Конкурсная документация по государственным закупкам товара «Микроскопы» способом конкурса



бет4/10
Дата07.07.2016
өлшемі0.91 Mb.
#182047
түріКонкурсная документация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. Рассмотрение конкурсной комиссией заявок на участие в государственных закупках способом конкурса на предмет их соответствия требованиям конкурсной документации и допуск потенциальных поставщиков к участию в конкурсе

31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

31. Рассмотрение заявок на участие в конкурсе осуществляется конкурсной комиссией с целью определения среди потенциальных поставщиков, претендующих на участие в конкурсе, потенциальных поставщиков, соответствующих квалификационным требованиям и требованиям Конкурсной документации, и признания их участниками конкурса.

32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

32. При рассмотрении заявок на участие в конкурсе конкурсная комиссия вправе:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

1) в письменной форме запросить у потенциальных поставщиков, претендующих на участие в конкурсе, материалы и разъяснения в связи с их заявками с тем, чтобы облегчить рассмотрение, оценку и сопоставление заявок на участие в конкурсе;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

2) с целью уточнения сведений, содержащихся в заявках на участие в конкурсе, в письменной форме запросить необходимую информацию у соответствующих государственных органов, физических и юридических лиц.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Не допускаются запросы и иные действия конкурсной комиссии, связанные с приведением заявки на участие в конкурсе в соответствие с требованиями Конкурсной документации. Под приведением заявки на участие в конкурсе в соответствие с требованиями Конкурсной документации понимаются действия конкурсной комиссии, направленные на дополнение заявки на участие в конкурсе недостающими документами, замены документов, представленных в заявке на участие в конкурсе, приведение в соответствие ненадлежащим образом оформленных документов.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

Конкурсная комиссия рассматривает заявку на участие в конкурсе как отвечающую требованиям Конкурсной документации, если в ней присутствуют грамматические или арифметические ошибки, которые можно исправить, не затрагивая существа представленной заявки.

33. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

33. Конкурсная комиссия признает потенциального поставщика несоответствующим квалификационным требованиям в случае:

1) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

1) непредставления потенциальным поставщиком либо представление ненадлежащим образом оформленного документа (документов) для подтверждения соответствия потенциального поставщика квалификационным требованиям;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

2) установления факта несоответствия квалификационным требованиям на основании информации, содержащейся в документах, представленных потенциальным поставщиком для подтверждения его соответствия квалификационным требованиям;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

3) представления недостоверной информации по квалификационным требованиям.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

Признание потенциального поставщика несоответствующим квалификационным требованиям по основаниям, не предусмотренным пунктом 1 статьи 9 Закона, не допускается.

Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

Конкурсная комиссия признает внесенное обеспечение заявки на участие в конкурсе соответствующей требованиям настоящей Конкурсной документации, в случае внесения обеспечения заявки в размере более одного процента от суммы.

34. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:

34. Конкурсная комиссия признает внесенное обеспечение заявки на участие в конкурсе не соответствующим требованиям настоящей Конкурсной документации в случае:

1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;

1) недостаточного срока действия обеспечения заявки на участие в конкурсе;

2) конкурстық комиссияның:

2) ненадлежащего оформления обеспечения заявки на участие в конкурсе, которое выражается в отсутствии сведений, не позволяющих конкурсной комиссии установить:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

лицо, выдавшее обеспечение заявки на участие в конкурсе;

қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алудың атауын;

название государственных закупок товаров способом конкурса для участия в которых вносится обеспечение заявки;

өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

срок действия и (или) сумму обеспечения заявки, а также условия его предоставления;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

лицо, которому выдано обеспечение заявки на участие в конкурсе;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.

лицо, в пользу которого вносится обеспечение заявки на участие в конкурсе.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

По иным основаниям признание внесенного обеспечения заявки на участие в конкурсе не соответствующим требованиям Конкурсной документации не допускается.

Конкурстық комиссия егер енгізілген өтінімді қамтамасыз етудің мөлшері белгіленген соманың бір пайызынан кем болған жағдайда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп таниды.

Конкурсная комиссия признает внесенное обеспечение заявки на участие в конкурсе не соответствующей требованиям настоящей Конкурсной документации, в случае внесения обеспечения заявки в размере менее одного процента от суммы.

35. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

35. Потенциальный поставщик, претендующий на участие в конкурсе, не допускается к участию в конкурсе (не признается участником конкурса), если:

1) ол біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

1) он определен не соответствующим квалификационным требованиям;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

2) нарушил требования статьи 6 Закона;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

3) его заявка на участие в конкурсе определена не соответствующей требованиям Конкурсной документации.

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

В случае если потенциальный поставщик не допущен к участию в конкурсе по основаниям, предусмотренным подпунктом 2) настоящего пункта, то:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтару негіздемесі көрсетіледі;

в протоколе о допуске к участию в конкурсе отражаются обоснования отклонения заявки на участие в конкурсе такого потенциального поставщика;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

сведения о потенциальном поставщике, нарушившем требования статьи 6 Закона, подлежат внесению в установленном порядке в реестр недобросовестных участников государственных закупок.

36. Неғұрлым сапалы тауар ұсынатын конкурс қатысушысын анықтау және конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде төмендету арқылы конкурстық баға ұсынымдарына әсер ететін пайыздық шаманы қолдану үшін конкурстық комиссия келесідей өлшемдерді пайдаланады:

36. Для определения участника конкурса, предлагающего наиболее качественный товар и применения процентных значений, влияющих на конкурсное ценовое предложение путем условного понижения цены конкурсной заявки, конкурсная комиссия использует следующие критерии:

1) тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру нарығындағы ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлар нарығындағы жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін жарты пайызға (0,5%), бірақ бес пайыздан аспай азайтады. Жұмыс тәжірибесі бір жылға дейін ғана болса немесе ол болмаса мұндай пайыз белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.

1) наличие опыта работы потенциального поставщика, участвующего в конкурсе по государственным закупкам товаров, конкурсная комиссия рассматривает опыт работы только на рынке поставки товаров приобретаемых на данном конкурсе. При этом конкурсная комиссия условно уменьшает цену конкурсной заявки на половину процента (0,5%) за каждый год наличия у потенциального поставщика опыта работы на рынке закупаемых товаров, начиная с одного года, но не более пяти процентов. В случае наличия опыта работы до одного года или его отсутствия такой процент не устанавливается. Суммарное процентное влияние на условную цену конкурсной заявки данного критерия не должно превышать пять процентов;

2) бір әлеуетті өнім берушінің басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда тиісті бейіндегі білікті қызметкерлерді көбірек тартуы. Бұл жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтініміне қатысты пайыздық мәнді бес пайыз мөлшерінде белгілейді;

2) предоставление потенциальным поставщиком более квалифицированных работников соответствующего профиля, чем у других потенциальных поставщиков. При этом конкурсная комиссия определяет в отношении конкурсной заявки потенциального поставщика процентное значение в размере пяти процентов;

3) сатып алынатын тауарлар бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификатталғанын растайтын құжат болса конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады;

3) при наличии документа, подтверждающего сертификацию системы менеджмента качества в соответствии с требованиями государственных стандартов по закупаемым товарам, конкурсная комиссия условно уменьшает цену такой конкурсной заявки на три процента;

4) әлеуетті өнім беруші жеткізілетін тауарлардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұсынатын тауарларының пайдалану сипаттамаларына кепілдік берілетін кезеңді көрсетеді. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасынан, егер конкурстық өтінімде ұсынылатын кепілдік кезеңі Конкурстық құжаттамада көрсетілген базалық кезеңнен артық болған жағдайда, әрбір жыл үшін жарты пайызды (0,5%) алып тастайды. Бұл ретте осы өлшемнің конкурстық өтінім бағасына пайыздық әсері үш пайыздан аспауы тиіс;

4) потенциальный поставщик, обеспечивая соответствие поставляемых товаров конкурсной документации, указывает период, в течение которого гарантируются эксплуатационные характеристики предлагаемых товаров. Конкурсная комиссия отнимает от условной цены конкурсной заявки половину процента (0,5%) за каждый год в случае, если предлагаемый в конкурсной заявке гарантийный период больше базового, указанного в конкурсной документации. При этом процентное влияние на цену конкурсной заявки данного критерия не должно превышать три процента;

5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылатын тауарлардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшін конкурстық өтінімдердің шартты бағасына әсер ететін бір пайызды белгілейді. Осы өлшемдердің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері бір пайыздан аспауға тиіс;

5) организатор государственных закупок устанавливает один процент влияющий на условную цену конкурсных заявок за функциональные, технические и качественные характеристики предоставляемых товаров. Суммарное процентное влияние на цену конкурсной заявки данных критериев не должно превышать один процент;

6) қазақстандық мазмұнның болуын қарастыру кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын қазақстандық мазмұнның әрбір пайызы үшін нөл бүтін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

6) При рассмотрении наличия казахстанского содержания конкурсная комиссия уменьшает условную цену конкурсной заявки на одну десятую (0,1) процента за каждый процент казахстанского содержания.

Тауарда қазақстандық мазмұнның болуы CT-KZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.

Наличие казахстанского содержания в товаре подтверждается сертификатом о происхождении товара формы СТ-КZ.

Тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға шартты түрде азайтады;

В случае когда потенциальный поставщик товаров является отечественным товаропроизводителем закупаемого товара, то конкурсная комиссия условно уменьшает цену конкурсной заявки такого потенциального поставщика за наличие казахстанского содержания на десять процентов;

7) конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға азайтады;

7) конкурсная комиссия условно уменьшает цену конкурсной заявки отечественного товаропроизводителя на десять процентов;

8) конкурстық комиссия пайдалану шығындарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің шартты бағасын екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауға тиіс;

8) конкурсная комиссия определяет конкурсную заявку с самой минимальной стоимостью эксплуатационных расходов, технического обслуживания и ремонта и уменьшает условную цену такой конкурсной заявки на два процента. Суммарное процентное влияние на условную цену конкурсной заявки данного критерия не должно превышать два процента;

9) техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.

9) при наличии документа, подтверждающего проведение добровольной сертификации предлагаемых товаров для отечественного товаропроизводителя в соответствии с законодательством Республики Казахстан о техническом регулировании, конкурсная комиссия условно уменьшает цену такой конкурсной заявки на два процента.

37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

37. По результатам рассмотрения заявок на участие в конкурсе конкурсная комиссия:

1) біліктілік талаптарына және Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін, конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

1) определяет потенциальных поставщиков, соответствующих квалификационным требованиям и требованиям Конкурсной документации, которые допускаются к участию в конкурсе (участники конкурса);

2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық мәнін қолданады;

2) применяет процентное значение критериев, предусмотренных в Конкурсной документации в соответствии с пунктом 4 статьи 17 Закона;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

3) оформляет протокол о допуске к участию в конкурсе и определяет день, время, место представления потенциальными поставщиками, допущенными к участию в конкурсе (участниками конкурса), конкурсных ценовых предложений организатору государственных закупок.

38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

38. Протокол о допуске к участию в конкурсе подписывается всеми присутствующими на заседании членами, а также секретарем конкурсной комиссии.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

Организатор государственных закупок не позднее одного рабочего дня, следующего за днем подписания протокола о допуске к участию в конкурсе, представляет или направляет копию указанного протокола всем потенциальным поставщикам, представившим заявки на участие в конкурсе, а также размещает текст подписанного протокола на Интернет-ресурсе Заказчика. Решение конкурсной комиссии о допуске к участию в конкурсе, может быть обжаловано в порядке, определенном статьей 45 Закона.







6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

6. Оформление потенциальными поставщиками, допущенными к участию в конкурсе, конкурсных ценовых предложений

39. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

39. Представляемые потенциальными поставщиками, допущенными к участию в конкурсе (участниками конкурса), конкурсные ценовые предложения оформляются в следующем виде:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

1) форма конкурсного ценового предложения должна быть отпечатана или написана несмываемыми чернилами и подписана потенциальным поставщиком и скреплена печатью (для физического лица, если таковая имеется);

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс;

2) в конкурсном ценовом предложении не должно быть никаких вставок между строками, подтирок или приписок, за исключением тех случаев, когда потенциальному поставщику необходимо исправить грамматические ошибки;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары осы Конкурстық құжаттаманың №8 қосымшасына сәйкес теңгемен берілуі тиіс.

3) конкурсные ценовые предложения отечественных потенциальных поставщиков должны быть выражены в тенге согласно Приложению №8 к настоящей Конкурсной документации.

40. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «мИКРОСКОПТАР» ТАУАРЫН САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

40. Потенциальный поставщик запечатывает конкурсное ценовое предложение в конверт, на лицевой стороне которого должны быть указаны полное наименование потенциального поставщика, а также текст следующего содержания: «КОНКУРС ПО ЗАКУПКЕ ТОВАРА «мИКРОСКОПЫ» - КОНКУРСНОЕ ЦЕНОВОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ - НЕ ВСКРЫВАТЬ ДО: (указать дату и время вскрытия конкурсных ценовых предложений, указанных в протоколе допуска)».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алуы не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

Не допускается представление участником конкурса более одного конкурсного ценового предложения, равно как и отзыв конкурсного ценового предложения либо внесение изменений и (или) дополнений к представленному конкурсному ценовому предложению.







7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық

комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтауы

7. Оценка и сопоставление конкурсной комиссией конкурсных ценовых предложений участников конкурса и определение победителя конкурса

41. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

41. В день, время и месте, установленные протоколом о допуске к участию в конкурсе, конкурсная комиссия проводит заседание по оценке и сопоставлению конкурсных ценовых предложений участников конкурса.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурсная комиссия в хронологическом порядке вносит в журнал регистрации конкурсных ценовых предложений сведения об участниках конкурса, представивших конверты с конкурсными ценовыми предложениями до истечения срока, установленного протоколом о допуске к участию в конкурсе.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссияның төрағасы не ол конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан белгілеген тұлға:

На заседании конкурсной комиссии председатель конкурсной комиссии либо лицо, определенное председателем из числа членов конкурсной комиссии:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

вскрывает конверты с конкурсными ценовыми предложениям участников конкурса в хронологическом порядке их регистрации;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

оглашает в хронологическом порядке регистрации конкурсные ценовые предложения участников конкурса, представивших конкурсные ценовые предложения;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

передает секретарю конкурсной комиссии вскрытые конверты с конкурсными ценовыми предложениями.

42. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

42. Участники конкурса и (или) их уполномоченные представители вправе ознакомиться с содержанием конвертов с конкурсными ценовыми предложениями.

43. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

43. На заседании конкурсной комиссии по оценке и сопоставлению конкурсных ценовых предложений вправе присутствовать участники конкурса и (или) их уполномоченные представители с правом ведения аудиозаписи и видеосъемки. При этом участники конкурса и (или) их уполномоченные представители должны уведомить конкурсную комиссию о применении указанных технических средств.

44. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

44. Для облегчения процедуры оценки и сопоставления конкурсных ценовых предложений, конкурсная комиссия переводит все цены конкурсных ценовых предложений, выраженные в различных валютах, в валюту Республики Казахстан - тенге по официальному курсу, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату заседания конкурсной комиссии по оценке и сопоставлению конкурсных ценовых предложений (участников конкурса).

45. Конкурстық комиссия:

45. Конкурсная комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

1) отклоняет конкурсные ценовые предложения участников конкурса, превышающие сумму, выделенную для осуществления данных государственных закупок товаров способом конкурса;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

2) отклоняет конкурсное ценовое предложение участника конкурса, если его цена является демпинговой;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық мәнін олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдануы арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

3) в случае, если после отклонения конкурсных ценовых предложений по основаниям, указанным в подпунктах 1) и 2) настоящего пункта, в конкурсе участвуют два и более конкурсных ценовых предложений участников конкурса, определяет условные цены данных участников конкурса посредством применения в отношении их конкурсных ценовых предложений процентного значения критериев, установленных в протоколе о допуске к участию в конкурсе;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

4) определяет победителя конкурса на основе наименьшей условной цены.

46. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

46. По результатам оценки и сопоставления конкурсных ценовых предложений участников конкурса и определения победителя конкурса, конкурсная комиссия оформляет протокол об итогах государственных закупок товаров способом конкурса. Протокол об итогах государственных закупок товаров способом конкурса полистно парафируется и подписывается председателем и всеми присутствовавшими на заседании членами конкурсной комиссии, а также секретарем конкурсной комиссии.

47. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

47. Организатор государственных закупок не позднее одного рабочего дня со дня получения письменного запроса потенциального поставщика, сведения о котором внесены в журнал регистрации заявок на участие в конкурсе, обязан представить ему на безвозмездной основе копию протокола об итогах государственных закупок способом конкурса.







8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

8. Возврат обеспечения заявок на участие в конкурсе

48. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

48. Организатор государственных закупок возвращает внесенное обеспечение заявки на участие в конкурсе потенциальному поставщику в течение трех рабочих дней со дня наступления одного из следующих случаев:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

1) отзыва данным потенциальным поставщиком своей заявки на участие в конкурсе до истечения окончательного срока представления заявок на участие в конкурсе;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) подписания протокола о допуске к участию в конкурсе. Указанный случай не распространяется на потенциальных поставщиков, признанных участниками конкурса;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) подписания протокола об итогах государственных закупок способом конкурса. Указанный случай не распространяется на участника конкурса, определенного победителем конкурса;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

4) вступления в силу договора о государственных закупках и внесения победителем конкурса обеспечения исполнения договора о государственных закупках, предусмотренного конкурсной документацией;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

5) истечения срока действия заявки потенциального поставщика на участие в конкурсе.

49. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

49. Обеспечение заявки на участие в конкурсе не возвращается организатором государственных закупок в случаях, если:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

1) потенциальный поставщик отозвал либо изменил и (или) дополнил заявку на участие в конкурсе после истечения окончательного срока представления заявок на участие в конкурсе;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

2) потенциальный поставщик, признанный участником конкурса, не представил в установленный срок либо отозвал свое конкурсное ценовое предложение;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

3) потенциальный поставщик, определенный победителем конкурса, уклонился от заключения договора о государственных закупках;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.

4) победитель конкурса, заключив договор о государственных закупках, не исполнил либо несвоевременно исполнил требования, установленные конкурсной документацией, о внесении и (или) сроках внесения обеспечения исполнения договора о государственных закупках.







9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет