Кредит саны 2 (1+1+0), ects бойынша кредит саны 3



бет4/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#126476
1   2   3   4   5   6   7   8

Қысқаша мазмұны: Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көпқырлығы. Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Лириканың басты даму сатылары мен ерекшеліктері. Тақырып аясы, проблематикасы. Поэмадағы тақырыптық ізденістер. Поэмадағы лиризм мен драматизм. Драматургия: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі. Әдеби шығарманы талдау мен әдеби процесті байыптаудағы жаңа ізденістер мен табыстар.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, олардың 1960-2000 жылдар әдебиетіндегі қолданылу ерекшелігін оқып, біледі

Білуі: Әдебиет жанрлар мен тарихи проза, поэма, т.б. түрлерінің көркемдік өсу жолын меңгереді

Дағдысы: Көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің тағлымдық, көркемдік-эстетикалық және ұлттық мәнін оқып, игереді

Құзіреттілігі: Көркем әдебиеттегі образ сомдаудың әдеби ерекшеліктерін оқып, игереді.

Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Аитова

38

KDA 0230

Кеңес дәуірі әдебиетінің соңғы кезеңіндегі стильдік және жанрлық жетістіктер

Кредит көлемі –3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны –5.

Пререквизиті – Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)

Постреквизиті – Қазақ әдебиеті сынының тарихы, Қазіргі қазақ лирикасы

Оқытудың мақсаты: Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың соңындағы әдеби процесс пен әдебитет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

Қысқаша мазмұны: Ә.Тәжібаев лирикалық шығармалары, І.Есенберлин романдарындағы тарихи деректер, Х.Ерғалиев поэтикасы, Ж.Молдағалиев поэмаларының көркемдік ерекшелігі, С.Мәуленов поэзиясындағы сурет және сурет кер әлемі, Т.Ахтанов романдарындағы өмір шындығы, Б.Соқпақбаев прозасы, Ә.Нұрпейісов романдарындағы баяндау, З.Қабдолов прозасы, зерттеу еңбектері, М.Мақатаев поэзиясындағы психологизм, С.Жиенбаев поэзиясы, Ж.Нәжімеденов поэзиясындағы философия, О.Бөкей прозасының стилі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Кезең әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығымен танысады.

Білуі: 1960-2000 жылдар аралығындағы дебиетт даму өрісін бағамдайды

Дағдысы: Тарихи прозаны талдап, салыстыра зерттеу жмыстарын жүргізуге дағдыланады.

Құзіреттілігі: Әдеби үдерістегі дәстүр мен жаңашылдың мәселесіне көркем шығармадан тауып үйренеді.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Аитова

39

KK(O)TF 0231


Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – Тіл біліміне кіріспе

Постреквизиті – Қазіргі қазақ тілі;

Қазақ тілін оқыту әдістемесі



Оқытудың мақсаты: тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары; сөздің айтылуы мен жазылуы, дыбыстардың қолдану қабілттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, мәні мен сипаты, ерекшеліктері, фонетика сөздің айтылуына негізделетінін анықтау.

Қысқаша мазмұны: Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрде болатыны. Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арасында іске асатыны. Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар оры. Дыбыс – тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететіндігі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: тілдің қызметін, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындай білуі қажет.

Білуі: фонетика ғылымының өзекті мәселелері, алған білімдерін практикада қолдана білу, фонетикалық талдау жасай алу, теориялық еңбектерге сүйене отырып, өзіндік пікір айта білу.

Дағдысы: дыбыстардың қолдану қабілеттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, түрлері, дыбыс, әріп, фонема, буын, екпін олардың ара қатынасы, үндестік заңы, жазу мәселесі жайында көзқарас қалыптастыру.

Құзіреттілігі: студенттер фонетика саласының зерттелуі мен дамуы, қалыптасуын, дыбыс, әріп, фонема, дыбыстардың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімі, орфография, олардың ерекшелігін айқындай білуі қажет .

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к. А.Т.Смағұлова

40

FOM 0232

Фонетиканың өзекті мәселелері

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – Тіл біліміне кіріспе

Постреквизиті – Қазіргі қазақ тілі;

Қазақ тілін оқыту әдістемесі



Оқытудың мақсаты: фонетика сөздің айтылуына негізделетінін анықтау, тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары; сөздің айтылуы мен жазылуы, дыбыстардың қолдану қабілттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, мәні мен сипаты, ерекшеліктері.

Қысқаша мазмұны: Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар оры. Дыбыс – тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететіндігі.Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрде болатыны. Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арасында іске асатыны.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: тілдің қызметін, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындай білуі қажет.

Білуі: фонетика ғылымының өзекті мәселелері, алған білімдерін практикада қолдана білу, фонетикалық талдау жасай алу, теориялық еңбектерге сүйене отырып, өзіндік пікір айта білу.

Дағдысы: дыбыстардың қолдану қабілеттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, түрлері, дыбыс, әріп, фонема, буын, екпін олардың ара қатынасы, үндестік заңы, жазу мәселесі жайында көзқарас қалыптастыру.

Құзіреттілігі: студенттер фонетика саласының зерттелуі мен дамуы, қалыптасуын, дыбыс, әріп, фонема, дыбыстардың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімі, орфография, олардың ерекшелігін айқындай білуі қажет .

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к. А.Т.Смағұлова

41

KKTFZh 0233

Қазақ тілінің фонемалық жүйесі

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – Тіл біліміне кіріспе

Постреквизиті – Қазіргі қазақ тілі;

Қазақ тілін оқыту әдістемесі



Оқытудың мақсаты: тілдің қызметі және оның өмір сүру формалары; сөздің айтылуы мен жазылуы, дыбыстардың қолдану қабілттілігі, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі, мәні мен сипаты, ерекшеліктері, фонема туралы түсінік қалыптастыру

Қысқаша мазмұны: Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрде болатыны. Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатынасы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арасында іске асатыны. Фонеманың тілдегі қызметі. Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: тілдің қызметін, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындай білуі қажет.

Білуі: фонема туралы пікір қалыптастыру, фонетика ғылымының өзекті мәселелері, алған білімдерін практикада қолдана білу, фонетикалық талдау жасай алу, теориялық еңбектерге сүйене отырып, өзіндік пікір айта білу.

Дағдысы: дыбыс, әріп, фонема, буын, екпін олардың ара қатынасы, үндестік заңы, жазу мәселесі жайында көзқарас қалыптастыру.

Құзіреттілігі: фонетика саласының зерттелуі мен дамуы, қалыптасуын, дыбыс, әріп, фонема, дыбыстардың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімі, орфография, олардың ерекшелігін айқындай білуі қажет .

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к. А.Т.Смағұлова

42

TBK 0234


Тіл біліміне кіріспе

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.

Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе» пәні филология мамандығында оқитын студенттерге кіріспе пән ретінде оқытылады.

Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Жалпы тіл білімі».

Оқытудың мақсаты: тіл білімнің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және де студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны: Аталған пән - негізгі іргелі пәннің бірі, бүкіл оқу жүйесінде жүргізілетін қазіргі қазақ тілінің негізгі іргетасы іспетті. Тілдің қоғамдық мәні мен оның қызметі, жүйесі мен құрылымы тәрізді сауалдарға жауап алынатын күрделі курс болып табылады. Сол сияқты, тілдердің даму заңдылығы, олардың өзара әсері де бір-бірінен бөле жаруға келмейтін тіл білімінің зерттеу нысанындағы мәселелердің бірегейі екендігі хақ.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: - студент тіл білімінің негізгі ұғымдары туралы негізгі түсінік алуы керек. Тіл дегеніміз қандай құбылыс, оның қоғамдағы мәні қандай?

- тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылым салаларымен байланысы туралы білуі керек.

- тіл білімінің салалары туралы, олардың зерттеу нысандары мен зерттеу ерекшеліктерінен хабардар болуы тиіс.

- тілдің құрылымдық және жүйелік қасиеттері, сөз таптары, грамматикалық негізгі ұғымдар, фонетика, фонема, лексема, морфема сияқты тілдік бірліктердің мәні мен ерекшеліктерін де студенттің меңгеруі маңызды мәселе болып табылады.

- тіл ғылымының негізгі бөлімдерінің ұғымын оқу, оның ішкі структурасы- фонетика және фонология, лексикология және лексикография, грамматика және оның құрамдық бөлімін оқу.

- әлем тілдерінің әр түрлі классификациясымен және қалыптасқан жүйесінің принциптерімен танысу. Тілдік материалдарға өздік анализ жасауды ұлғайту, өсіру



Білуі:

-тіл білімінің салалары туралы, олардың зерттеу нысандары мен зерттеу ерекшеліктерінен хабардар болады.

-тіл ғылымының негізгі бөлімдерінің ұғымын оқу, оның ішкі структурасы- фонетика және фонология, лексикология және лексикография, грамматика және оның құрамдық бөлімдерімен танысады.

-әлем тілдерінің әр түрлі классификациясымен және қалыптасқан жүйесінің принциптерімен танысады.

-қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелерімен таныс болады.

-теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

-тілдік материалдарға өздік анализ жасауды меңгереді.



Дағдысы: тілдің қоғамдық мәні, тіл тарихы, тілдің таңбалық сипаты, фонетика, лексикология, грамматикалық ұғымдар, тілдердің жіктелуі жайында көзқарас қалыптастыру.

Құзіреттілігі: - тіл білімінің өзекті мәелелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;

- Өзіндік пікір айта алу;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к. А.Т.Смағұлова


43

LZhT 0235

Лингвистиканың жалпы теориясы

Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – «Лингвистиканың жалпы теориясы» пәні филология мамандығында оқитын студенттерге кіріспе пән ретінде оқытылады.

Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Жалпы тіл білімі».

Оқытудың мақсаты: тіл білімнің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және де студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны: әлем тілдерінің құрылысын, әлеуметтік функциясын және тарихи дамуын, адамзаттың табиғи тілін, оның жалпы заңдылықтарын, қолданылуын және адам қоғамын зерттейтін гуманитарлық ғылым. Жалпы адам баласының тілдің мәні мен құрылысын, тіл элементтерінің өзара қатысын, тілдің даму себептері мен бағыттарын және тіл білімінің жалпы тілдік мәселелер қамтылса, бұл білімінің нысаны болып табылады

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: - студент тіл білімінің негізгі ұғымдары туралы негізгі түсінік алуы керек. Тіл дегеніміз қандай құбылыс, оның қоғамдағы мәні қандай?

- тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылым салаларымен байланысы туралы білуі керек.

- тіл білімінің салалары туралы, олардың зерттеу нысандары мен зерттеу ерекшеліктерінен хабардар болуы тиіс.

- тілдің құрылымдық және жүйелік қасиеттері, сөз таптары, грамматикалық негізгі ұғымдар, фонетика, фонема, лексема, морфема сияқты тілдік бірліктердің мәні мен ерекшеліктерін де студенттің меңгеруі маңызды мәселе болып табылады.

Білуі: -тіл білімінің салалары туралы, олардың зерттеу нысандары мен зерттеу ерекшеліктерінен хабардар болады.

-тіл ғылымының негізгі бөлімдерінің ұғымын оқу, оның ішкі структурасы- фонетика және фонология, лексикология және лексикография, грамматика және оның құрамдық бөлімдерімен танысады.

-әлем тілдерінің әр түрлі классификациясымен және қалыптасқан жүйесінің принциптерімен танысады.

Дағдысы: тілдің қоғамдық мәні, тіл тарихы, тілдің таңбалық сипаты, фонетика, лексикология, грамматикалық ұғымдар, тілдердің жіктелуі жайында көзқарас қалыптастыру.

Құзіреттілігі: - тіл білімінің өзекті мәелелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;

- Өзіндік пікір айта алу.



Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к. Смағұлова А.Т.

44

TBM 0236

Тіл білімінің іргелі мәселелері

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – «Тіл білімінің іргелі мәселелері» пәні филология мамандығында оқитын студенттерге кіріспе пән ретінде оқытылады.

Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Жалпы тіл білімі».

Оқытудың мақсаты: тіл білімнің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және де студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны: Тілдің қоғамдық мәні мен оның қызметі, жүйесі мен құрылымы тәрізді сауалдарға жауап алынатын күрделі курс болып табылады. Сол сияқты, тілдердің даму заңдылығы, олардың өзара әсері де бір-бірінен бөле жаруға келмейтін тіл білімінің зерттеу нысанындағы мәселелердің бірегейі екендігі хақ.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі

- тіл ғылымының негізгі бөлімдерінің ұғымын оқу, оның ішкі структурасы- фонетика және фонология, лексикология және лексикография, грамматика және оның құрамдық бөлімін оқу.

- әлем тілдерінің әр түрлі классификациясымен және қалыптасқан жүйесінің принциптерімен танысу. Тілдік материалдарға өздік анализ жасауды ұлғайту, өсіру



Білуі:

-тіл білімінің салалары туралы, олардың зерттеу нысандары мен зерттеу ерекшеліктерінен хабардар болады.

-тіл ғылымының негізгі бөлімдерінің ұғымын оқу, оның ішкі структурасы- фонетика және фонология, лексикология және лексикография, грамматика және оның құрамдық бөлімдерімен танысады.

Дағдысы: тілдің қоғамдық мәні, тіл тарихы, тілдің таңбалық сипаты, фонетика, лексикология, грамматикалық ұғымдар, тілдердің жіктелуі жайында көзқарас қалыптастыру.

Құзіреттілігі:

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.



Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к. Смағұлова А.Т.

45

T(S)FK 0237

Түркі филологиясына кіріспе

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.

Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «қазіргі қазақ тілі».

Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілі пәні», «Салыстырмалы тарихи грамматика», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Көне түркі тілі».

Оқытудың мақсаты: тіл білімнің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және де студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны: «Түркі филологиясына кіріспе» пәнінің мақсаты – студенттерге түркология дегеніміз – шығыстану ғылымының бір саласы, қазіргі және көне түркі халықтарының тілін, рухани және материалдык мәдениетін, тарихын, әдебиетін тексеруші дербес ғылым саласы екендігін және түркі тілдерін, түркі жазба ескерткіштерін зерттеудегі түркологияның алатын орнын түсіндіру.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Түркі тілдерінің тарихын, тілін, этнографиясын т.б. білу, түркологтардың зерттеулерін меңгеру.

Білуі: Түркі тілдерінің тарихын, тілін, этнографиясын т.б. білу.

Түркология ғылымының өзекті мәселелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Түркі тілдері тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;

- Өзіндік пікір айта алу;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.



Дағдысы: студенттер бойына қазак тілінің тарихы оның тайпалық тілдерден халық тілі, одан ұлт тілі болып қалыптасуы – туыс түркі тілдерінің тарихымен тікелей байланыстылығы жайлы сенімді көзқарас қалыптастыру.

Құзіреттілігі: студенттер түркі тілдерінің зерттелуі мен дамуы, қалыптасуы жайынан түсінік алады; түркологияның негізгі проблемалары және оның қазіргі міндеттерімен танысады. Бұл курсты тыңдаушылар түркі тобына қандай халықтар мен тілдер жататыны, ондағы ірі тілдердің (не тілдік топтардың) өзіндік ерекшеліктері мен қалыптасуы жөнінде мағлұмат алуға тиісті.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ш.С.Кеңесбаева.

46

КТТ 0238

Көне түркі тілі

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.

Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілі»,

«Психология», «Логика»



Постреквизиті – «Түркі филологиясына кіріспе», «Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі».

Оқытудың мақсаты: тіл білімнің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және де студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны: Тілді талдаудың негізгі әдістері, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу. Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелері.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

- Жалпы тіл білімінің өзекті мәелелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

Білуі: Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсіну, тілдің мәні және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл- ойлау- ақиқат, тіл және қоғам, басқа да коммуникативтік құралдар мәселелерін танып білу.

Дағдысы: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру.

Тілді талдаудың негізгі әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдау

Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатыларын, бағыттары мен концепцияларын түсіну.

Құзіреттілігі: Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсінеді;

- Өзіндік пікір айта алады;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай біледі.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ш.С.Кеңесбаева


47

BTM 0239

Бүгінгі түркітану мәселелері

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.

Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «қазіргі қазақ тілі».

Постреквизиті – «Стилистика және тіл мәдениеті», «Терминтану»

Оқытудың мақсаты: тіл білімнің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру, тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастыру және де студенттерді тілдік талдау дағдысымен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны: Аталған курс қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фонетикасы, грамматикасы пәндері бойынша алынған білімді тереңдете жүйелей келе, болашақ маман иесіне тілдегі барлық деректерді, заңдылықтарды, тілдің жүйелі құбылыстарды танып, оның тарихи қалпын, даму тарихын саралауға мүмкіндік береді.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазақ тілінінің тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары мәселелерін түсініп, меңгереді.

Білуі: Қазақ тілтанымындағы тарихи грамматиканының өзекті мәселелерін білуі;

- алған білімдерін практикада қолдана білуі;

- тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеруі;

- теориялық талдау жасай алуы;

- қазақ тілінінің тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары мәселелерін түсінуі;

- өзіндік пікір айта алуы;



- негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білуі.

Дағдысы: Курсты оқыту барысында студент қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл дамуының негізгі кезеңдерімен жолдарын білумен қатар қазіргі қазақ тілінің құрылымынан жаңа құбылыстар мен көне тілдік күйдің қалдықтарын ажырата білу, қазіргі тіл құрамындағы синонимдік, антонимдік, көпмағыналық сынды құбылыстардың болу себебін ғылыми тұрғыда түсіне білу дәрежесіне жету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет