Кудушева нургайша ахметжановна


Зерттеуді ұйымдастыру және кезеңдері



бет12/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Зерттеуді ұйымдастыру және кезеңдері: Зерттеу 2018-2022 жылдар аралығында бірнеше кезеңде жүргізілді:
Зерттеудің бірінші кезеңі (2018-2019)- дайындық кезеңі. Зерттеудің бағыты мен дизайнын анықтау, зерттеудің әдіснамалық аппаратын (зерттеу мақсатын, міндеттерін, нысанын, пәнін және болжамын) қою және нақтылау, зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді жүйелеу.
Зерттеудің екінші кезеңі (2019-2020)- зерттеушілік кезеңі. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге тарихи-психологиялық және теориялық - әдіснамалық талдау және жүйелеу жүзеге асырылды.
«Өзіндік тиімділік», «тұлғалық өзіндік тиімділік», «іс-әрекеттегі өзіндік тиімділік», «академиялық өзіндік тиімділік», «тұлғааралық қатынастардағы өзіндік тиімділік» деген негізгі ұғымдарға талдау жасалды, өзіндік тиімділіктің әртүрлі факторлары анықталды, мотивациялық, реттеушілік және аффективтік психикалық процестермен сипатталды.
Зерттеудің үшінші кезеңі (2020-2021)-эмпирикалық. Эмпирикалық зерттеу бағдарламасы әзірленді, тест батареялары таңдалды. Зерттеу әдістері өткізілді және нәтиже көрсеткіштері алынды. Алынған нәтижелерді талдау және статистикалық өңдеу жүзеге асырылды. Статистикалық мәліметтерді өңдеу мамандандырылған SPSS бағдарламасы, 23.0 нұсқасы арқылы жүргізілді.
Зерттеудің төртінші кезеңі (2021-2022)-қорытындылау.
Жинақталған эмпирикалық материал жүйеленіп, жалпыланды, қорытындылар тұжырымдалды, нәтижелер қолда бар ғылыми деректер шеңберінде қарастырылды, одан әрі зерттеу перспективалары белгіленді, диссертациялық жұмыс талап бойынша рәсімделді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан (апробация) өткізу:
Диссертацияның негізгі зерттеу материалдары 16 баспа жұмыстарында ұсынылған, оның ішінде, 1 Скопус журналдарындағы мақала, 7 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне енгізілген журналдарда, 8 мақала басқа басылымдарда, халықаралық ғылыми конференциялар материалдарында жарияланды:
Scopus Халықаралық деректер базасы тізіміндегі ғылыми журналда жарияланған ғылыми еңбек:

  1. The development оf individual self-efficiency among University students. Cypriot Journal of Educational Sciences Volume 17, Issue 2, (2022) 615-625, https: //doi.org/10.18844/cjes.v17i2.6857 Кudusheva,N., Amanova,I., Abisheva,E., Sabirova, Z.,& Beisenova, Z.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет