Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет57/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қосымша тапсырма
Топтағы әр оқушыға өлшейтін және сүргілей-
тін құрал беріңіз. Қосымша үш ашалы тетікке 
бекітетін шаршы қимасы бар бір-бір ағаш тара-
тыңыз. Оқушылар ағашты оқулықтағы алгоритм 
бойынша сүргілеп, сегіз қырлы етіп өңдейді, оны 
үш ашалы құралға бекітеді, сосын бұл құралды
айналдырғыштың білігіне бекітеді де, тіреуішті 
жөндейді.
Бағалау
Бағалау жұмысын жонылатын ағашты 
құрал-жабдықтарға орнату кезінде жүргізіңіз. 
Оқушылардың тапсырманы қалай орындағанына 
назар аударыңыз. Олардың жұмыстарына қолдау 
көрсетіп, көмектесіңіз.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, са-
бақта қауіпсіздік техникасын сақтаудың маңызды- 
лығын түсінуі қажет. Сабақта қауіпсіздік техника-
сының сақталуына мұғалім жауап беретіні есіңізде 
болсын. Осы тақырыпты аяқтай отырып, оқушы-
лардан сабақтың несімен, жасаған жұмыста-
рына көңілдері толатынын немесе толмайтынын 
сұраңыз.


48
Көркем еңбек
Тірек сөздер: токарь қашаулары, рейер, мейсель, негізгі және қосалқы қозғалыс.
Оқулық: Токарь білдегінде ағаш материалдарды механикалық өндеудің әдіс-тәсілдері, 48-49 бет-
тер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Қашау – ағаш шеберінің кесу құралы. Ағаштың ішіне кішкентай қуыс жасау, саңылауды тазарту, 
бедерлі және жиекті ою түсіруде пайдаланылады.
Токарь білдегінде ағаш материалдарды механикалық 
өндеудің әдістері мен тәсілдері
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• жонылатын ағашты орнатуды үйренеді; 
• токарь білдегінде ағаш жонуға арналған 
құралдармен танысады; 
• токарь қашауымен қауіпсіз жұмыс істеу 
тәсілдерін үйренеді.
Ресурстар:
токарь білдегі, ағаш жонуға арналған 
құрал-саймандар; беті жалпақ цилиндр тәріздес 
бұйым үлгілері; токарь білдегімен жұмыс істеу 
кезінде сақталуы тиіс қауіп сіздік ережелері жа-
зылған плакат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет