Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет25/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер 

  • IX ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. 

  • Қытай тіліңде «кидандар» араб, фарсы тілінде «карақытайлар» деп аталатын тайпа 927-947 жылдары Қытайдың солтүстік жағын бағындырып алып, ю-Чжоу (Бейжің) қаласын өздерінің астанасына айналдырған. Осы кезден бастап Ляо (темір) империясының дәуірі басталады.

  • 1125 жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. 

  • Қидандар Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергілікті түркі халқымен араласып, қарақытайлар деген атпен белгілі болды.

  • Бастапқы кезеңде Жетісуға қоныстанған қидандар жергілікті билеушілерге бағынатындарын білдірді. 

  • 1128 жылы қидандар Баласағұн қаласын басып алды. 

  • Сол жылы қидандар Жетісуда Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған мемлекеттің негізін қалады. 

  • Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141 жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. 

  • Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауренахрды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды.

  • Жетісу, Мауренахр және Шығыс Түркістан Қарақытай мемлекетінің құрамына енді. 

  • Алайда қарақытайлық гурхан қарахандықтар әулетін жойған жоқ. Өзінің вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алумен шектелді. Қарақытайлар қарахандықтардың басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеді және өлке экономикасына, қоғамдық өмірі мен мәдениетіне ықпал еткен жоқ. 

  • Қидандар: 1. Қарахандықтардың билігін сақтады. 2. Салықтарды жеткізуді жергілікті ақсүйектерге тапсырды 3. Маңайындағыларға жер бөліктерін бермеді. 4. Қатаң салық жүйесін орнатты 5. Гурхан билігін күшейтті. 6. Халықты тонауға тыйым салды.

  • Қидандар билеушісі гурхан лауазымын иеленді. Бұл «хандардың ханы» мағынасын білдірді. 

  • Бас ордасы Баласағұнға жақын жерде, Шу өзенінің бойында орналасты.

  • Қарақытайлар әскерінде тәртіп күшейтілді.

  • Гурханның өкілетті басқарушылары салық жинаумен де айналысты. Ол әр отбасынан бір динардан салық алды.

  • Қарақытайларда билікке мұрагерлік ету құқығына ерлер ғана емес, билеуші рудың әйелдері де ие болды. Қарақытай тарихында Елюй Дашидің қызы да билікке ие болғаны белгілі.

  • XII ғасырдың ортасынан бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын өзгертіп, ашық тонауға көшті. 

  • XII ғасыр соңында мұсылмандарды қудалау басталды. Жетісуда қарақытайларға қарсы мұсылман қозғалысы күшейе түсті.

  • Қарақытайлар Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммедпен соғысты бастап, жеңіліске ұшырады. 

  • Самарқан билеушісімен одақтаса отырып, Хорезмшахтар мемлекетінің әскері Таласқа жақын маңда қарақытайлықтарды талқандады.

  • 1208 жылы Моңғолиядан Шыңғысхан ығыстырған Күшлік басқарған наймандар Жетісуға келеді. 

  • Күшлік хан және оның одақтастары қарақытай билеушісін тұтқындады. 

  • 1212 жылы Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 

  • Жетісудағы билік найман билеушісі Күшлік ханға өтті. 

  • Жетісу жерінде қырғын соғыстар, бүліктер мен мұсылмандар көтерілістері 1218 жылға дейін, яғни Шыңғысхан Жетісуға келгенге дейін жалғасты.

  • Қарақытай мемлекеті қазіргі қазақ халқының ертедегі ру, тайпаларының басын біріктірген орта ғасырлардағы іргелі мемлекет болды.

Қимақтардың басшылығындағы тайпалар одағының өзегін 656-інші жылы Батыс Түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар құрады. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы сегізінші ғасырдың соңында оларды қимақ мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуге алып келді. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмады, олар сегіз-оныншы ғасырларда қимақ мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы қимақтар тарихымен қоса өрледі.
Мақмұд Қашқари еңбегі бойынша тоғызыншы ғасырдағы қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, тағы басқа рулар мен тайпалар енген.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер он бірінші ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім.
Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: он бірінші ғасырдағы Оғыз мемлекетімен соғыстар; Хорезм шахымен және Қарахан әулетімен күрес; сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қыпшақ хандары оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шегарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді.
Он бірінші ғасырдың басында Қимақ қағанаты тарағаннан кейін қимақ, қыпшақ және құман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Он бірінші ғасырда екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар мыналар болды: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-әл-Ғазидің хабары бойынша Ыстықкөл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да қыпшақтар құрамына кірген.
Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі. Осылайша Қыпшақ хандығы пайда болды.
Он бір-он екінші ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы түркітілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес он бірінші ғасырдың екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болды.
Он бірінші ғасырдың ортасында Маңғыстауды, сондай-ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне де жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. Он бірінші ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары Оңтүстік орыс және Қаратеніз өңірі далалары мен Византия шегараларына дейін қоныс аударған. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан елбөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс Қыпшақ және тоқсоба рулық әулеті билеген Батыс Қыпшақ бірлестіктеріне бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс Қыпшақ ұлысы ханының билігінде болған.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: Бірінші кезең, жеті-сегізінші ғасырларда Қимақ қағанатының құрамындағы қыпшақтар; Екінші кезең, сегіз-тоғызыншы ғасырларда Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі территорияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; Үшінші кезең, он бір -он үшінші ғасырларда Шығыс ұлыстағы Қыпшақ хандығы.
Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркітілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсуіне жатуына байланысты тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.
Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты ордасымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанаты ордасымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен әскерін басқарған ханның басқару апараты орналасты. Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан.
Билеуші ақсүйек топтарының (хандар, тархандар, басқақтар, югурлар, бектер мен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік, яғни таптық жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жекеменшік еді. Жылқы басты байлық саналды. Орта ғасырлардағы авторлардың хабарлағанындай қыпшақтар елінде көптеген адам бірнеше мың жылқы, ал олардың кейбіреулері он мың және одан да көп үйірлі жылқыны иеленген.
Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, олардың ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдеріне тәуелді болған.
Қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол Көне Түркі мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.
Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. Он үш -он төртінші ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы «түркі» ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі «Кодекс Куманикус» шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ жері көптеген ұлыстарға бөлініп кетті.
Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі оларда байланыс желісінің жетілгені болды. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырған. Қыпшақтардың мұсылман дінін қабылдауы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет