Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет23/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. 

  • Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент – жаңа Гузия қаласы болды. 

  • Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілдерінде сөйлеген.

  • Түркітілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түркі қағанатының құрамында болған. 

  • Оғыздар құрамына түркітілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тайпалары да енген. 

  • Батыс Түркі және Түргеш қағанаттары құлап, Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.

  • Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Олар IX ғасырдың басында печенегтерді талқандады. 

  • Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. 

  • IX ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы беріп, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді.

  • Махмуд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгенін келтіреді.

  • Боз оқтар ерекше артықшылықтарға ие болған.

  • Оғыз мемлекетінің басшысы, билеушісі жабғу деп аталды.

  • Әскердің бас қолбасшысы – сюбашылар әскери кеңеске сүйенді. 

  • Жоғары билеушінің билігі тайпалық ақсүйек қауымының кеңесімен шектелді.

  • Билеушілердің әйелдері де сарай өмірінде маңызды рөл атқарды.

  • Мұрагерлерді тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар – атабектер тағайындалды.

  • Мал жекеменшік мүлік теңсіздігінің негізі болды. 

  • Оғыздар негізінен көшпелі малшаруашылығымен айналысты. 

  • IX-XI ғасырлардағы деректерде оғыздардың Жент, Сауран, Сығанақ т.б. қалалары аталады. 

  • Малынан айрылған көшпелілер отырықшы өмір салтына көшті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды.

  • Оғыздар арасына біртіндеп ислам діні де ене бастады.

  • Оғыз мемлекеті Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Олар 965 жылы Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандады. 

  • 985 жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын жеңді. 

  • Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздар оңтүстікте Мауреннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. 

  • X ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы аталды.

  • X-XI ғасырларда Оғыз елеулі дағдарысқа ұшырайды.

  • X-XI ғасырлар аралығында оғыз тайпаларының салық жинауға наразылық білдірген көтерілістері басталды. 

  • Салжұқ көсемдері дағдарысты өз мақсаттарына пайдалана білді. Олар оғыз билеушісіне қарсы көтеріліске басшылық етті. Оғыздардың соңғы билеушісі Шахмәлік салжұқтарға тұтқынға түсіп, өлді. 

  • Салжұқтармен, қыпшақтармен болған ұзақ жылғы соғыстардан әлсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан түпкілікті құлады. 

  • Оғыздардың біршама бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азия елдеріне қоныс аударды. Қалған бөлігі түркітілдес Дешті Қыпшақ тайпаларымен қосылып араласып кетті.

  • Оғыз тайпалары қазіргі түркі халықтарының қалыптасуына қатысты. Қазақтардың этникалық тарихында маңызды із қалдырды.

Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, билік екі тайпалық топ – жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлініп, мемлекет Шығыс және Батыс деген екі иеліктен (хандықтан) тұрды. Оларды өз қағандары басқарды.
1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда қаласы (оны Қара Орда немесе күз Орда деп те атаған) кейін Қашғар каласы болды.
2. Батыс хандық Мауренахрды биледі. Орталығы алғаш Бұхара, кейін Самарқан қаласы болды. Қарахан мемлекетінде биліктің қосарлы немесе тең құқықты жүйесі қалыптасты.
Шығыс хандық Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан оның ханы дəстүр бойынша жоғарғы Ұлы қаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлік болмай, олар жиі жеке-жеке бөлініп кетіп отырған.
Қарахан әулетінің шығу тегі Қашғарияда өмір сүрген қарлұқтармен байланысты. Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің құрылуы мен даму тарихында басты рөлді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 940-ыншы жылы Қашғарияның қарлұқ тайпалары Баласағұнды басып алып, Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізін қалады. Тарихта Қарахан мемлекеті аталған жаңа Түркі империясы құрылды. Болжам бойынша Қарахан әулеті атауы осы билеуші ұрпақтың арғы атасы Қараханнан шыққан.
999-ыншы жылы қарахандықтар Орта Азиядағы Самани мемлекетін талқандады. Өз билігін Әмударияға дейін жүргізді. Бұл өзен Қарахан мен Газнауилер арасындағы шегара болды.
Оныншы ғасырдың соңына қарай қағанаттың жер аумағы қалыптасты. Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шегара Балқаш және Алакөл көлдерінің бойымен өтті. Қарахандықтар иеліктері батысында Мауренахрды (Әмудария мен Сырдария аралығы), Жетісу жерін және шығысында Қашғарды қамтыды.
Қарахан мемлекетінде жер иеленудің иқталық жүйесі орнықты. Қағандар өз маңайындағыларға қазметтері үшін жер үлестерін бөліп беріп отырды. Олар аймақ немесе қала тұрғындарынан салық алу құқығына ие болды.
Мұндай жер үлестері иқта, ал иқтаны ұстаушылар иқтадар деп аталды.
Қарахандықтарда иқтадан басқа мынадай жер иелену түрлері болды: вакф – діни орындардың меншігі, ал мүлік – дінбасылардың жеке меншігі, яғни мемлекеттік салық түріндегі жерлер.
Иқта және иқталық жүйе Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рөл атқарды. Феодалдық қатынастардың дамуына ықпал етті. Иқталық жүйе жаңа ақсүйек қауымын қалыптастырды. Олар байып алып, қағандарға бағынбады. Кейбір жеке жер иелері өз теңгесін шығарып, көрші елдермен дипломатиялық қатынас жүргізді. Мұның бәрі келіспеушілікке, өзара қырқысқа алып келді.
Исламды қабылдау қарахандықтар дәуіріндегі ірі оқиға болды. Қарахан қағаны Сатұқ Боғра хан түркілердің исламға өтуіне дейін-ақ жаңа дінді қабылдаған болатын. Оның мұрагері Мұса 960-ыншы жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.
Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. Он екінші ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырап отырды. 1141-інші жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытайлардың үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
1210-ыншы жылы наймандармен соғыста Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212-інші жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды.
Қарахандар дəуірі Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының маңызды кезеңі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет