Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет22/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.

  • Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, батыс Түркі қағанаты құрамына кірген. 

  • VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. 

  • 656 жылы Батыс Түркі қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 

  • 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. 

  • Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды.

  • Бұл атақ жабғу атағынан екі дәреже жоғары. 

  • Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. 

  • Елді хакан мен оның аймақтардағы оның он бір мұрагері (әмір) биледі. 

  • Қимақтарда жазу болған, олар қамыс қаламмен жазып, ежелгі түркі әліппесін пайдаланған. 

  • Түркілердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (ұлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. 

  • Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты. 

  • Егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, қымбат аң терілерін дайындады. 

  • Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.

  • Әл-Идрисидің (XII ғасыр) келтірген деректеріне қарағанда олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болған. 

  • Х ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. 

  • Қимақтар саяси оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. 

  • XI ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.

  • Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.

Тоғызыншы ғасырдың аяғы, оныншы ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент – жаңа Гузия қаласы болды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілдерінде сөйлеген.
Түріктілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. жетінші ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түркі қағанатының құрамында болған. Оғыздар құрамына түркітілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тайпалары да енген.
Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу және Ыстықкөл мен Шу өзенінің аралығында басқа да түркітілдес тайпалармен қатар өмір сүргені жазылған. Кейін қарлұқтардың күшеюіне байланысты олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.
Батыс Түркі және Түргш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.
Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Олар тоғызыншы ғасырдың басында печенегтерді талқандады. Печенегтер жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. Тоғызыншы ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Махмуд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгенін келтіреді. Боз оқтар ерекше артықшылықтарға ие болған.
Оғыз мемлекетінің басшысы, билеушісі жабғу деп аталды.
Әскердің бас қолбасшысы – сюбашылар әскери кеңеске сүйенді. Жоғары билеушінің билігі тайпалық ақсүйек қауымының кеңесімен шектелді. Билеушілердің әйелдері де сарай өмірінде маңызды рөл атқарды. Ал мұрагерлерді тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар – атабектер тағайындалды.
Мал жекеменшік мүлік теңсіздігіннің негізі болды. Оғыздар негізінен көшпелі малшаруашылығымен айналысты. Тоғыз-он бірінші ғасырлардағы деректерде оғыздардың Жент, Сауран, Сығанақ тағы басқа қалалары аталады. Малынан айрылған көшпелілер отырықшы өмір салтына көшті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Олар 965-інші жылы Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандады. Оғыздар хазарларға қарсы күресте Қаратеңіз жағалауындағы құнарлы жайылымдық жерлерді тартып алуды көздеді. Және де Еділ бойымен өтетін сауда жолдарын бақылауды өз қолдарына алғысы келді.
985-інші жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын талқандады. Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздардың территориясы оңтүстікте Мауреннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. Оныншы ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы деп аталды.
Он-он бірінші ғасырларда Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды.
Белсенді саясат және көп жылғы соғыстар қыруар қаржыны талап етті. Сол себепті жыл сайын салық ұлғайтылды. Он-он бірінші ғасырлар аралығында оғыз тайпаларының салық жинауға наразылық білдірген көтерілістері басталды. Ал Салжұқ көсемдері дағдарысты өз мақсаттарына пайдалана білді. Олар оғыз билеушісіне қарсы көтеріліске басшылық етті. Оғыздардың соңғы билеушісі Шахмәлік салжұқтарға тұтқынға түсіп, өлді.
Салжұқтармен, қыпшақтармен болған ұзақ жылғы соғыстар, тайпалардың ауыр салыққа қарсы көтерілістері Оғыз мемлекетін әлсіретті. Әлсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан түпкілікті құлады.
Оғыздардың біршама бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азия елдеріне қоныс аударды. Қалған бөлігі түркітілдес Дешті Қыпшақ тайпаларымен қосылып араласып кетті.
Оғыз тайпалары қазіргі түркі халықтарының қалыптасуына қатысты. Қазақтардың этникалық тарихында маңызды із қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет