Кудушева нургайша ахметжановна



бет15/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Өзіндік тиімділік – бұл белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуде өзін қадағалауы, өзін ұйымдастыруы, өзін-өзі реттеуі және оларды орындау қабілетіне деген тұлғаның жеке сенімі.
Тұлғалық өзіндік тиімділікадамның оқу, еңбек нарығында және өмірде табысқа жетуін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеті.
Бұл ретте, біздің ойымызша, студенттік жастағы өзіндік тиімділіктің объективті сипаттамалары ретінде мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылысын және оларға бағытталған күш-жігер көрінісін, өзін-өзі басқару қабілетін, үлгерімін, студенттердің өзін-өзі жетілдіруге өзін ұйымдастыруын бөліп көрсетуге болады; субъективті сипаттамалар ретінде бізбен келесілер қарастырылады: мамандық таңдауға қанағаттанушылық, оқу мотивациясы және жетістікке жету мотивациясы, қажетті нәтижелерге қол жеткізу қабілетіне сенімі, іс-әрекеттерді ұйымдастыру және жүзеге асыру қабілеттерінің болуы.
Қорытындылай келе, жалпы психологиялық ғылыми кеңістікте өзіндік тиімділік тақырыбын әлі де болса жан - жақты қарастыру қажеттілігі туындайды, өйткені өзіндік тиімділік «... шығармашылық қағидамен байланысты адам қызметінің маңызды жеке құрамдас бөліктерінің бірі, тұлғаның өз өміріндегі жағдайларды бақылау, қойылған мақсатқа жету үшін өзіндегі психологиялық потенциалды жұмылдыру, өмірлік оқиғалардың барысын бағындыру».
Кәсіби даму контексінде адамның тек орындаушы ғана емес, сонымен қатар шынайы субъект-жасаушы, тиісті еңбек қызметінің мазмұны мен технологиясын байытып қана қоймай, сонымен қатар маңызды кәсіби құндылықтар мен нормалардың қайнар көзі бола алатын адамның кәсіптен тыс шығуы, А.К. Маркованың айтуы бойынша, супер кәсіби шеберліктің белгісі [101]. Демек, өзіндік тиімділікті жоғары кәсібиліктің психологиялық компоненттерінің бірі ретінде де қарастыруға болады. Осы ретте Гончар С.Н. студенттердің өзіндік тиімділігі олардың кәсіби өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі және оның тиімді дамуы студенттердің өздерінің субъективті белсенділігін талап ететіндіктен, ұсыныстар ретінде болашақ психологтарға өзін-өзі дамыту және кәсіби дамудың өзін-өзі жобалау қажеттілігін қалыптастыруға кеңес бере аламыз деп атап өтті [102].
Университеттік білім беру сатысында өзін-өзі диагностикалаумен айналысу, өзінің жеке және кәсіби ресурстарын ашу, содан кейін кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құру қажеттігі туындайды. Жалпы өзіндік тиімділік студенттердің оқу процесіне және олардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне бейімділігіне оң әсер етеді [103].
Сонымен, диссертациялық жұмыстың 1-ші бөлімінің алғашқы бөлімшесін қорытындылай келе, өзіндік тиімділік түсінігі мен тұжырымдамасы айтарлықтай ғылыми құндылыққа ие және де ол әлі де болса кең түрде зерттелуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін айтамыз.
Психология ғылымындағы өзіндік тиімділік мәселесі жөніндегі шетелдік және ресейлік ғалымдардың осы мәселеге арналған зерттеулеріне шолу мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Р. Уайт алғаш рет адамның құзыреттілікке деген ұмтылысын анықтайтын күшті белгілеу үшін «effectance motivation» (тиімділік сезімі арқылы мотивация) түсінігін енгізеді [33, р. 297]. Тиімділік мотивациясы субъект үшін жаңа стимулдармен қозғалады және қызығушылық пен зерттеу белсенділігі стимулдандыру аясындағы жаңалық элементтерін тудырған кезде күшейтіледі. Өзіндік тиімділік мәселесіне байланысты А. Бандураның идеясы жағдайлық тұжырымдамада жалғасты және қазіргі кезеңде өзіндік тиімділік әлеуметтік және педагогикалық психологияның маңызды тұжырымдамасы ретінде қалыптасты [7, с. 320].
«Іс-әрекет-нәтиже» күтулеріне негізделген теориялық және эмпирикалық зерттеулер аясында өзіндік тиімділік тұжырымдамасымен біршама ұқсастығы бар теориялар алға тартылды. А. Бандураның әлеуметтік-когнитивтік теориясында мотивациялық тенденциялар негізінен болжау қабілетімен түсіндіріледі. Автор алдын болжаудың мотивациялық механизмдерін атап көрсетеді [12, р. 586].
Өзіндік тиімділікті қазіргі зерттеушілер когнитивті бағалау, белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған әрекеттерді реттейтін идеялар жүйесі ретінде түсінеді.
Тұлғалық құрылым бола отырып, өзіндік тиімділік келесі сипаттамаларға ие: ол белгілі бір тапсырманы орындау үшін өз қабілеттерін бағалауды білдіреді, өз құндылықтарын бағалаумен байланысты емес, контекстік түрде анықталады.
Өзіндік тиімділікті өлшеу жағдайға байланысты және оны өлшеу кезінде іс-әрекеттің мән мәтінін ескеру қажет. Өзіндік тиімділікті өлшеу кезінде шеберлік пен құзыреттілік критерийлері қолданылады және де ол қақтығыс жағдайларындағы реакциялар ауқымына әсер етеді. Оның сәттілігіне деген сенімділік неғұрлым жоғары болса, субъект проблемаға бағдарлану диапазонындағы фрустрацияға соғұрлым икемді жауап береді.
Кейбір зерттеулердің нәтижелері сонымен қатар өзіндік тиімділік басқа адамдармен қарым-қатынаста сәттілікке әсер ететінін көрсетеді. Өзіндік тиімділігі жоғары балалардың басқалармен қарым-қатынасын бақылау қабілетіне сенімді екендігінің пайдасына деректер алынды, сондықтан олар әлеуметтік мінез-құлықты көрсетеді және құрдастары арасында танымал. Керісінше, өзіндік тиімділіктің төмендігі физикалық және ауызша агрессиямен байланысты, бұл әлеуметтік салада сәтсіздікке әкеледі.
Сонымен, өзіндік тиімділік – кең ғылыми контексте психологиялық зерттеу пәні ретінде шетелде зерттелуде және соңғы онжылдықтарда ресейлік психологиялық ғылымға өзектілігін ашты. Ондағы ең дамығаны – өзіндік тиімділіктің құрылымдық және мазмұндық компоненттерінің проблемасы және оның түрлерінің жіктелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет