Кјсіпкерліктіѕ пайда болу тарихи


Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары



бет8/12
Дата03.01.2022
өлшемі216.5 Kb.
#450927
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы курстық жұмысы

Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары

Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстанның азаматтарына жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды.

Шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсетуге келсек, Қазақстан Республикасының үлттық банктің оперативтік мемлекетері бойынша ағымдағы берілген несие портфелі 24298,8 млн. теңгені құрады. Қысқа мерзімді несиелердің үлесі 74 пайыз, ал орта және ұзақ мерзімді несиелердікі 26 пайыз. Шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсету мақсатында Республикада «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ құрылды.

2000 жылдың басынан бері жұмыс істейтін өңдірістерді дамыту бойынша 1722 жобаны қаржыландыру үшін жоспарланып отырған 5189,5 млн. теңгеден 5372 6 млн теңге сомасында несие қаражаты бөлінді, ол 103,5% құрайды, нәтижеде қосымша 19743 жұмыс орындары ашылды.

Жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамыту үшін ақша қаражаттарының ең белсенді түрде берілуі Алматы мен Қостанай облыстарында болды. Бұл жерлерде республика бойынша жалпы көрсеткіштердің тиісінше 44%-ы немесе 2393,5 млн. теңге және 30,2%-ы немесе 1624,7 млн. теңге сомасында несие қаражаты берілді. Оның үстіне бұл аймақтарда ашылып жатқан жұмыс орындары санының жоғары екендігін атап кету қажет. Алматы облысында жоспарланған 478 жұмыс орнының саны 9868-ге, ал Қарағанды облысында жоспарланған 742 жұмыс орнының жеріне 2640-қа жетті.

Республикалық шағын бизнесті дамытудың бағдарламасының негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікгі деңгейде дайындалған қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын бизнестің дамуын қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға - нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды.



Шағын бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі ретінде, оның ерекше баскару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді. Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төртіншіден, бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті колдаудың кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет