Компьютер архитектурасы


СКАНЕР. Сканердің жұмыс істеу принципі оптикалық түрлендіруші CCD Sensor



бет5/9
Дата02.02.2024
өлшемі1.3 Mb.
#490548
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Компьютер архитектурасы 1-8 лек

    Бұл бет үшін навигация:
  • CCD Sensor
СКАНЕР. Сканердің жұмыс істеу принципі оптикалық түрлендіруші CCD Sensor- дың қасиеттеріне негізделген. Жеке CCD Sensor-лар жарықсезгіш зарядталған конденсторлардан тұрады және жарықталу кезінде зарядтың бір бөлігін жоғалтады.

Зарядтың қалдық көлеміне қарай, жарықтың әсер ету күшін анықтауға болады. Түпнұсқадан шағылған жарық сәулесі жартылай мөлдір айнаға келіп түсіп, одан өткен кезде интенсивтілігі бірдей үш сәуле шоғырын құрайды. Бұл сәуле шоғырлары түрлі-түсті фильтрлердің арғы жағында орналасқан CCD Sensor-ларды жарықтандырады. Қалдық зарядтың көлемі, сканерленіп жатқан аймақтың жарықталуын және түсін анықтауға мүмкіндік береді.




ДИНАМИКАЛЫҚ ГОЛОВКА. Динамикалық головка аккустикалық жүйенің негізгі элементі болып табылады, ол металл қораптан, воронка тәрізді диффузордан және диффузордың алқымына кірістірілген цилиндр пішінді тұрақты магниттен тұрады.

Алқымға сыртынан жіңішке сыммен оралған катушкаға сигнал беріледі және ол катушкада магнит өрісін туғызып, диффузорды магнит бойымен қозғалуға мәжбүр етеді, осылайша дыбыстық толқындар туындайды.


СТРИМЕР. Стример берілгендерді магниттік лентада сақтауды қамтамасыз ету үшін арналған.

Стимердің жұмыс істеу принціпі үйдегі магнитофонның жұмыс істеу принципіне ұқсас және магниттелмеген бөліктерін тізбектеп кодтауға негізделген.


МОНИТОР. Монитордың электронды сәулелік түтікше негізінде жұмыс істеуі. Электрондық зеңбіректер арқылы шығарылатын қызыл, жасыл және көк электронды сәулелер шоғыры, арнайы люминафор құрамымен қапталған экранға түсіп, оны сәулелендіреді.



Электрондық сәуле шығару жолында қосымша сәуле шоғырының бағытын өзгертуге мүмкіндік беретін ауытқушы жүйе электродтар және келіп түскен бейненің жарықталуын реттейтін модулятор болады. Саңлау жүйесі көлеңкелік маска жәрдемінде әр түстің сәулесі сәйкес люминафор нүктесіне түсуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет