Конкурс жариялайды: «Қарғалы аудандық білім бөлімі»


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар



бет5/5
Дата25.02.2016
өлшемі310.5 Kb.
#25435
түріКонкурс
1   2   3   4   5

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік, педагогикалық, техникалық, медициналық, ауыл шаруашылық білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі заңгерлік, педагогикалық, техникалық, медициналық, ауыл шаруашылық білімі барларға рұқсат етіледі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. нысанға сәйкес өтініш;

2. 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7. құжаттарды тапсыру сәтінде белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қарғалы ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қарғалы ауданы әкімінің келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.

Құжаттар Қарғалы ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінде қағаз түрінде қабылданады немесе электрондық поштаға жолданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған

тестілеу бағдарламасы:

E-4 cанаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Бадамша селолық округі әкiмiнің орынбасары
Бадамша селолық округі әкiмiнің орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі конкурстық комиссия қорытынды отырысының 2015 жылғы 02 ақпандағы № 3 хаттамасынан ҮЗІНДІ
Бадамша селолық округі әкiмiнің орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттармен әңгімелесу және талқылау нәтижесінде, дауыс беру арқылы конкурстық комиссия шешім қабылдады:

Мария Габдильугаповна Саринаның кандидатурасы Бадамша селолық округі әкiмiнің орынбасары лауазымына ұсынылсын.


Қос Естек ауылдық округ әкiмi аппаратының бас маманы
Қос Естек ауылдық округ әкiмi аппаратының бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі конкурстық комиссия қорытынды отырысының 2015 жылғы 02 ақпандағы № 3 хаттамасынан ҮЗІНДІ
Қос Естек ауылдық округ әкiмi аппаратының бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттармен әңгімелесу және талқылау нәтижесінде, дауыс беру арқылы конкурстық комиссия шешім қабылдады:

Венера Сергеевна Байменованың кандидатурасы Қос Естек ауылдық округ әкiмi аппаратының бас маманы лауазымына ұсынылсын.

Кадр резервіне Нуржан Кенжегарович Махановтың кандидатурасы ұсынылсын.
Велихов селолық округ әкiмi аппаратының жетекші маманы
Велихов селолық округ әкiмi аппаратының жетекші маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі конкурстық комиссия қорытынды отырысының 2015 жылғы 02 ақпандағы № 3 хаттамасынан ҮЗІНДІ
Велихов селолық округ әкiмi аппаратының жетекші маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттармен әңгімелесу және талқылау нәтижесінде, дауыс беру арқылы конкурстық комиссия шешім қабылдады:

Индира Маратовна Быкованың кандидатурасы Велихов селолық округ әкiмi аппаратының жетекші маманы лауазымына ұсынылсын.

Кадр резервіне Бауржан Маркабайулы Каюповтың кандидатурасы

ұсынылсын.


Бадамша селолық округі әкiмiнің орынбасары
Бадамша селолық округі әкiмiнің орынбасары бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың ТІЗІМІ
1. Сарина Мария Габдильугаповна
Қос Естек ауылдық округ әкiмi аппаратының бас маманы
Қос Естек ауылдық округ әкiмi аппаратының бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың ТІЗІМІ
1. Байменова Венера Сергеевна

2. Маханов Нуржан Кенжегарович


Велихов селолық округ әкiмi аппаратының жетекші маманы
Велихов селолық округ әкiмi аппаратының жетекші маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың ТІЗІМІ
1. Быкова Индира Маратовна

2. Каюпов Бауржан Маркабайулы



15 қаңтар 2015 жылы
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды:
«Бадамша селолық округ әкiмiнің аппараты» ММ, селолық округ әкімінің орынбасары

Санаты Е-G-1.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94172,82 теңгеден 126845,02 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері:

Кедейлік және жұмыссыздықты төмендету, денсаулықты қорғау, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы бағдарламаларды өңдеуге қатысу, оларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру, орындау есебін тапсыру, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу, селолық округ әкімінің жанындағы комиссия қызметін басқару. Әкім болмағанда міндетін атқару. Заң талаптарының шеңберінде мүгедектерге, асыраушысынан айырылған жанұяларға, көп балалы жанұялардың сонымен қатар, жалғыз басты аналардың, табиғат апатынан зардап шеккен азаматтардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту жолындағы сұрақтарды шешеді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі комиссияны басқарады, жұмыссыздар мен жастарды еңбекке орналастыру мәселесімен айналысады, жасы толмаған, бақылаусыз қалған жасөспірімдер арасында қылмыс жасауды болдырмау шараларын жүзеге асырады.

Ерікті халық жасақшыларының жұмысына бақылау жүргізеді. Аудан орталығында қоғамдық ақы төленетін жұмыстарды ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Малдардың бағысын, тұрғын үй қорының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы, тұрмыстық қызметтер үшін төлеу туралы жиындарды ұйымдастыру.

Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады. Мәжілістер, іс шаралар, комиссия отырыстарына қатысу. Тоқсан сайын және ай сайынғы есептерді қажетті органдарға ұсыну. Селолық округтің жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мониторингін дайындайды.

Орталықтандырылған жылу желілерінің, энерго желісінің, байланыс желісінің, орталықтандырылған газ желісінің үздіксіз жұмыс жасауына үнемі бақылау жүргізу, ауылды абаттандыру мен көріктендіру, жарықтандыру және сенбіліктер өткізуді ұйымдастыру, ауылішілік жолдардың күтілуіне, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуге ат салысу. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып-алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлкеттік сатып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік істі қарау. Мекеме мамандарының және қызметкерлерінің жұмысына бақылау жүргізу. Қазақстан Республикасы Заңнамаларында бекітілген басқада міндеттерді жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Заңдарының шеңберінде аудан әкімі, оның орынбасарларының және селолық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды.

Компьютерде «Word», «Excel» «Internet» бағдарламаларында жұмыс жасай білу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары гуманитарлық, экономикалық, педагогикалық, заңгерлік, техникалық , ауыл шаруашылық немесе медициналық білім.

Жұмыс тәжрибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлкеттік тапсырыс негізінде немесе шет елдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


«Қос Естек ауылдық округ әкiмiнің аппараты» ММ бас маманы

Санаты Е-G-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813,03 теңгеден 72391,34 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Салық төлеушілердің (жеке тұлғалармен) салық төлемдерін толық және мерзімінде төлеуін қамтамасыз ету. Салық салынатын нысандарын жасыру және жеке тұлғалармен табыстарын қысқарту фактыларын анықтау және іс-әрекет жасау. Салық есебін беруді қамтамасыз ету. Салық төлеушілерге өзінің құзыры шегіндегі олардың құқығын және міндетін түсіндіру. Іс-шаралар, кеңес, комиссия отырыстарына қатысу. Мәжілістер, іс шаралар, комиссия отырыстарына қатысу. Тоқсан сайын және ай сайынғы есептерді қажетті органдарға ұсыну. Құзыры шегінде жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мониторингін дайындау. Елді мекендердегі аула басын аралау. Коммуналдық меншік объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету, ауылішілік жолдарды күтіп ұстауды, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуге ат салысу. Орталықтандырылған инфақұрылымдардың желілерінің үздіксіз жұмыс жасауына үнемі бақылау жүргізу. Жеке меншігіне жер телімдерін беру бойынша құжаттарды рәсімдеу. Ауыл тұрғындарын , соның ішінде мүгедектерді спорттық шараларға баулу жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады және әкімшілік істі жүргізеді. Округтің жеке кассалық есебіне келіп кіріс көздерін (айыппұл, жарнама төлемдері, ғимаратттарды жалға беру, ерікті жарналар) бақылайды және дұрыс жұмсалуын қадағалайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы бөліміне ай сайын және тоқсан сайын есептерді тапсыру. Ашық конкурстың өткізілуіне дайындық жұмыстарын жүргізу (конкурстық құжаттарды, хаттамаларды тіркеу және рәсімдеу). Мемлекеттік сатып алулар қортындысына сәйкес мердігерлермен келісім-шарт жасасу, өз міндеттемелерін орындамаған мердігерлерді жосықсыз жеткізуші ретінде тану үшін сотқа беру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнінде іс-қағаздарды жүргізу, сонымен қатар, іс-шаралар мен жоспарларды дайындайды, комиссия отырыстарына хатшылық ету бойынша жұмыстарды жүргізу Ауылдық округі әкімінің тапсырмаларын орындайды. Компьютерде «Word», «Excel» «Internet» бағдарламаларында жұмыс жасай білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары ауыл шаруашылық, экономикалық, педагогикалық, заңгерлік, техникалық білімі.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емесс немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі ауыл шаруашылық, экономикалық, педагогикалық, заңгерлік, техникалық білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


«Велихов селолық округі әкiмiнің аппараты» ММ жетекші маманы

Санаты Е-G-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047,35 теңгеден 64703,77 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Селолық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, жеке келісім шарттарды рәсімдеу. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қамқорлыққа алу бойынша өкімдер дайындау. Алты және одан да көп баласы бар көп балалы аңалардың марапаттау құжаттарын дайындау және уақытында аудан әкімдігіне ұсыну. Тоқсан сайын және ай сайын оралмандар туралы ақпарат беру, әлеуметтік паспорт жүргізу. Аз қамтылған, көп балалы отбасылар анықтама беру. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, заңды пайдалану және орналастыру туралы жұмыстарын, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын, діни ахуал бойынша жұмыстарын жүргізу. Селолық округінің жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мониторингін дайындау. Елді мекендердегі аула басын аралау. Шаруашылық кітабын жүргізу, шаруашылық кітабы негізінде азаматтарға анықтамалар (тұрғылықты жері, отбасы құрымы туралы және т.б.) беру. Жеке шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін бөлуге жәрдем көрсету. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы бөліміне ай сайын және тоқсан сайын есептерді тапсыру. Тауарлық материалдарың құндылықтарын түгендеу. Комиссия отырыстарына, кеңестерге және іс шараларға қатысу. Селолық округ әкімі жанындағы ақсақалдар, қоғамдық кеңестердің, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жұмыстарын, қоғамдық-саяси жағдай бойынша жұмыстарын жүргізу. Мәжілістер, іс шаралар, комиссия отырыстарына қатысу. Жергілікті атқарушы органдардың құзырына жататын ақпараттар және басқада мәліметтерді жоғарғы органдардан сұрау және алу. Нотариалдық іс-әректтерді тіркеу Селолық әкімінің тапсырмаларын орындайды. Компьтерде Word, Excel, internet, бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Тәжірибесі қажет етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда №8380 болып тіркелген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ мынадай құжаттарын тапсырады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Е-G-1 санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

E-G-3, E-G-4 санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Конкурстық комиссия қарауына құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы қабылдау мерзiмiнде берілген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткiзу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсыру қажет: 030500, Қарғалы ауданы Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38, «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі немесе kargala@mail.ru электрондық почтасына. Анықтама үшін телефон: 8(71342) 22-9-02.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкрс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет