3. Осы Конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
|
3. Настоящая Конкурсная документация включает в себя:
|
1) осы Конкурстық құжаттамаға №1 қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың тізбесін;
|
1) перечень закупаемых товаров согласно приложению №1 к настоящей Конкурсной документации;
|
2) осы Конкурстық құжаттамаға №2 қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасын;
|
2) описание технические спецификации согласно приложению №2 к настоящей Конкурсной документации;
|
3) осы Конкурстық құжаттамаға №3 және №4 қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
|
3) заявки на участие в конкурсе для юридических и физических лиц согласно приложениям №3 и №4 к настоящей Конкурсной документации;
|
4) осы Конкурстық құжаттамаға №5 қосымшаға сәйкес тауарларды беру үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
|
4) сведения о квалификации потенциального поставщика для поставки товаров согласно приложению №5 к настоящей Конкурсной документации;
|
5) әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21.07.07ж. №303 (бұдан әрі - Заң) 17 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 желтоқсан 2007 жылғы №1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) және осы Конкурстық құжаттамаға сәйкес неғұрлым сапалы тауар ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
|
5) перечень обязательных критериев, которые будут учитываться конкурсной комиссией при определении победителя конкурса с целью определения участника конкурса, предлагающего наиболее качественный товар в соответствии с пунктом 4 статьи 17 Закона Республики Казахстан «О государственных закупках» от 21.07.07г. №303 (далее - Закон) и Правилами осуществления государственных закупок, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года №1301(далее – Правила) и настоящей Конкурсной документации с указанием процентного значения каждого из критериев;
|
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
|
4. Потенциальный поставщик, изъявивший желание участвовать в конкурсе, вносит с заявкой на участие в конкурсе обеспечение заявки на участие в конкурсе в размере одного процента от суммы, выделенной для приобретения товара в одной из нижеперечисленных форм:
|
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын РМК «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығында, Алматы қ., Панфилов көшесі №139, СТН 600700016613, БИН 990340005977, АҚ «АТФ Банк» филиалы Алматы қ., ИИК KZ76826A1KZTD2003653, БИК ALMNKZKA, Кбе 16
|
1) гарантийного денежного взноса денег, размещаемых на следующем банковском счете РГП «Центральная клиническая больница Управления Делами Президента Республики Казахстан» на праве хозяйственного ведения, г. Алматы, ул. Панфилова 139, РНН 600700016613, БИН 990340005977, Филиал АО «АТФ Банк» г. Алматы, ИИК KZ76826A1KZTD2003653, БИК ALMNKZKA, КБе 16;
|
2) осы Конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
|
2) банковской гарантии согласно приложению №6 к настоящей Конкурсной документации.
|
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
|
Срок действия обеспечения заявки на участие в конкурсе не может быть менее срока действия самой заявки на участие в конкурсе.
|
|
|
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
|
2. Разъяснение организатором государственных закупок положений конкурсной документации потенциальным поставщикам, получившим ее копию
|
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2011 жылғы 2 қыркүйекте сағ. 17-30 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 050091, Алматы қаласы, Панфилов көшесі №139, РМК «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығында, Әкімшілік ғимарат, «Конкурстық құжаттаманы дайындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру» бөлімшесі.
|
5. Потенциальный поставщик, претендующий на участие в конкурсе, вправе обратиться с письменным запросом о разъяснении положений конкурсной документации, но не позднее 17 час 30 мин. 2 сентября 2011 года. Запросы потенциальных поставщиков необходимо направлять по следующим реквизитам организатора государственных закупок: 050091, г. Алматы, ул. Панфилова 139, РГП «Центральная клиническая больница Управления делами Президента Республики Казахстан» на праве хозяйственного ведения, Административный корпус, отдел «Разработки конкурсной документации и организации государственных закупок».
|
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
|
6. Организатор государственных закупок обязан в течение трех рабочих дней со дня получения запроса ответить на него и без указания от кого поступил запрос:
|
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
|
1) направить разъяснение положений конкурсной документации лицам, сведения о которых внесены в журнал регистрации лиц, получивших Конкурсную документацию;
|
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін Тапсырыс берушінің Интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
|
2) опубликовать текст разъяснения положений Конкурсной документации на Интернет-ресурсе Заказчика.
|
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2011 жылғы 9 қыркүйекте сағ. 18-00 мин. мерзімінен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
|
7. Организатор государственных закупок должен в срок не позднее 18 часов 00 мин., 9 сентября 2011 года по собственной инициативе или в ответ на запрос потенциального поставщика, которому организатор государственных закупок предоставил копию конкурсной документации, внести изменения и (или) дополнения в конкурсную документацию. Внесение изменений в конкурсную документацию оформляется в том же порядке, что и утверждение конкурсной документации.
|
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
|
Внесенные изменения имеют обязательную силу, и в срок не более одного рабочего дня со дня утверждения изменений в конкурсную документацию направляются организатором государственных закупок на безвозмездной основе всем потенциальным поставщикам, которым предоставлена копия конкурсной документации. При этом окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе продлевается организатором государственных закупок на срок не менее чем на десять календарных дней, для учета потенциальными поставщиками этих изменений в заявках на участие в конкурсе.
|
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы Тапсырыс берушінің Интернет-ресурсында жариялайды.
|
Организатор государственных закупок публикует на Интернет-ресурсе Заказчика уточненную Конкурсную документацию с указанием внесенных изменений и (или) дополнений.
|
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін сағат 12-00 минутта 2011 жылдың 2 қыркүйегінде мына мекен-жайда: Алматы қаласы, Панфилов көшесі №139, РМК «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығында, Әкімшілік ғимарат, «Конкурстық құжаттаманы дайындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру» бөлімшесі - кездесу өткізеді.
|
8. Организатор государственных закупок проводит встречу с потенциальными поставщиками, которым предоставлена копия конкурсной документации, либо их уполномоченными представителями для разъяснения положений конкурсной документации в 12 часов 00 мин. 2 сентября 2011г. по адресу: г. Алматы, ул. Панфилова 139, Административный корпус, отдел «Разработки конкурсной документации и организации государственных закупок».
|
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
|
9. Организатор государственных закупок составляет протокол встречи с потенциальными поставщиками, в котором указываются представленные запросы потенциальных поставщиков о разъяснении конкурсной документации без указания их источника, а также ответы на эти запросы. Протокол не позднее двух рабочих дней со дня проведения встречи с потенциальными поставщиками направляется конкурсной комиссии и всем потенциальным поставщикам, которым организатор государственных закупок представил копию конкурсной документации по почтовым реквизитам, указанным в журнале регистрации потенциальных поставщиков, получивших конкурсную документацию.
|
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін Тапсырыс берушінің Интернет-ресурсында жариялайды.
|
Организатор государственных закупок публикует текст протокола встречи с потенциальными поставщиками на Интернет-ресурсе Заказчика.
|
|
|
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
|
3. Требования к оформлению заявки на участие в государственных закупках способом конкурса и представление потенциальными поставщиками конвертов с заявками на участие в государственных закупках способом конкурса
|
Конкурсқа қатысуға өтінім
|
Заявка на участие в конкурсе
|
10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
|
10. Заявка на участие в конкурсе является формой выражения согласия потенциального поставщика, претендующего на участие в конкурсе, осуществить поставку товара в соответствии с требованиями и условиями, предусмотренными настоящей Конкурсной документацией.
|
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
|
11. Заявка на участие в конкурсе, представляемая потенциальным поставщиком, изъявившим желание участвовать в конкурсе, организатору государственных закупок должна содержать:
|
1) әлеуетті өнім беруші осы Конкурстық құжаттамаға №3 және №4 қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
|
1) заполненную и подписанную потенциальным поставщиком заявку согласно приложениям №3 и №4 к настоящей Конкурсной документации;
|
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
|
2) перечень документов, представляемых потенциальным поставщиком в подтверждение его соответствия общим квалификационным требованиям:
|
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды:
|
нотариально засвидетельствованные документы, подтверждающие правоспособность (для юридических лиц), гражданскую дееспособность для физических лиц (документ о регистрации, как субъекта предпринимательства, РНН, копию удостоверения личности):
|
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
|
юридическое лицо должно представлять нотариально засвидетельствованную копию устава, утвержденного в установленном законодательством порядке. Нерезиденты Республики Казахстан должны представлять нотариально засвидетельствованную с переводом на государственный и (или) русский языки легализованную выписку из торгового реестра;
|
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
|
нотариально засвидетельствованные копии лицензий и/или патентов, свидетельств, сертификатов, дипломов, других документов, подтверждающих право потенциального поставщика на производство, переработку, поставку и реализацию закупаемых товаров;
|
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
|
нотариально засвидетельствованную копию свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица. В случае если юридическое лицо осуществляет деятельность на основании Типового устава, утвержденного в установленном законодательством порядке, то нотариально засвидетельствованную копию заявления о государственной регистрации;
|
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір ай ішінде берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;
|
нотариально засвидетельствованную выписку из учредительных документов (в случае если устав не содержит сведения об учредителях или составе учредителей), содержащую сведения об учредителе или составе учредителей либо нотариально засвидетельствованную выписку из реестра держателей акций, выданную не ранее одного месяца предшествующего дате вскрытия конвертов;
|
төлем қабілетін растайтын құжаттарды:
|
документы, подтверждающие платежеспособность:
|
осы Конкурстық құжаттамаға №7 қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
|
оригинал справки банка или филиала банка с подписью и печатью, в котором обслуживается потенциальный поставщик об отсутствии просроченной задолженности по всем видам обязательств потенциального поставщика, длящейся более трех месяцев предшествующих дате выдачи справки, перед банком или филиалом банка согласно Типовому плану счетов бухгалтерского учета в банках второго уровня и ипотечных компаниях, утвержденному постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан, согласно приложению №7 к настоящей Конкурсной документации (в случае, если потенциальный поставщик является клиентом нескольких банков второго уровня или филиалов, а так же иностранного банка, данная справка представляется от каждого из таких банков). Справка должна быть выдана не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками;
|
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
|
оригинал или нотариально засвидетельствованная копия бухгалтерского баланса за последний финансовый год, подписанного первым руководителем или лицом, его замещающим. В случае, если вскрытие конвертов происходит в срок до 30 апреля текущего года, то может представляться оригинал или нотариально засвидетельствованная копия бухгалтерского баланса за финансовый год, предшествующий последнему финансовому году;
|