, бұл эффектің орнын толтыру үшін, CD-R-дің төменгі бөлігін алтыннан жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет