Кјсіпкерліктіѕ пайда болу тарихи


Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы



бет3/12
Дата03.01.2022
өлшемі216.5 Kb.
#450927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы курстық жұмысы

Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы

Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдак жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.

Шағын бизнес қоғамдық қатынастардың бірден-бір түрі ретінде қоғамның рухани және материалды потенциялын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір индивидтің таланты мен мүмкіндіктерінің практика жүзінде көрінуіне жағымды бастау бола отырып, ұлттық бірігуіне, оның ұлттық рухының және мақтанышының сақталуына әкеледі.

Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша бекітілген кәсіпкерліктің анықтамысы жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизричтің пайымдауы бойынша «кәсіпкерлік – белгілі бір құқы бар, жаңа бір нәрсені шығару процесі, ал кәсіпкер – осы процеске қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алып, бұл үшін ақша алып және жеткен жетістігіедеген рахат сезімін алатын адамды айтады.

Америкалық оқу және ғылыми әдебиеттерінде кәсіпкерлік пен кәсіпкерді экономикалық, саяси – экономикалық, психологиялық басқару және басқа да жағынан сипаттайтын көзқарастар бар.

Ағылшын профессоры Алан Хоскинг былай дейді: «индивидуальды кәсіпкер деген, істі өзіне ғана сеніп жүргізетін, бинесті тек өзі басқарып, керекті қаражаттармен қамтамасыз етіп, өз еркімен шешім қабылдайтын тұлғаны айтады. Ол үшін алған сыйы болып, кәсіпкерлік қызмет нәтижесінен кейін түскен пайда және еркін кәсіпкерлекпен айналысқандағы қанағат сезімі. Бірақ, осылармен қатар ол кәсіпорынның банкротқа ұшырау жағдайында барлық шығын тәуекелін өз мойнына алады.

Кәсіпкерлік – бұл өзіндік көзқараста, жауапкершілікте және инновациондық кәсіпкерлік ойда кегізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі.

Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде көрінеді, себебі оның бастапқы кезеңі тек идеямен байланысты балады. Соңына ол идея материалды формада көрінеді.

Кәсіпкерлік инновациондық кездің болуымен сипатталады – ол жаңа тауардың өндірісімен немесе жаңа кәсіпорын құруымен байланысты болады.

Өндірісті басқару, сапаны жақсартудың жаңа жүйесі, өндіріске жаңа методтар енгізу немесе жаңа технологиялар енгізу – бұл да инновациондық кез болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер негізгі орын алады. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.

Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндiрiстi басқару құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерiстер болып жатқаны байқалады. Соның iшiнде маңызды бағыттардың бiрi шағын кәсiпкерлiктiң дамуы болып табылады. Кәсiпкерлiк алымдылық қабiлеттiң, пысықтықтың шынығуына жағдай жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкiн емес. Сондықтан қазiргi кезеңде өз ойлау қабiлетi мен еркiндiгiн мол пайдалана кәсiпкерлiкке назарды баса аудармасқа болмайды.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi фирмалар шағын бизнестiң дамуына жан-жақты атсалысуда. Өйткенi олар әлеуметтiк -экономикалық мәселелердiң бiрқатарын шешедi. Бiрiншiден, жұмысшыларға жалдамалылар қатарынан шығып, өз кәсiбiнiң қожасы болу мүмкiндiгi туады. Екiншiден, кiшi кәсiпкерлiктi халықтың жұмыспен қамтылу мәселесiмен де бiрлестiрiп қарастыруға болады. Үшiншiден, шағын кәсiпкерлiктiң өркендеуi тауарлар өндiрудi ұлғайтуға және қызмет көрсетудi дамытуға жол ашады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан 1997 жылдың қаңтар айында құрылған шағын бизнес мәселелерi жөнiндегi ынталы топ, экономиканың даму саласын реттейтiн заңдылық және нормативтiк – нұсқаулық актiлерiн жетiлдiруге көмектеседi деп күтiлуде.

Сонымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 18 маусымында шыққан “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” заңында шағын кәсiпкерлiк тұлғаларын тiркеу процедурасын барынша оңайлату туралы атап айтылған едi. Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңiлдетiлдi. Мысалы, бұрын заңды тұлғаны тiркеу үшiн кәсiпкерлер ақша мен уақыттарын шағындап 10-12 түрлi құжаттар жинауы керек-тiн. Ал, ендi жаңа заңдылық бойынша тәртiп ыңғайлы. Бекiтiлген үлгi бойынша өтiнiш тек әдiлет басқармасына ғана көрсетiледi. Бекiтiлген жарғының бiреуi бойынша жұмыс iстеуге келiсiм берiледi және тiркеу үшiн екi есе төлем көрсеткiшi бойынша салық төленедi. 3 күн iшiнде әдiлет басқармасы кәсiпкерге тiркеу туралы куәлiгiн және статистика органы мен салық инспекциясына қажеттi мәлiметтердi беруге мiндеттi.

Шағын бизнестің дамуы республиканың барлық азаматтарына қатысы бар күрделi әрi көпқырлы iс. Пәрмендi де оңтайлы қаржы институттарын құрмайынша шағын бизнес пен орта кәсiпкерлiктi қолдау, оған демесiн болу мүмкiн емес. Өмiр көрсетiп отырғанындай, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi бұрынғы мемлекеттiк қор қызметiнiң басты қателiгi оның қаржысының чиновниктiк құрылым арқылы бөлiнуiнде едi.

Республика Президентiнiң “Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдауды және оның дамуын жеделдету шаралары туралы” Жарлығы материалдың өнiм өндiру мен айналысатын кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық және кеден салымына байланысты жеңiлдiктер беруді көздейдi. Экологиялық тұрғыда қолайсыз және бару қиын шалғай аудандарда өнiм өндiрумен айналысатын шағын кәсiпорындарға аумақтық жеңiлдiктер жасау, олардан салық жинамау, ауылдық жерлерде өнiм өндiрумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететiн шағын кәсiпорындарды салықтан мүлде босату қарастырылған. Олай болса, заңдық база, оған қоса жеке және шағын кәсiпкерлiктiң дамуына мемлекет тарапынан көмектесу әсiресе өндiрiс саласындағы шағын кәсiпкерлiктiң iлгерiлеп өрге басуына жол ашады.

Экономиканың мемлекеттен тыс секторларының дамуына жол салған кооперативтер орнына шағын, сонан кейiн жеке кәсiпорындар келдi. Дегенмен жүргiзiлген талдау көрсеткендей, экономиканың жеке секторының, әсiресе шағын кәсiпкерлiктiң 1990 жылдың басымен салыстырғандағы қазiргi жай-күйi күрделiрек. Iс жүзiнде кооперативтердiң 1994 жылы өндiрген тауар көлемi 1993 жылмен салыстырғанда 19,3 процент кемiдi, ал жаңа мерзiмде сауда – саттық және делдалдық қызметпен айналысатын жеке кәсiпорындар саны 3,2 есеге өстi.

Қалыптасқан құқықтық ортаның шағын кәсiпорындарға тигiзетiн келеңсiз ықпалы, бiрiншiден, заңдылықтың дәйексiздiгiнен көрiнедi. Өйткенi кәсiпорындар қызметiнiң ереже-тәртiптерi, әсiресе және сыртқы экономикалық байланыстар саласында тым жиi өзгерiстерге ұшырап отырады. Екiншiден, заңдылықта елеулi олқылықтар бар. Айталық, меншiктiң барлық түрлерiнiң теңдiгiне және жекеменшiктiң қорғалуына құқықтық кепiлдiк өте осал. Үшiншiден, шағын кәсiпорындарды зорлық-зомбылық пен өктемдiкпен, чиновниктердiң парықсыздығы мен бiлiксiздiгiнен қорғаудың нақты тетiктерiнiң жоқтығы да көп зардабын тигiзедi.

Жалпы алғанда, ұсақ кәсiпкерлер әлi де болса қолайсыз әлеуметтiк ортада, халықтың бiрсыпыра топтары тарапынан ұнатпайтын, ықылас та немқұрайды ахуалда, күрделi жағдайда жұмыс iстеп жатыр. Жұртшылықтың мұндай көңiл күйiн сондай-ақ көбiне – көп кәсiпкерлердiң белгiлi бөлiгiнiң өркениетке жат, мәдениеттен алыс әрекеттерi мен мiнез – құлқы отқа май құйғандай қыздыра түседi. Қиын кезеңдегi күрделi iс-кәсiпкерлiктiң бiз байқаған кейбiр қырлары, мiне осындай.

Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы маңызы зор.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет