Кјсіпкерліктіѕ пайда болу тарихи



бет11/12
Дата03.01.2022
өлшемі216.5 Kb.
#450927
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы курстық жұмысы

Қорытынды
Курстық жұмысымды қорыта келгенде, жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын бизнесті дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, бизнес-инкубаторларын құру, бизнес-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.

Жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі ретінде шет елде өзін-өзі жақсы танытқан бизнес-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады.

Жаңа кәсіпорын құру процесі — бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, бизнестің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.

Болашақ кәсіпорынды бағаландыру үшін жұмыс барысында оның тиімділігі тақырыбына қатысты келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлері дайындалды: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті төмен болса, қандай да бір идеядан бас тарту жолымен мүмкін болатын сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол бизнестің тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.

Осы жұмыс барысында қазіргі замандағы әлемнің ең жоғары дамыған елдерінің бірі — АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту бойынша 200 жылдан астам тәжірибесі талданып, қорытылды. Жұмыс барысында бұл тәжірибелерді Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсынылған ұсыныстар республикадағы өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңу және индустриалды дамыған елдер жолына шығу мақсатын көздейді.

Қорыта келгенде, шағын бизнестің негізгі мақсаты - халықты жүмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қорытынды ретінде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді атқара білетін бизнесмендер тобын жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың қажеттігін атап өтуді жөн көрдім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет