Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет59/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

49
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
Ағашты алғашқы өңдеу алгоритмін 
оқып-үйрен. 
Тапсырма оқушылардың ағашты алғашқы өң-
деу алгоритмін өз бетінше оқып-үйренуіне бағыт-
талған. Оқулықта ағаштың алғашқы өңдеу алгорит-
мі анық көрсетілген және қадамдық нұсқаулығы 
берілген. Пішінді беттерді қиғаш және жартылай 
дөңгелек қашаулармен кезек-кезек өңдейді. Егер 
бөлшек үлгі бойынша жонылса, бақылау кезінде 
оның осы үлгілерге сәйкестігі тексеріледі. Мүмкін-
дік болса, токарь білдегінде жону туралы шағын 
бейнематериал көрсетіңіз. 
Фасонды (үлгілі) беттерді кезекпен қиғаш және 
жартылай дөңгелек қашаулармен өңдейді. Қалып 
бойынша бөлікті жонады, бақылау кезінде осын-
дай фасонды беттің формасын қалыппен тексе-
реді. Алғашқы өңдеу жайлы білімді тәжірибемен 
бекіту үшін өзіңіз аталмыш алгоритмді токарь біл-
дегінде көрсетіңіз. Маңызды тұстар мен бөлшек-
терді нақтылай отырып, нұсқаулықтың әрбір тар-
мағын жеткізіп, көрсетіңіз.
Орындап көр. 
Бұл тапсырма тәжірибелік дағдыларды дамы-
туға арналған. Оқушылар теориялық білімдерін 
пайдаланып, токарь білдегіне ағаш орнатып
алғашқы өңдеуді бастайды. Әрбір оқушы жо-
нылатын ағашты орнатуға қажет әрекеттерді өз 
беттерінше жеке жасауы тиіс. Оларға көмектесу 
немесе қолдау мақсатында әрбір оқушының әре-
кетін бақылауға тырысыңыз.
Қосымша тапсырма
Оқушыларды білдекте жонуға арналған ағаш 
түрлерімен таныстырыңыз. Алдымен ағаштың 
физикалық және механикалық қасиеттерін еске 
түсірулерін сұраңыз. Ағаштың қаттылығы, тығыз-
дығы, дымқылдығы, иілгіштігі дегеніміз не? 
Оқушылар ағаштың қасиеттеріне және бо-
лашақта жасалатын бұйымның міндетіне қарай 
таңдалатынын білуі тиіс. Мысалы құралдардың 
сабын, үстел, орындық аяқтарын жонуға діңгегі 
қатты ағаштарды таңдау керек. Сәнді бұйымдарға 
жұмсақ ағаштар қолайлы. 
Біздің еліміз табиғи ресурстарға – пайдалы қаз-
баларға, минералдарға, су ресурстары, өсімдік 
пен жануарлар әлеміне бай. Қазақстан орманда-
рында ағаштың 68 түрі бар. Алуан түрлі ағаштар 
халық шеберлеріне әр бұйымға әртүрлі ағаш 
таңдауға мүмкіндік беретінін айтып өтініз. Қазақ 
қолөнер шеберлері ағаш өңдеу тәсілдерін жақсы 
меңгерген және ағашты қасиеттеріне байланысты 
таңдай білген. Қолдан жасалатың үй жиһаздары, 
ыдыс- аяқ көркем етіп әшекейленген, күйдіру, ою 
тәсілдері арқылы сәнделген, қымбат тастармен 
және металдармен безен дірілген. Осы ретте ұлт-
тық нақыштағы ыдыс-аяқ, ас-үйдегі керек-жарақ 
үлгілерін көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет