Суретті тор арқылы үлкейту тәсілі. Негізгі суретті торкөздерге бөледі, торкөз саны суреттің күр-
делілігіне байланысты болады. Суретке арналған үлкен форматтың беті де торланады. Торкөз саны не-
гізгі суреттегі торкөз санына пропорционалды және тең. Ыңғайлы болу үшін кесте торкөздерін нөмір-
леп қоюға болады.
Суретті трафарет арқылы көшіру тәсілі. Бұл тәсіл кестені, мәселен, суретті үлкен қабырғаға көшіре
алмаған кезде қолданылады. Мұндай тәсілді қолданғанда үлкен өлшемдерге қарамастан, бейне про-
порционалды тұрғыдан дәл салынады.
Сурет тор арқылы картон қағазға немесе қатты қағаздың бетінде үлкейтіледі. Содан кейін сурет-
тің жиектерін жуан инемен тесіп белгілейді. Тесік ізі түскен суретті қабырғаға іліп, сорғышпен немесе
қылқаламмен бояйды. Бұл әдісті бір суретті бірнеше рет қайталап салғанда қолданады.
Шығармашылық жұмысты жалғастырамын Оқушылар сабақ тақырыбын меңгере отырып: • суретші Рой Лихтенштейн шығармашы лы-
ғының ерекшелігімен танысады және оны
өздерінің шығармашылық жұмыстарында
қалай қолдануға болатыны жәнінде ойла-
нады;
• поп-арт стилінде жұмыс істегенде түрлі
әдіс-тәсілдер мен көркемдік материалдар-
ды анықтайды және қолданады.
Ресурстар: Рой Лихтенштейннің шығармашылығы туралы
көрсетілім, альбом, түрлі түсті қарындаштар, фло-
мастерлер, әртүрлі нүктелі шаблон, бояулар.
Анықта. Оқушылар шығарманың әр бөлігіне мұқият қа-
расын. Суретші көлемді көрсету үшін сызық, нүкте
және 2-3 ашық түс арқылы бейнені үлкейту әдісін
қолданады. Нүктелер трафаретпен түсірілген. По-
лотноның ашық тұсына жақындаған са йын нүк-
телер біртіндеп кішірейе береді. Осындай ерек-
ше тәсілдермен орындау арқылы сурет қолмен
салынғанына қарамастан, баспадан шыққандай
әсер қалдырады.