Кудушева нургайша ахметжановна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет11/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігі мәселесінің зерттелу жағдайын қарастырып, өзіндік тиімділік феноменінің мазмұны, құрылымы мен функцияларын анықтау, тұлғалық өзіндік тиімділіктің даму ерекшеліктері және оның студенттік шақтағы көріністерін айқындау арқылы қазақстандық ЖОО кеңістігінде студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігі дамуы ерекшеліктерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық бағдарлары негізделді.

  2. ЖОО-дағы оқу кезеңінде студент жастардың өзіндік тиімділігінің дамуын анықтайтын негізгі психикалық процестер анықталды.

  3. Эксперименттік-эмпирикалық зерттеу нәтижесінде студенттердің жүйелік сапасы ретіндегі тұлғаның өзіндік тиімділігі дамуының мотивациялық, реттеушілік және аффективтік психикалық процестермен байланыстылығы зерттелді.

  4. ЖОО студенттерінің тұлғалық өзіндік тиімділігі дамуының эмпирикалық моделі жасалып, негізделді.

  5. ЖОО студенттерінің тұлғалық өзіндік тиімділігін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Өзіндік тиімділік мәселесі қазіргі теориялық тұжырымдамаларын кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді, шетелдік, ресей зерттеулерінде және қазақ психологиясы контекстінде тұлғалық өзіндік тиімділік мәселелерін зерттеудің жүйеленген теориялық алғышарттары тұлға психологиясы, даму психологиясындағы теориялық зерттеулерді байытады. Теориялық ережелер, диссертациялық жұмыстың тұжырымдары өзіндік тиімділік және оның даму тұжырымдамасын толықтырады және нақтылайды, студенттік шақта көрініс табатын тұлғалық өзіндік тиімділікпен байланысты болатын тұлғалық қасиеттер нақтыланып, оның құрылымдық компоненттерін анықтауға негіз бола алады. Осылайша, зерттеу барысында алынған мәліметтер студенттердің тұлғалық-кәсіби даму заңдылықтарын ғылыми түсінуді тереңдетеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу барысында алынған теориялық және тәжірибелік-эксперименттік нәтижелерді жоғары оқу орындарында болашақ маман ретінде студенттерді даярлауда, студенттермен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыс үшін қолданылатын әдістер мен тұжырымдарды, атап айтқанда диагностикалық, дамытушылық, психопрофилактикалық, тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыруда кеңінен қолдану мүмкіндігімен байланысты. Ұсынылған және дәлелденген диагностикалық әдістер кешенін университет студенттерінің және де колледж студенттерінің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны жұмыс істейтін мамандарды кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерін диагностикалау үшін де қолдануға болады. Оқу барысында студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігін дамытуға арналған ұсыныстар студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында пайдаланыла алып, сол арқылы білім беру процесінің сапасын жақсартуға, болашақ мамандардың жеке және кәсіби дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет