31.Әдебиеттің тектері мен түрлері.Жанр ұғымы.
Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типі жанр деп аталды. Әр жанр өзіндік пішіндер арқылы ерекшеленеді. Француз тілінен аударғанда «түр», «тек» деген мағына береді. Барлық әдеби шығармалар 3 текке бөлінеді: эпос, лирика, драма. Әрбір тек іштей түрлерге бөлінеді. Эпосқа миф, эпопея, роман, повесть, мысал, ертегі, әңгіме, очерк; лирикаға — ән, поэма, романс, ода, элегия; драмаға – трагедия, драма, комедия, мелодрама, водевиль, киносценарий жатады. «Жанр» термині кейде әдеби түр, кейде әдеби тек ұғымдарының баламасы ретінде қолданылып келеді. Жанр (французша — gener) — тек, түр. Бұрын да, кейін де «әдебиеттің тектері» деудің орнына «жанр» дейтін. Эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Дұрысының өзі де осы. Профессор Л.Тимофеев пен Н.Венгров: «Әдебиет тегін жанр деп атау дұрысырақ», — дейді. Біз де осы пікірге қосыламыз. Сондықтан бұл кітапта әдебиет тегі мен әдебиет жанры деген терминдер бір ұғымда қолданылады. Кейбір әдебиетшілер «жанр» деген терминді әдебиеттің тегіне емес, түріне қолданалық дегенді ұсынып жүр. Бірақ бұл, бізше, дұрыс емес. Біріншіден, жанр ғасырлар бойы әдебиеттің тегі мағынасында қолданылып келді. Екінші, тіл мамандары, француздың тілінде бұл сөздің ең дәл мағынасы — тегі, «түр» қосалқы ұғымда айтылатындығын растайды.Эпос — көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда, эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға,адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды.Суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің оны қалай түсінуін аңғартатын, күйініш-сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдік шығармаларды лирика дейді. Лирика көпшілігіне өлеңмен жазылады. Бұл — оның өзіне тән бір ерекшелігі тәрізді нәрсе. Лириканың элементі әдебиеттің басқа жанрларында да кездесуі мүмкін. Бірақ ол өте сирек кездеседі және басқаларына тән қасиет, ерекшелік емес. В.Г.Белинский лириканы өте жоғары санайды. Драмалық шығармаларды сахнаға қойғанда, әдебиет тексі, декорация,
актерлердің ойыны — үшеуінің басын қосады. Сондықтан да бұл — қиыннан қиысатын
нәрсе.Драмалық шығармалар сахнаға шыққаннан кейін сөз арқылы жасалатын образдарды
қолданушы сөз искусствосы ғана емес, сонымен қатар жанды қимыл, ым, адамды тартатын тағы басқа нәрселерді де пайдаланатын театрлық искусство боп шығады. Осылардың арқасында театрлық искусство көруші жұртшылыққа түсінікті және көп әсер етеді. Мұның жұртшылыққа тәрбие беру ісінде мәні зор.Әдебиет тектері — эпос, лирика және драма туралы сөз қозғағанда, айта кететін бір нәрсе, бұлардың бір-бірінен өзгешеліктерін мәңгілік және бір-біріне ауыспайды деп ұқпау керек. Эпос, лирика, драмаларды тарихи дамуы жағынан алып қарасақ, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Алғашқы қоғамда жеке эпос та, лирика да, драмалар да болған емес, барлығы бір нәрсе болды. Кейінірек өзара бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |