Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер


Байланысу моделінің деңгейлері



бет8/9
Дата11.10.2022
өлшемі1.05 Mb.
#462411
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Байланысу моделінің деңгейлері

Байланысу моделінің деңгейлері

  • Деңгей
  • Ұқсастығы
  • Қолданбалы деңгей
  • Хат қағазда жазылды. Оның мазмұны анықталды.
  • Ұсынылу деңгейі
  • Хат конвертке салынды. Конверт толтырылды. Маркасы бар. Клиент жөнелту протоколының барлық талабын орындады.
  • Сеанстық деңгей
  • Транспорттық деңгей
  • Хат почтамтқа жеткізілді. Ол көліксіз баратын жергілікті хаттардан бөлінді.
  • Желілік деңгей
  • Хаттар сұрыпталып қапшыққа салынды. Енді тасымалдана-тын хат емес, қапшық болады.
  • Байланысу деңгейі
  • Қапшықтар вагонға тиелді. Енді тасымалданатын вагон болды.
  • Физикалық деңгей
  • Вагон электровозға тіркелді. Енді поезд тасымалдана-тын болды. Хатты жеткізуге басқа ведомство кірісті, ол басқа протоколмен (ережемен) жұмыс істейді.
  • ISO/OSI моделінде әртүрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады.
  • 1. Тұтынушы алғашқы қолданбалы деңгейде өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.
  • 2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұр-ғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.
  • 3. Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.
  • 4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамала-ры талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы фор-матқа (пакеттерге) түрлендіріледі.
  • 5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану марш-руты анықталып, пакеттер адреспен толықтырыла-ды. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.
  • 7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерін-де осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқы-лы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жо-лымен атқарылады.
  • 6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.
  • Әрбір деңгей жоғарыдағы модельмен анықталған өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, мәліметті келесі деңгейге беріп отырады.Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір деңгейінің өзіне ғана тән протоколы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет