Кјсіпкерліктіѕ пайда болу тарихи


Отбасылық бизнес пен бизнестің басқа да түрлері арасындағы айырмашылықтар. ҚР шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері



бет5/12
Дата03.01.2022
өлшемі216.5 Kb.
#450927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы курстық жұмысы

Отбасылық бизнес пен бизнестің басқа да түрлері арасындағы айырмашылықтар. ҚР шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері




Отбасылық бизнес




Бизнестің басқа түрлері

1

Фирманы шексіз беріліп басқару, себебі отбасы мүшелерінің өмірі және жақсы тұрмысы бизнестің табысты не табыссыздығына байланысты.

1

Фирма менеджерінің мүдделері арадағы шарт шеңберінде.

2

Отбасы мүшелері өздерінің барлық мансаптарын тек бір жеке отбасылық бизнеспен ғана баланыстырады.

2

Менеджерлердің өздерінің барлық мансаптарын бір ғана фирмада жүріп жасаулары сирек кездеседі.

3

Стратегияны дайындау кезінде отбасы мүшелері шексіз уақыт кеңістігіне ие.

3

Менеджерлер фирманың стратегиясын дайындау кезінде өте қысқа уақыт кеңістігіне ие.

4

Бизнестегі сәтсіздіктер отбасы мүшелеріне, әсіресе оның менеджерлеріне драмалық зардап әкеледі.

4

Бизнестегі сәтсіздіктер менеджерлерге салыстырмалы түрде аз әсер етеді.

5

Отбасы мүшесінің менеджер ретінде қызмет атқаруының тоқтатылу ықтималдығы өте төмен.

5

Фирмада менеджер мансабының тоқтатылу ықтималдығы өте жоғары.

6

Отбасы мүшелері фирманың өсуіне және табысты болуына мүдделі, себебі ол жалғыз жұмыс орны және отбасы тұрмысын жақсарту көзі.

6

Менеджер жалақысын арттыруға, мансабын жоғарылатуға және өсіруге мүдделі.

7

Отбасы мүшелерінің кірістері фирма қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тікелей пропорционалды.

7

Менеджер жалақысының фирма қызметінің түпкілікті нәтижелеріне тәуелділігі анағұрлым аз.

8

Шешім қабылдау орталықтандырылған сипатқа ие, дегенмен уақыт өте бұл беталыс төмендейді.

8

Шешім қабылдау алқалы сипатқа ие, көбіне менеджерлер командасының қатысуына негізделген.

9

Фирма қызметіне деген ішкі бақылау аз, жалаң сипатқа ие.

9

Фирма қызметіне бақылау тым атүсті.

10

Отбасы мүшелерінің арасындағы бақталастық отағасы мен мұрагерлер арасында жанжал туғызуы және отбасылық бизнестің сабақтастығын проблемалы етуі мүмкін.

10

Сабақтастық бақталастыққа және жанжалға алып келуі мүмкін, бірақ акционерлердің мүдделеріне сәйкес акционерлердің бақылау жасау жанжалды уақытында тыйып, тоқтатуға мүмкіндік береді.

11

Менеджер - өзіне және отбасына есеп беретін отбасы мүшесі.

11

Менеджер акционерлерге есеп береді.












Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді.

Отбасылық бизнестің басты ерекшелігі – кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесты жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Отбасылық бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорациялармен салыстырғанда жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.

Адам Смиттің айтуы бойынша әрбір кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру үшін және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және оның нәтижесінде оған өзі иелік жасайды. СЭЙ-дің анықтамасы бойынша бұл өндіріс факторларының қисынын келтіріп, ұштастырып отыратын экономикалық қызмет атқаратын адам. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікпен айналысу жеңілдеді, көптеп кредиттер бөлініп отыр, тіркелу де жеңілдеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет