Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет82/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Қорытынды 
Зерттеуімізді қорыта келе, оқушылардың 
қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда олардың 
қазақ тілінде сауатты оқуы, жазуы, сөйлеуі, 
тыңдалым тапсырмаларын дұрыс орындауы 
арқылы қажетті деңгейде сөйлеуі мен жазу-
ды меңгергені (нәтижеге бағытталған білімді) 
бағаланады дегіміз келеді. Барлық мұғалім 
өздерінің берген білімдерінің нәтижесі үшін 
жауапты. Тест тапсырмалары бағалаушыға (пе-
дагогке) қалай көмектеседі? Педагогикалық 
квалиметрия және халықаралық зерттеулер 


82
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
орталығы ұсынатын тест тапсырмалары педа-
гогке төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап 
беруге көмектеседі: 
● Менің оқытуым тиімді болды ма, жоқ па? 
● Менің сабақтарым тиісті деңгейде жүр-
гізілді ме?
● Мен қалай оқытып жүрмін?
● Сабақтың қандай бөлімдерін қайта қара-
уым керек? 
● Қандай материалға көбірек/азырақ көңіл 
аударуым қажет?
● Тест жауаптары анық болды ма?
● Тест тапсырмалары оқушының тілдік білі-
мін анықтай алды ма? 
Тест бағаланушыға да, бағалаушыға да кө-
мектеседі, яғни тест тапсырмалары білім алу-
дағы қол жеткен жетістікті растайды және 
мұғалімнің болашақтағы жұмыстарын жақсар-
туға көмектеседі.
Оқушының жеке тұлға ретіндегі келбеті оның 
тілдік тұлға келбетімен толыға түседі. Білім 
алушы тілдің табиғатын таныған сайын тілдік 
таңба арқылы санасына қазақ тілі туралы білімді 
жинақтай береді, сөйтіп, санасы да, ойлауы да, 
тілі де дамиды. Тіл арқылы оқушының ішкі 
жан-дүниесі, мәдениетінің деңгейі, білімі, сана-
сезімі байқалады. Тілдік тұлға ұғымы тұлғаның 
жеке дара сана-сезімі және дүниеге көзқарасы 
мен тілдің өзара байланысын білдіреді. Алдағы 
жылдары мектеп оқушыларының қазақ тілі бой-
ынша білімдері білім беру бағдарламасы арқылы 
өлшенетін болады. Ол үшін білім беру бағ-
дарламалары мен оқулықтардың мазмұны ұлт-
тық құндылықтарға негізделіп құрылуы керек. 
Зерттеу жүргізген тақырыбымыз бойынша 
қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың жаңа 
өлшемшарттары туралы сала мамандары мен 
педагогтердің ұсыныстары мен пікірлерін күтеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет