Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет78/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

3-сурет Оқылым әрекеті
Оқу үдерісі ішінен оқу және дауыстап оқу 
деп екіге бөлінеді. Ішінен оқу кезінде акустика, 
артикуляция мәселелері қаралмайтындықтан, 
кестеде әрі қарай жіктеп көрсетілмеген. Ал дау-
ыстап оқу кезінде әріптердің дұрыс дыбысталу-
ын бағалау қажеттігінен артикуляция мәселелері 
жіктеледі. Артикуляция мәселесі сөз болғанда 
тілші ғалым Ә. Жүнісбектің дыбыстардың жаса-
лу жолдарын жіктейтін «Қазақ тіл білімінің мәсе-
лелері. Қазақ фонетикасы» еңбегіне сүйенеміз. 
Жасалым фонетика (артикуляция) – ды-
быстың жасалу жолдарын анықтайтын фонетика 
саласы. Ол былайша бөлінеді:
- жасалу орнына қарай: ерін, ерін-ерінді, тіл 
ұшы, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік; 
- жасалу тәсіліне қарай: тоғысым, тоғысыңқы, 
жуысым, жуысыңқы, жинақы жуысыңқы
жайылыңқы жуысыңқы, діріл, жанама; 
- дауыстың қатысына қарай: тербеліссіз (дау-
ыс желбезегі қатыспайды, яғни қатаң), тербеліңкі 
(дауыс желбезегі жартылай қатысады, яғни ұяң), 
тербелімді (дауыс желбезегі мол қатысады, 
яғни үнді), тербелмелі (дауыс желбезегі толық 
қатысады, яғни дауысты). 
- жасалым белгісіне қарай: езулік, еріндік, 
ілгерінді, кейінді; 
- айтылым белгісіне қарай: ауыз қуысты, 
көмей қуысты, тұтас қуысты; 
- естілім белгісі: жуан, жіңішке, езулік, 
еріндік (Жүнісбек, 2018: 18) [19]. 
Қазақ тілін оқытқанда төл (ә, ұ, ү, ө, і, ғ, 
қ, ң, Һ) дыбыстарымызды және ы дыбысын 
дұрыс айтуға жаттықтыру оқылым дағдысын 
қалыптастыру кезінде жүреді. Осыған орай төл 
дыбыстарымызды және барлық дыбыстарымыз-
ды дұрыс қолдана білетінін бағалаймыз. 
Сөйлесім әрекеті мен мәтінді оқу әрекеті 
ды быстау мүшелерінің артикуляциялық қозға-
лысы негізінде жүретіндіктен, оқылым әрекетін 
бағалағанда да сөйлесім әрекетін бағалаған-
дағыдай оқушының/тіл үйренушінің жоғарыда 
аталған дескрипторларды
қалай қолданғанын, 
атап айтқанда:
• сөзді дұрыс дыбыстауын;
сөзді анық айта білуін;
• буын үндестігін дұрыс қолдануын;
• дыбыс үндестігін сақтауын;
• сөйлем ырғағын дұрыс қолдана білуін;
• сөздің екпінін қоя білуін;
• сөйлем ішінде логикалық ойды білдіру 
үшін кідіріс жасай алуын;
• өлең ырғағын сақтай білуін;
дауыс тембрін сақтай білуін
• көркем мәтінді мәнерлеп оқи алуын;
• өлең сөздегі ырғақ, бунақ, тармақ 
ұйқастарын нақышына келтіре оқуын;
• дикциясын;
• мәтін мазмұнын түсініп оқуын;
• мәтінді мазмұндай білуін;
• мәтінді қалай түсінгендігін анықтайтын 
тапсырмаларды орындай білуін;
• грамматикалық, 
орфографиялық 
сауаттылығын бағалаймыз. 
ІІІ. ЖАЗЫЛЫМ
Жазылым әрекетінің мақсаты – алған 
ақпараттары бойынша және коммуникативтік 
ниеттерге сәйкес жазбаша сөйлеудегі білік, 
дағдыларының қалыптасқан деңгейін тексеру. 
Жазу арқылы қатысымға түсу үшін әріптер мен 
сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрайды, 
ал сөйлемдерді топтастыру арқылы жазарман 
өз ойын жеткізе алады. Жазылым жұмысында 
басты талап ойды дұрыс жеткізе білу мен 
сауаттылыққа қойылады. 
Жазылым – тілдік тұлғалардың графи ка лық, 
фонемалық жүйесіне негізделген; лингвис ти-
калық, психологиялық, физиологиялық, әдіс-
темелік ерекшеліктерге қатысты тілдік мате-
риалдың мазмұны мен формасын бірдей қам ти-
тын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қаты-
насына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи 
әрекет. 
Жазылым, біріншіден, әріптің, сөздің графи-
калық таңбасы арқылы әске асады; екіншіден, 


79
Б.Б. Динаева және т.б. 
бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, 
мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, 
жазалымда сөйлесім әрекетінің барлық түрі 
қатысады; төртіншіден, тіл үйренуші жазу 
үстінде сөйлемнің мағынасы мен мазмұнына 
ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр 
болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне 
түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына 
тікелей байланысты болады (Оразбаева, 2005: 
108) [18]. 
Жазылым арқылы оқушы ойын қағазға түсі-
ріп, оқырманға жеткізуді мақсат тұтуы керек, 
яғни оқушы өз ойын оқырманға жеткізуі үшін 
жазуды үйренеді. 
Жазылым жұмысында бағаланатын бөлік 
– орфография. Ол – белгілі бір сөзді әріптік 
таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. 
Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, 
тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. 
Жазылымда әріп, азат жол, шартты таңбалар, 
тыныс белгілерін, әсіресе, мәтіннің жаңа 
ойды бастайтын бөлігі – азат жолды, мәтінде 
қойылатын тыныс белгілерді (үтір, нүкте, 
нүктелі үтір, көп нүкте, қос нүкте, сұрақ 
белгісі, леп белгісі, дефис, сызықша) дұрыс қол-
дануды бағалау қажет. Сондай-ақ бағалау крите-
рийлері ретінде стилистика мәселелері де (рес-
ми ісқағаздар стилі, публицистикалық стиль, 
ғылыми-көпшілік стилі, ауызекі сөйлеу стилі, 
көркем әдебиет стилі) қамтылуы тиіс. Оларды 
төмендегі кестедегідей декомпозициялаймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет