1993-1999 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасы
Жылдар
|
1993
|
1994
|
1995
|
1996
|
1997
|
1998
|
1999
|
Кәсіпорындар саны
|
19060
|
20606
|
21260
|
17539
|
21907
|
31145
|
63422
|
Өсу қарқыны
|
100
|
108
|
103
|
82
|
124
|
142
|
203
|
2-кесте
2000-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасы
Жылдар
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
Кәсіпорындар саны
|
99289
|
115354
|
130770
|
143160
|
141783
|
195700
|
Өсу қарқыны
|
157
|
116
|
113
|
111
|
99
|
138
|
Жоғарыда көрсетілген 1 және 2 кестелерде көрсетілгендей тоқсаныншы жылдары шағын кәсіпорындардың қалыптасуы жоғары қарқында, ал екі мыңыншы жылдары өсу қарқынының төмендегенін, бірақ жалпы кәсіпорындардың санының өсуінің сақталып қалғанын көруге болады.
Алғашқы «1992-1994 жылдардағы қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жасау республиканың экономикасн дамытуға монополиялық әсер ететін ұйымдық – басқару құрылымдары, банктер, мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялары және монополизацияландыруды жүргізу жолымен жеке кәсіпкерліктің негізін қалауға мүмкіндік берілді. Осы жылдары шағын кәсіпорындар мен онда жұмыс істегендер саны көбейе түсті.
Статистикалық құжаттар көрсетіп отырғандай шағын кәсіпорындар саны бойынша абсолютті лидер болып, сол кезде ғылым және ғылыми қызмет көрсету формалары табылды. Мұнда шағын кәсіпорындар саны 3,4 есе өсті. Ауыл шаруашылық сферасында шағын кәсіпорында саны 3,1 есе өсті. Содан кейін нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жалпы коммерциялық қызмет және материялды – техникалық қамсыздандыру (2,9 рет) жүреді. Артынын ұлттық білім беру сферасы (2,8 рет) жүреді.
Екінші «1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» негізгі мақсаты жеке кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке секторын қалыптастыруға қажетті тиімді құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдық жағдайларды құру болып табылады. 1995 – 1996 жылдардағығы шағын кәсіпорындар санының түбегейлі баяулауына бұрынғы КСРО заңдары бойынша құрылған шағын кәсіпорындардың кайта тіркеуінің тоқтатылуы әсер еткен болатын. Кайта тіркеу барысында жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар жаңа ұйымдық формаларға көшіп отырды, ал жұмысын тоқтатқандар – жай жойылып отырды.
1998 жылдың желтоқсанында үшінші «1999-2000 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданылды, негізгі мақсаттары шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың негізгі салаларында шағын кәсіпкерліктің үлес салмағын өсіру, нақты бәсекелестік ортаны құру болып табылады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті дамыту аясында көптеген өзгерістер болды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттеріне заңсыз араласуға жол бермеу және жібермеу мақсатында бақылаушылық және қадағалаушылық органдар кезекті тексерулерін жүргізер алдында олардың прокуратура органдарынан тіркеуден өту Ережелері жасалынды және бекітілді. «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» Заңына толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, бұл заңда қабылданылған шаралар азаматтардың кәсіпкерлік қарқындылығының жетілдірілді, яғни 1-кестеде көрсетілгендей 1999 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 203 пайызға тез өсуіне алып келді.
Төртінші қабылданған «2001-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасыда» өзінің өзгерістерін алып келді.
2002 жылдың мамырында мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау шараларының жоспары енгізілді және кәсіпкерлік іс-әрекеттердің түрлерінің тиімділігін қарастыратын кәсіпкерлік әрекеттерді лицензиялау жүзеге асты. 2002 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының өкіметінің №716 жарлығына сәйкес Қордың жарғылық капиталын өсіруге 22 716100 АҚШ долларына бағаланған сомма бөлінді. Шағын бизнестің республикалық ақпараттық-жәрмеңкелік орталығында web-сайт ашу және шағын бизнестің сұрақтары бойынша ақпараттық мәліметтер базасын құру жұмыстары атқарылуда. Бұл жылдары шағын бизнестің өсу қарқыны 2001 жылы 116 пайыз және 2002 жылы 113 пайызды құрады (2-кестеде көрсетілген).
«2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» қабылдаудың механизмі және негізгі бағыттары шағын және орта бизнес үшін салық салу жүйесін жетілдіру, инвестициялық қолдаудың және қаржылық-несиелік жүйелерді дамыту, инфраструктураны дамытуды одан ары қарай жалғастыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын жүйелеу және жүйелендіру болып табылады.
2005 жылдың 12 мамырында өкіметтің №450 жарлығына сәйкес 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамытуына бағдарлама бекітілді, оның негізгі мақсаттары және міндеттері институционалдық шарттарды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін көтеруге бағытталынған, шағын және орта бизнестің субъектілерінің іс-әрекеттерінің аясын максималды кеңейтуге және олардың әрекеттерін жетілдіруге бағытталынған болып табылады. Бұл 2005 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 138 пайызды құрады (2-кестеде көрсетілген).
Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетілдіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |