Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет45/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Малшаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды.

  • Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті.

  • Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанскийдің басшылығымен жасалған «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді.

  • Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды.

  • Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, кейін 1839 жылы Омбы болды. 

  • Жарғы бойынша батыс шегарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді.

  • Бұлар – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40 пен 50 жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді.

  • Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді.

  • Патша үкіметі хан тұқымынан шыққан сұлтандардан және халық арасында ықпалды билерден қолдау табу үшін сұлтандардың әкімшілік қызметке сайлануын қолдап отырды.

  • Бірақ мұндайда сұлтанның хан тұқымынан шығуы міндетті болған жоқ, ең бастысы патша үкіметіне адал қызмет ету болды. Осылайша қазақтың хан тұқымынан шыққан сұлтандары енді патша үкіметінің шенеуніктеріне айналды.

  • Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді

  • Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс болу мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын.

  • Болыстық сұлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге тең болды.

  • Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланып отырды. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталарға тең болды.

  • «Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту.

  • Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. 

  • Кейін Сібір қазақтарын билеу Шегаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылып отырды. Шегаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағынды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.

  • Жалпы алғанда 1822 жылғы «Жарғы» патша үкіметі үшін Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашты.

  • Енді қазақ даласындағы хандық басқару жүйесі біржолата күйреп, оның орнына Ресейдің отаршылдық үкімет органдары берік орнықты

1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды.
1. Аумақтық өзгерістер:
ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады.
2. Басқарудағы өзгерістер:
1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер:
Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:
1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет