30.Көркемдік таным түрлері және әдеби даму заңдылықтары.
Таным адам баласының баршасына тән. Ешқашан бірін-бірі көрмеген, дөңгелек дүниенің әр бұрышында, тіпті әр келкі тарихи кезеңдерде өмір сүретін адамдардың эмоционалдық қалпы, ым-ишара жасауы, даусының ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қолдарының қимылы сияқты әрекеттерінің өте ұқсас келетіні таңғалдырады. Танымды анықтауда басшылыққа алынатын принциптер – оның бейнелеу мен қабылдау деп аталатын категориялары. Бұл диалектика заңынан белгілі. “Бейнелеу дегеніміз “танып білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым-қатынас процесі,” – дейді ғалымдар. Осы қарым – қатынастың негізінде белсенді көркемдік таным пайда болады. Шығарманың көркемдік, әсерлілік сипаты ондағы көркемсөздің эмоционалдығында, экспрессивтік бояуының қанықтығында. Демек, сөздерді ой елегінен өткізіп, өзінің танымдық әлемін, ішкі сезімін оқырманға әсерлі жеткізу – қаламгер шеберлігінің көрінісі. Нағыз қаламгер қарапайым сөзді құбылта кестелей отырып, алуан түрлі айшықты өрнектер жасайды, оқырманның да сезім пернесін дәл басып, оны түрлі сезім иірімдеріне жетелейді. Халық тілінің қайнарынан нәр алған жазушылар әсерлі сөз кестесін жасаған. М.Балақаевтың тілдің шеберлік сипатын білдіретін тәсілдерді бейнелеу және әсерлеу деп екіге бөлуі де сөздің “өмірдің реалды шындығын суреттейтіні” мен “кісінің эмоциялық сезіміне әсер ететін” көріктілігіне байланысты. Көркем туындыда (проза, поэзия, драмалық шығармаларда) эмоция мен экспрессияның берілу жайын аңғару қиын емес: оларда тілдік тәсілдер еркін пайдаланылады. Ал публицистикалық шығармаларда, функционалдық стильдің заңдылықтарына орай, тілдік нормалар берік сақталады, сондықтан эмоция мен экспрессивтілікті жеткізу мүмкіндігі шектеулі. Дегенмен шебер публицист, тілдік құралдарды ұтымды пайдалана отырып, кейіпкердің немесе өзінің нақты адами қалпын, адамгершілігі мен азаматтық позициясын, қоғамдық-әлеуметтік, саяси өмір шындығын және, ең бастысы, өзінің көңіл күйін нақты суреттей алады. Демек, көркем публицистикалық туындыда да шынайы көркем образ жасау мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда стилист – ғалым Р.Сыздықтың: “көркемдік пен образдылық (бейнелілік) тек көркем әдебиетке ғана тән емес, публицистикадан да, тіпті ғылыми әдебиеттен де табылады,”- деген.
Достарыңызбен бөлісу: |