Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет51/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
онлайн мектеп 1

ТЕЗИСТЕР

  • Шоқан Уәлиханұлы – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.

  • Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.

  • Шоқан Уәлиханұлы 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. 2-3 жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды.

  • Ш. Уәлиханұлының ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында 22 жасында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады.

  • Потанин Шоқанды «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деген.

  • 1856 жылы Ш. Уәлиханұлы екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар болды.

  • 1857 жылы Уәлиханұлы Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» көшіріп алады.

  • Шоқан Қашғарияға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп Қашғарияны жан-жақты зерттеп зерттеп қайтты.

  • Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда және Англияда неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

  • Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.

  • Ыбырай Алтынсарин (шын аты – Ибраһим, 1841-1889 жж.) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы.

  • 1850 ж. Орынбор шегара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі.

  • Ол 1857-1859 жж. Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді.

  • Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.

  • Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья (1868-1874 жж.) және Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879 жж.) қызметтерін атқарады.

  • Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екікластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларға қажетті кітаптар алады.

  • 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебін ашады.

  • Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи маңызы зор болды.

  • 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» еңбегі жарық көреді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.

  • Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады

  • Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 23 тамызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданының Шыңғыстау баурайында дүниеге келді.

  • Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақты адамдардың бірі болған. 

  • «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.

  • Әкесі оны 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Абай медреседе төрт жыл оқығаннан кейін оны әкесі оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды.

  • Жетпісінші жылдардың бас кезінде Абай Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады.

  • Абай бір жағынан шығыс классиктері – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан орыс классиктері – А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, орыс әдебиетімен де терең таныс болған. Батыс әдебиетінен – Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

  • Абайдың «Ескендір» мен «Масғұт» дастан-поэмалары дәуір шындығын дәл бейнелеуге талпынған шығармалар болды. Абайдың қара сөздерінде адамгершілік мәселелері көтеріледі.

  • Абай 1904 жылы туған жерінде қайтыс болып, сүйегі Жидебай деген жерге қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет