Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секейқызы
12
|
K(O)HAA 0204
|
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – жоқ
Постреквизиті – жоқ
Оқытудың мақсаты: Қазақ халқы өзінің қоғамдык өмірі, тұрмыс-тіршілігі, қарекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті т.б. жайында сан алуан түрлі өлең-жыр, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер шығарып және оны ауызша айту арқылы таратқан. Фольклорлық мұралар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сыр-сипатын танытып, жастарға тағылым беру көзделді.
Қысқаша мазмұны: Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы, ерекшелігі туралы түсінік. Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы. Еңбек-кәсіпке байланысты өлеңдер. Үйлену салты және наным-сенімге байланысты өлеңдер. Лирикалық өлеңдер. Мақал-мәтелдер. Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең. Шешендік сөздер. Аңыз-әңгімелер және олардың мифпен байланысы. Ертегі және оның түрлері. Эпостық жырлар және оның зерттелуі. Батырлық эпос. Тарихи жырлар. Лиро-эпос. Айтыс және қазіргі заман халық поэзиясы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.
Білуі: Қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы туралы хабардар болады
Дағдысы: Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Құзіреттілігі: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі және жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалын бағамдай білуге үйренеді.
Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секейқызы
|
13
|
KFT 0205
|
Қазақ фольклорының типологиясы
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – жоқ
Постреквизиті – жоқ
Оқытудың мақсаты: Фольклорлық мұралардың танымдық та, тәлім-тәрбиелік те тағылымы мол. Оның ұрпақтар санасына ерлік пен елдікті, азаматтық пен адамгершілікті, адалдық пен пәктікті сіңіре беретін ғажайып көркем сыры, құдіретті күші бар. Фольклор халық өмірінің, арман-үмітінің, тарихы мен мәдениетінің поэтикалық шежіресі іспетті.
Қысқаша мазмұны: Түркі-моңғол халықтары эпосындағы кейбір ортақ желілер. Қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерінің типологиясы. Тарихи аңыз-әңгімелер. Қазақ эпосын тарату мен дамытудағы жыршы-ақындар ролі. Типологияның комплексті жүйесі туралы. Фольклорлық жанрлардың ұлттық сипаты. Ертек пен эпостың сюжеттік типологиясы. Қазақ-оғыз эпостарындағы тегі бір желілер және олардың өзгеруі. Жыр дәстүрі және «Түкібай-Шолпан» дастаны. «Алпамыс батыр» және «Қозы көрпеш - Баян сұлу» эпостарындағы ортақ желілер. Көшпелі түркілер мен отырықшы халықтардағы айдаһар бейнесінің типологиясы. Түркі халықтарында айтылатын күлдіргі әңгіме кейіпкерлері.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.
Білуі: Қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы туралы хабардар болады
Дағдысы: Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Құзіреттілігі: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі және жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалын бағамдай білуге үйренеді.
Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секейқызы
|
14
|
KTEM 0206
|
Қазақ-түркі эпостарының мәселелері
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – жоқ
Постреквизиті – жоқ
Оқытудың мақсаты: Әр кездерде фольклорлық мұралар жазба әдебиеттің бір арқауына айналып, оған ерекше өрнек-реңк беріп, бірін-бірі толықтырып келе жатқаны да аян. Мұның өзі де қазіргі көркемдік дамудың бір қыры. Соңғы кездері ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары (ақындар айтысы) соны серпінмен өміршең өнер ретінде танылуда. Кез келген фольклорлық шығарма халық өмір-тіршілігінін алуан түрлі жақтарын белгілейді. Бірақ әр жанрдың болмысқа қатысы әр түрлі дәрежеде болады. Бағдарламада фольклордың сан қырлы табиғаты сараланады.
Қысқаша мазмұны: Саха (якут) халқы ауыз әдебиетінде батырлар жыры. Алтай эпосы. Ұйғыр фольклоры. Хақастың қаһармандық эпосы. Тува халық ауыз әдебиетінің жанрлары, көрнекті ескерткіштері. Қырғыздың «Манас» эпосы. Өзбек эпосы. Қарақалпақ фольклоры. Түркмен эпосы. Башқұрт фольклоры. Ноғай фольклоры. Құмық фольклоры. Қарашай, малқар фольклоры. Азербайжан-әзери фольклоры. Қараим фольклоры. Қырым татарларының фольклоры.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ-түркі эпостарының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.
Білуі: Қазақ-түркі эпостарының зерттелу тарихы, фольклортану ғылымының тарихы туралы хабардар болады
Дағдысы: Қазақ-түркі эпостарының мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Құзіреттілігі: Қазақ-түркі эпостарының көркемдік ерекшелігі және жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалын бағамдай білуге үйренеді.
Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секейқызы
|
15
|
KAT 0207
|
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы
Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы
Постреквизиті – ХІХ ғасыр әдебиеті, Абайтану.
Оқытудың мақсаты: Тарихпен сабақтасқан қазақ әдебиетінің ХҮ-ХҮІІІ ғасыр поэзиясы мен қазақ әдебиетін студенттерге меңгерту. Әдебиеттің болмысын ұғынуға, аталмыш дәуір әдебиетін зерттеген ғалымдардың еңбектерін игеруге ықпал ету.
Қысқаша мазмұны: Ұлттық сөз өнеріндегі жыраулар поэзиясы. Аңыз ата Асан қайғы жырларындағы философиялық толғамдар. Қазтуған – жорық жыршысы. Доспамбет жырау жырларындағы ерлік пен батырлық. Шалкиіз Тіленшіұлының «Ер шобан» жырындағы елдік ерлік мәселелері. Жиембет Бортағашұлы шығармашылығындағы Есім хан бейнесі. Марғасқа жырау поэзиясындағы тарихи шындық. Ақтамберді жырау шығармашылығындағы дидактика. Үмбетей Тілеуұлы поэзиясының тақырыптық, көркемдік нәрі. Тәттіқара – жортуыл жыршысы. Бұқар жыраудың отаршылдыққа қарсы жыр толғаулары. Бұқар поэзиясы – шеберлік маңызы. Көтеш ақын шығармашылығындағы тіршілік тынысы. Шал ақын шығармашылығындағы адамгершілік мәселесі. Қожаберген Толыбайұлы шығармашылығындағы бірлік пен батырлық мәселесі.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ сөз өнерінің көрнекті өкілдерінің мұраларымен танысады.
Білуі: Жыраулар поэзиясының қалыптасуын, ұлттық сөз өнеріндегі алатын орнын таразылайды.
Дағдысы: Қазақ әдебиетін жан-жақты талдауда студенттерді ізденіске дағдыландыру.
Құзіреттілігі: Толғаудың жанрлық табиғатын ашып, идеялық мазмұны мен көркемдік қуатына талдау жасайды.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қадыров А.Қ.
|
16
|
ZhPKA 0208
|
Жыраулар поэзиясындағы көркемдік айшықтар
Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы
Постреквизиті – ХІХ ғасыр әдебиеті
Оқытудың мақсаты: Жыраулар поэзиясының ерекшелігі мен көрнекті жырау толғауларының бейнелілігін саралап жан-жақты талдап көрсету. Жыраулар поэзиясы түркі халықтарына ортақ мұра болғандықтан, кейбір сөздердің мағынасын анықтау
Қысқаша мазмұны: Асан қайғы толғауларындағы заман көрінісі, туған жер бейнесі, өсиет-ғибрат сөздер. Доспамбет жыраудың толғауларының идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері. Шалкиіз жырау толғауларының тіл нақыштары, нақыл сөздер, афоризмдер. Жиембет жырау толғаулары. Атамберді жырау толғауларының әлеуметтік мәні. Үмбетей жырау толғауларындағы Бөгембай батыр образы. Бұхар жыраудың адамның жас ерекшелігіне байланысты, өмір мен өлім туралы толғаулары.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ әдебиетіндегі көрнекті жыраулардың мұраларымен танысып, толғау жанрының қоғамдық маңызын түсінеді.
Білуі: Жырау толғауларының көркемдік элементтерін тауып, талдауға үйренеді.
Дағдысы: Толғау жанрының табиғатын танып, талдауға төселеді.
Құзіреттілігі: Дәстүр мәселесіне бойлай еніп, жыраулар шығармашылығынан жалғастықты табуға бейімделеді.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қадыров А.Қ.
|
17
|
HDATTB 0209
|
Хандық дәуір әдебиетіндегі тарихи тұлғалар бейнесі
Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – Ежелгі дәуірден хандық кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы
Постреквизиті – ХІХ ғасыр әдебиеті
Оқытудың мақсаты: Әдебиет – халық өмірінің айнасы. Сондықтан, қай елдің әдебиеті болмасын, тарихи кейіпкерлер галереясы жасалады. Қазақ хандығы кезеңіндегі хан, би, сұлтан, батырлардың тұлғаларын ашып, толғаудың идеялық мазмұнын тарихпен сабақтастыра отырып талдау.
Қысқаша мазмұны: Асан қайғыны Жәнібек ханға айтқан толғауының әлеуметтік мәні, тарихи сипаты. Шалкиіз жыраудың Би Темірге арналған толғаулары. Жиембет жырау толғауларындағы Есім хан бейнесі. Марғасқа жыраудың Тұрсын Мұхаммед Сұлтанға айтқан толғауы. Атамберді жыраудың Бөгембай батырға қарата айтқан толғауы. Тәтіқара ақынның өлеңдеріндегі қазақ батырларының бейнесі. Үмбетей – қазақ поэзиясында Бөгембай батырды өшпес образын жасаған жырау. Бұхар жырау және Абылай, Көтеш ақынны «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» өлеңінің тарихи мәні.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Хандық дәуір кезең жырауларымен қатар, тарихи кейіпкерлермен танысып, образдарының толғауда жан-жақты ашылуын бақылайды.
Білуі: Жырауды образ жасаудағы қолданған көркемдік элементтерін талдау жасауға үйренеді.
Дағдысы: Әдебиетке сол кезең уақытымен үндесе отырып, баға беруге дағдыланады.
Құзіреттілігі: Тарих пен әдебиет сабақтастығы, әдебиеттегі тарихи шындық жайлы мол мәлімет алады.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қадыров А.Қ.
|
18
|
Ab 0210
|
Абайтану
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиты – Әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, әлем әдебиетінің тарихы.
Постреквизиты – Әдебиет теориясы, Қазақ әдебиеті сынының тарихы.
Оқытудың мақсаты: Абай шығармашылығының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне төңкеріс әкелген құбылыс екендігін сараптау. Абайдың даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды.
Қысқаша мазмұны: Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері; Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы; Абайдың эстетикалық тағылымы; Сатиралық лирикасы; Табиғат лирикасы; Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері; Қарасөздері; Абай шығармалары – замана айнасы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер: Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады; Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады; Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады; Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді; Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.
Білімі: Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады. Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады.
Білуі: Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Дағдысы: Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді. Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.
Құзіреттілігі: Қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына сыни баға беруге қалыптасады.
Бағдарламының жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к, Ә.Әбділманатқызы
|
19
|
Ab 0211
|
Абайдың ақындық мектебі
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиты – Әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, әлем әдебиетінің тарихы.
Постреквизиты – Әдебиет теориясы, Қазақ әдебиеті сынының тарихы.
Оқытудың мақсаты:
Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Сол себепті пәнді оқытудағы мақсат – қазақ әдебиетіндегі Абай қалыптастырған стиль, өрнек, түр, тақырып мәселелерінің ақын шәкірттерінің шығармашылығында тапқан көрінісін, Абай шығармашылығының тигізген ықпалын саралау.
Қысқаша мазмұны: «Ақындық мектеп», «ақындық орта», «әдеби дәстүр» ұғымдары туралы түсінік; Абайдың ақын шәкірттері жайында; Ақылбай Абайұлының ақындығы; Мағауия Абайұлының ақындығы; Тұрағұл Абайұлының шығармашылығы; Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы; Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев; Көкбай Жанатайұлының өмірі шығармашылығы; Уәиіс Шоңдыбайұлының ақындығы; Әріп Тәңірбергенұлы шығармашылығы; Әсет Найманбайұлының ақындық мұрасы; Иманбазар Қазанғапұлы шығармашылығы; Әубәкір Ақылбайұлы шығармашылығы; Әрхам Кәкітайұлы щығармашылығы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер: Әдеби ұғымдар бойынша таным-түсініктерін кеңейту; Абайдың ақын шәкірттерінің шығармашылығымен жіті танысады. Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы шәкірттерінің шығармаларын талдау барысында теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға машықтанады; Ізденіс, зерттеу, сараптама жасауға төселеді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы туралы білімін кеңейтеді.
Білімі: Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады. Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады.
Білуі: Абайдың ақындық дәстүрінің қалыптасуы мен дамуы туралы жан-жақты білім алады.
Дағдысы: Көркем шығармаларды талдауға дағдыланады.
Құзіреттілігі: Әдебиеттегі дәстүр мен жалғастық белгілерін таба отырып, туындыға талдау жасауға қалыптасады.
Бағдарламының жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к, Ә.Әбділманатқызы
|
20
|
AbAK 0212
|
Абайдың ақындық кітапханасы
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиты – Әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті.
Постреквизиты – Әдебиет теориясы, Қазақ әдебиеті сынының тарихы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Әлем әдебиеті тарихы.
Оқытудың мақсаты: Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты қарастыруды қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Соның негізінде, Абай нәр алып, сусындаған поэзия, оның ақын шығармаларына тигізген әсерін анықтау.
Қысқаша мазмұны: Әдеби байланыс мәселелері; Халық шығармашылығының Абайға әсері; Абай және Шығыс әдебиеті; Абайдың гуманистік, ағартушылық дүниетанымының қалыптасуы; Назира дәстүрі; Абай және Батыс әдебиеті; Орыс демократтарының Абайдың прогресстік көзқарасының қалыптасуына ықпалы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер: Әлем әдебиетінен білімдерін толықтырады. Әдеби ұғымдар бойынша таным-түсініктерін кеңейтеді. Салыстырмалы әдебиеттанудың қарастыратын мәселелерімен танысады.
Білімі: Абай ақындығының бастау көздері туралы жан-жақты білім алады.
Білуі: Дүниетаным, көзқарас, тұлғалық жетілу мәселелерімен танысады.
Дағдысы: Салыстырмалы талдауға дағдыланады.
Құзіреттілігі: Шығыс және Батыс әдебиеті туралы түсінігі қалыптасып, туындыға салыстырмалы талдау жасауға қалыптасады.
Бағдарламының жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к, Ә.Әбділманатқызы
|
21
|
KK(O)TS 0213
|
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы »
Оқытудың мақсаты: Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдерін, теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымына талдау жасай отырып кешенді түрде оқыту.
Қысқаша мазмұны: Сөзжасам теориясы: қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі;
туынды сөздер: туынды түбір, күрделі сөздер, біріккен, кіріккен сөздер, қосарланған, тіркескен сөздер, сөзжасамдық ұя: сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тарам;
есім, етістік сөздердің сөзжасамы: зат есім сөзжасамы, сын есім сөзжасамы, сан есім сөзжасамы, үстеудің сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ тіліндегі сөзжасамдық процестерді, сөзжасамның негізгі ұғымдары мен теориясын, сөзжасамдық тәсілдермен таныс болады.
Білуі: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамының өзекті мәселелерін білумен қатар негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай біледі
Дағдысы: Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдеріне сүйене отырып, сөз жасамның ішкі семантикалық құрылымына талдау жасауға дағдылану қажет.
Құзіреттілігі: Сөзжасам туралы теориялық мәселелер мен сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарын білу.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.М.
|
22
|
SM 0214
|
Сөзжасам мәселелері
Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы »
Оқытудың мақсаты: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі тың бағыт, жаңа салалармен таныстыру. Өзекті мәселелерін көрсету.
Қысқаша мазмұны: Сөзжасам теориясы: қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі;
туынды сөздер: туынды түбір, күрделі сөздер, біріккен, кіріккен сөздер, қосарланған, тіркескен сөздер, сөзжасамдық ұя: сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тарам;
есім, етістік сөздердің сөзжасамы: зат есім сөзжасамы, сын есім сөзжасамы, сан есім сөзжасамы, үстеудің сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі конверсия тәсілі бойынша сөз тудыру мәселесінің тіл білімінде зерттелуі жайы, сөз тудырудың ерекшеліктері туралы білім қажет.
Білуі: Сөз таптарының бір-біріне ауысуы және оның түрлері жайында білімдері болғаны жөн.
Дағдысы: Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдеріне сүйене отырып, сөз жасамның негізгі мәселелеріне өзіндік саралау жасай білуге дағдылану қажет.
Құзіреттілігі: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі өзекті мәселелр туралы мағлұматтармен таныс болу.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.М.
|
23
|
SSU 0215
|
Сөзжасам: Семантика. Уәждеме
Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы »
Оқытудың мақсаты: Қазақ тілінің сөздік құрамындағы күрделі атауларды кешенді түрде зерттеу.
Қысқаша мазмұны: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, күрделі атауларды кешенді түрде зерттеу, сөзжасамдағы семантика мәселелері, күрделі атаулардың белгілері мен жасалу жолдары, күрделі атаулардың типтері, даму, қалыптасу заңдылықтары.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі күрделі атаулар мен семантика туралы білімдері болу қажет.
Білуі: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі күрделі атаулардың тіл байытудағы атқаратын қызметі мен теориялық негіздері туралы білгендері жөн.
Дағдысы: Күрделі атаулардың белгілері мен жасалу жолдарын, типтерін, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындай білуге дағдылану.
Құзіреттілігі: Тілдік аталымның уәждеме негізін мен сөзжасамдағы семантика туралы мәселерге назар аудару.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.М.
|
24
|
KDTOM 0216
|
Қазақ диалектологиясы тарихының өзекті мәселелері
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы».
Постреквизиті – «Стилистика және тіл мәдениеті»,«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі».
Оқытудың мақсаты: Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары және зерттелу тарихымен таныстырып, қазақ тілі говорларындағы фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері жайында жүйелі білім беру мақсатын көздейді.
Қысқаша мазмұны: Пәннің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті. Диалектология – тіл туралы ғылымның дербес саласы. Тілдердің диалектілік құрылымының әртүрлі болатындығы. Ұлттық тіл және диалектілер. Әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасы. Қазақ тілі – тұтастығын сақтаған диалектілік құрылымы әлсіз, болмашы дамыған тіл. Диалектілік ерекшеліктердің таралу шегін лингвистикалық география әдісімен зерттеу арқылы анықтау қажеттігі. Диалектілік ерекшеліктер – қай заманда да халықтың жанды ауызекі сөйлеу тіліне тән құбылыс.
|
Достарыңызбен бөлісу: |