Кудушева нургайша ахметжановна


ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІНДІК ТИІМДІЛІК



бет39/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІНДІК ТИІМДІЛІК




Жоғары деңгей



Орташа деңгей

Төмен деңгей

Мотивациялық
процестер



Жетістікке
жету
мотивациясы



Өзін-өзі дамыту мотивациясы,
Өзін құрметтеу мотивациясы

Амотивация

Реттеушілік процестер



Мақсат
қоя
білушілік



Өзін қадағалау, Табандылық, Осы шаққа бағдарланушылық



-

Аффективтілік процестер

Ортаны басқарушылық



Өзін қабылдау, Өмірдегі мақсаткерлік

-

Бақылау локусы

Ішкі
каузалды
бағдар

Ішкі және сыртқы каузалды бағдар

Сыртқы каузалды бағдар
Тұлғасыз бағдар

Жетекші
шарт

Не қалайтынымды білемін және максималды жүзеге асыруға қол жеткіземін

Өзіне деген оң қатынас мақсатқа жету кеңістігін ұйымдастыра отырып, берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жағлай жасайды.

Өмірге, оқуға қызығушылықтың болмауы, жағдайды өзгерте алмау



ЖОО кез-келген мамандық бойынша студенттерді даярлағанда, білім беру бағдарламасы бағалануы мүмкін белгілі бір білім, білік және дағдыларды дамыту мен қалыптастыруды қамтиды және оқытудың соңында жас маманның кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын немесе дайын еместігін көрсетеді. Маманды оқыту процесінде сыртқы*-*************** бағалаулардан басқа, кәсіби сәйкестікті қалыптастырудың ішкі процесі жүреді, ол мотивацияны, мақсаттарды, маман ретінде өзін-өзі бейнелеуді және өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамытумен байланысты және де нақты практикалық іс-әрекетте білімінің жетіспеушілігімен бетпе-бет келгенде, олар кәсіби мәселені шешу үшін мотивацияны, интеллектуалды ресурстарды, мінез-құлық күштерін жұмылдыра алады.


Өзіндік тиімділік танымдық белсенділікті нығайтуға және оны табысты жүзеге асыруға, тиімді тұлғааралық өзара әрекеттестікке және келешекте студенттердің өз әлеуетін кәсіби іске асыруға бағытталған әрекетті бастауға және сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұлғаның өзіндік санасының интеграциялық қасиетінің бір түрі, ерекше құбылыс ретінде әрекет етеді.
Бұл тұрғыда, А. Бандура, Э. Деси мен Р. Райанның теориялары негізге алынды.
А. Бандураның пікірінше, өз тиімділігін білетін адамдар өз мүмкіндіктеріне күмәнданатын адамдарға қарағанда күрделі істерді орындауға көбірек күш салады. Өз кезегінде, табысты күтумен байланысты көрінетін жоғары өзіндік тиімділік әдетте жақсы нәтижелерге әкеледі және осылайша өзін-өзі бағалауға ықпал етеді. Керісінше, сәтсіздікті күтуге байланысты өзін-өзі тиімділіктің төмендігі әдетте сәтсіздікке әкеледі және осылайша өзін-өзі бағалауды төмендетеді. Бұл ереже студенттердің өзіндік тиімділігін зерттеуде тікелей расталды және студенттердің өзіндік тиімділігінің эмпирикалық моделінде айқын көрсетілген.
Э. Деси мен Р. Райан өзін-өзі анықтау мен құзыреттілікті (өзіндік тиімділік) негізгі қажеттіліктер ретінде қарастырды. Өзін-өзі анықтаудың айрықша ерекшелігі – өзін-өзі және қоршаған ортаны басқару мен өзара әрекеттесудегі икемділік. Құзыреттілікке деген қажеттілік субъектінің әртүрлі сыртқы және ішкі нәтижелерге қол жеткізуге және тиімді болуға деген ұмтылысын қамтиды, сонымен қатар құзыреттілік өзін-өзі анықтайтын мәртебеге ие бола алады. Осы екі қажеттіліктің орындалуы өзіндік тиімділік терминімен сипатталады. Үшінші қажеттілік – басқа адамдармен тығыз қарым-қатынаста, тұлғааралық қатынастарда өзіндік тиімділік ретінде ашылады.
Десидің айтуынша, бірінші қажеттілік – өзін-өзі анықтау, ең маңыздысы, ол ішкі мотивацияның негізін құрайды. Құзыреттілікке деген қажеттілік те маңызды, бірақ ішкі мотивацияны сақтау үшін жеткіліксіз. Үшінші қажеттілік – басқа адамдармен тығыз қарым-қатынаста-біріншісінің сәтті қалыптасуы мен жұмыс істеуінің шарты.
Соңғы ереже Р. Райанның зерттеулерінде расталды: автономия балалар мен жасөспірімдер өздері үшін маңызды ересектермен байланыс пен жақындықты сезінетін жағдайларда тиімді дамиды. ЖОО-да және үйде құзыреттілік пен автономия қажеттіліктерін қанағаттандыру ішкі мотивация мен интернализацияның дамуын күшейтеді.
Осы ережелерге сүйене отырып, біздің жұмысымызда оның құрылымының барлық аспектілерін көрсететін тұлғалық өзіндік тиімділік дамуының психологиялық ерекшеліктері қарастырылады: деңгей, жалпылау, күш және психикалық процестерді белсендіру – мотивациялық, реттеушілік және аффективтік. Жалпылау өлшемінде студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері зерттелді. Осыған байланысты диагностиканың келесі бірліктері бөлінді:

  1. Өзіндік тиімділік

  1. заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік

  2. тұлғааралық қарым-қатынас аумағындағы өзіндік тиімділік

  3. тұлғалық өзіндік тиімділік

  1. Мотивациялық процестер

  1. танымдық мотивация

  2. жетістікке жету мотивациясы

  3. өзін-өзі дамыту мотивациясы

  4. өзін құрметтеу мотивациясы

  5. интроекцияланған мотивация

  6. экстерналды мотивация

  7. амотивация

  1. Реттеушілік процестер

  1. өзін қадағалау

  2. жоспар қоя білушілік

  3. мақсаттылық

  4. табандылық

  5. фиксация

  6. өзін-өзі ұйымдастыру

  7. осы шаққа бағдарланушылық

  1. Аффективтік процестер

  1. оң қатынастар

  2. автономия

  3. ортаны меңгерушілік

  4. тұлғалық өсу

  5. өмірдегі мақсаткерлік

  6. өзін қабылдау

  7. психологиялық әл-ауқат

Осылайша, студенттердегі өзіндік тиімділіктің эмпирикалық моделі тұлғаның өзіндік тиімділігін белсендіретін психикалық процестерді көрсететін 5 деңгейден тұрады:

  • Мотивациялық процестерге жетістікке жету мотивациясы, өзін-өзі дамыту, өзін құрметтеу және амотивация жатады;

  • Реттеушілік процестері мақсаттылықты, өзін-өзі бақылауды, табандылықты және осы шаққа бағдарланушылықты қамтиды;

  • Аффективтік процестер ортаны басқарушылықты, өмірдегі мақсаткерлікті, өзін қабылдауды қосады;

  • Бақылау локусы – деректерді талдау және интерпретациялау кезінде алынатын қосымша айнымалы – ішкі, сыртқы және тұлғалық емес бағытты қамтиды;

  • Жетекші шарт, өзіндік тиімділік күшінің көрінісі туралы негізгі орталық идеяны көрсетеді.

Студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігінің бұл эмпирикалық моделі өзіндік тиімділік пен оның жеке құрамдас бөліктеріне, мысалы, мотивация, мақсаттылық, табандылық, дербестік, психологиялық әл-ауқатты және т.б. дамытуға тиімді әсер етуге мүмкіндік береді.
Корреляциялық талдау өзіндік тиімділіктің кейбір компоненттерін түзетуді қажет ететінін көрсетті: тұлғааралық өзіндік тиімділік тек жақсы қарым-қатынасқа, байланыс сезіміне ғана емес, сонымен бірге протекционизмге де байланысты.
Заттық іс-әрекет аумағындағы өзіндік тиімділік жұмыс сценарийі бойынша белсенді әрекетте қалыптасады. Студенттердің амотивациясы олардың болашақта маман ретінде қалыптасуына елеулі кедергі болып табылады.
Сонымен қатар тұлғаның өзіндік тиімділігі жоғары студенттер оқуға ұмтылады, жоғары нәтижеге жетеді, қабілеттерін дамытады, құзыреттілікке жетеді; оқу олардың өзін-өзі бағалауын арттырады, олар өз мақсаттарының пайдасына таңдау жасайды; олар өзіне сенімді, тәуелсіз, өздеріне оң көзқараспен қарайды, жаңа тәжірибеге ашық; олар икемді мінез-құлықпен, қоршаған ортадағы өзгерістерге сезімталдықпен, өз мақсаттарына жету үшін оны ұйымдастыру қабілетімен және жеңілістерге, қызметтегі сәтсіздіктерге байланысты кінә мен өзін-өзі ақтаудың болмауымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет