Курбанбеков бакытжан алимханович


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР 
- Қазақстан Республикасы 
ҚР МЖМБС 
- Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім стандарты 
ЖОО 
- жоғары оқу орны
МЭТ 
-Мектеп экспериментінің техникасы 
ФК 
-физика кабинеті 
ФТ 
-Физикалық тәжірибе 
ХҚТУ 
-Халықаралық қазақ-түрік университеті 
ЖМҮОБ 
- жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарлама 
ОӘК 
-оқу-әдістемелік кешендер 
ӚЖ 
-ӛзіндік жұмыс 
СӚЖ 
-студенттің ӛзіндік жұмысы
ЭО 
-электрондық оқулық 
ҒЗЖ 
-ғылыми зерттеу жұмысы 
ЭТ 
-эксперименттік топ 
БТ 
-бақылау топ 
АКТ 
-ақпараттық-комуникативтік технологиялар 
ТД 
-тәжірибелік дайындық 
 
 



КІРІСПЕ 
Зерттеудің кӛкейкестілігі: Ғылым мен технологияның жедел дамуы 
жағдайында еңбек нарығында болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығына 
қойылатын талаптар күн санап ӛсіп, бұл жағдай кәсіби маман даярлау сапасын 
тұрақты жаңарту мен жетілдіруді қажет етуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 
"Bіlіm jáne Ǵylym!" атты 16 тамыз 2019 жылғы тамыз конференциясының 
пленарлық отырысында сӛйлеген сӛзінде «Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа 
технологияның қарқынды дамуы ӛмірімізге түбегейлі ӛзгерістер әкелді. Адам 
капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем ӛзгеше. Сапалы білім 
қарқынды дамудың басты шартына айналды. Біз қазіргі заманның жаңаша 
талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Сондықтан, білімі 
терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор 
жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның 
жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы 
дамытудың басты құралы» - деп қарқынды дамып жатқан жаңа 
технологияларды 
меңгерген 
мұғалімдердің 
еліміздің 
экономикасын 
дамытудағы рӛлін атап ӛтті [1]. 
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 
тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-
білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті 
ӛмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді 
жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек».-деп теориялық 
білімді практикада қолдана білуге үйретудің маңыздылығын айқындап кӛрсетті 
[2].
Қазақстанның жарқын болашағы үшін мұғалімдер қауымына зор 
жауапкершілік жүктелетіндіктен жоғарғы оқу орындарында болашақ 
мұғалімдерді дайындау барысында теориялық білімдерін және қарқынды 
дамып келе жатқан технологияларды ұштастырып ӛмірде қолдана алатын, 
қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болатын 
мамандарды даярлау мәселесіне ерекше кӛңіл бӛлінуі қажет. Еурапалық 
білімнің бірегей кеңістігін (стандартын) жасауды мақсат тұтқан Болон 
процесінің басты талаптарының бірі - алған теориялық білімдерін ӛмірде 
қандайда бір мәселелерді шешу үшін қолдана білетін тұлғаны дайындау. Осы 
мәселе болашақ физика мұғалімдерін даярлау үдерісінде айқын кӛрініс табады, 
ӛйткені физика саласы бойынша алған теориялық білімін практикада 
демонстрациялық тәжірибе жүзінде кӛрсете білу болашақ физика 
мұғалімдерінің тікелей міндеті екені айқын. Осы уақытқа дейін физиканы 
оқыту әдістерінің бірнеше түрі (бормен түсіндіру әдісі, ӛндіріс орындарына 
экскурсия, бригадалық әдіс, эксперименттік әдіс) сол уақыттағы қоғам 
талаптарына сәйкес әр түрлі мақсаттар үшін қолданылып келді және алдыңғы 
әдістердің кемшіліктері айқын кӛрініп, эксперименттік әдістің физиканы оқыту 



үдерісін жандандырғаны белгілі болып, физика сабақтарын демонстрациялық 
тәжірибесіз ӛткізу мүмкін емес екені анықталды [3]. Алайда осы 
эксперименттік әдістің ӛзі уақыт ӛтуімен келе әр кезеңнің қоғам талаптарына 
сәйкес үнемі ӛзгеріске ұшырап отырады. Қазіргі «тӛртінші индустриялық 
революция жағдайында» болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік 
дайындығын жетілдіру ӛзекті мәселе екенін кӛрсететін бірнеше мысалға 
тоқталайық: 
І. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының талабы 
бойынша Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік модельдеу
электр және магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік 
модельдеу; Электромагниттік толқындарды компьютерлік модельдеу; Нүктенің 
қозғалысын компьютерлік модельдеу; молекулалық физиканың заңын 
компьютерлік модельдеу және т.б. тапсырмалар мен тәжірибелер орындалуы 
тиіс 
[4],[5]. 
Бұл 
шынайы, 
дәстүрлі 
тәжірибелерді 
ұйымдастыру 
дайындықтарымен қатар болашақ мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын 
компьютерлік моделдеу саласы бойынша жетілдіру қажет екенін кӛрсетіп тұр. 
ІІ. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 
2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 
қаулысында Мектептер химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен, 
STEM-кабинеттермен 
жарақтандырылатыны 
айтылған. 
Бұл 
болашақ 
мұғалімдеріні физика сабағында оқу-тәжірибелерін ұйымдастыру кезінде
STEM элементтерін, сандық (цифрлық) құрылғыларды қолдануға дайын болу 
қажеттігін кӛрсетеді [6].
ІІІ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында STEM 
элементтерін (робототехника, виртуалды шындықты, 3D принтинг және 
басқаларды) ескере отырып, бағдарламалау тілдерін қайта қарау арқылы орта 
білім беру бағдарламаларын ӛзектілендіру (5-11-сыныптар) мәселесі кӛтерілген. 
Бұл болашақ мұғалімдерінің физика сабағында оқу-тәжірибелерін ұйымдастыру 
кезінде робототехника, виртуалды шындықты, 3D принтинг технологияларын 
қолдануға дайын болу қажеттігін кӛрсетеді [7]. 
IV. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық 
және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен 
жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым Министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына ӛзгерістер 
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 
жылғы 29 қаңтардағы № 98 бұйрығында физика кабинетіне арналған 
жабдықтар мен құралдардың тізбесінде «Физика бойынша эксперименттерге 
арналған сандық интерактивтік зертхана» және «Физикалық эксперименттерді 
3D модельдеу бағдарламасы» кіріктірілген. Бұл болашақ мұғалімдерінің физика 
сабағында 
оқу-тәжірибелерін 
ұйымдастыру 
кезінде 
Физикалық 
эксперименттерді 3D модельдеп оқушыларға кӛрсете алатын дайындығы болуы 
қажет екендігін кӛрсетеді [8].



Олай болса, арнайы бағытталған педагогикалық әдістемені пайдалану 
арқылы «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы негізінде заманауи 
талаптарға сай студенттердің шығармашыл маман болуы үшін тәжірибелік 
дайындығын жетілдіру қазіргі заманның ӛзекті мәселесі болып табылады 
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсын жаңа деңгейге кӛтеру мәселесі 
кӛптеген ғылыми зерттеулерге негіз болды.
Болашақ мұғалімдерді даярлаудың жалпы теориялық және әдіснамалық 
мәселелерін зерттеген жетекші педагог-ғалымдар Әбілқасымова А.Е. [9], 
Загвязинский В.И. [10], Корнилова Е.А. [11], Хмель Н.Д. [12], Сыдықов Б.Д. 
[13], Зборовский Г. [14], Ахметов Н.К. [15], Сарыбеков М.Н. [16], және т.б. 
еңбектері біздің зерттеу жұмысымыз үшін ерекше маңызға ие. 
Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды жобалау теориясын 
дайындау Монахов В.М. [17], Соболева Н.А. [18], Селевко Г.К. [19], Беспалько 
В.П. [20], Қазақбаева Д.М. [21], Тұяқов Е.А. [22] және т.б. ғалымдар қомақты 
үлесін қосты. Ал, инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде 
пайдалану мәселелері Шамова Т.И. [23], Әбілқасымова А.Е. [24], 
Архангельский С.И. [25], Жанпейісова М.М. [26], Жолдасбекова С.А. [27],
Таубаева Ш.Т. [28], Нағымжанова Қ.М. [29], Изтаев Ж.Д. [30], Халықова Г.З. 
[31], Әлімов А. [32] Жүсібалиева Д.М. [33] және т.б. ғалымдар зерттеу 
жүргізген.
Болашақ физика мұғалімін кәсіптік даярлау мәселесінің түрлі аспектілері 
және физикалық оқу экспериментінің міндеттері мен жүйесі туралы 
Мамбетакунов Э. [34], Жаңабергенов Қ. [35], Құдайқұлов М.Ә. [35], 
Маусымбаев С.C. [36], Тоқбергенова У.Қ. [37], Опабекова А. [38],. Әлімбекова 
Г.Б [39], Акитай Б.Е. [40], Косов В.В. [41], Абдыкеримова Э.А. [42], Волнистова 
Т.В. [43], Дубинянский Ю.М. [44] және т.б. еңбектерінде қарастырылған. 
Физикалық оқу тәжірибелерінің теориясы мен практикасы жайында 
Гильманова Е. Н. [45], Зиятдинов Ш. Г. [46], Капралов А. И. [47], Кокин С. М. 
[48], Майер В. В. [49], физика пәні бойынша жаңа оқу тәжірибелері жӛнінде 
Белова О. В. [50], Богатин А. С. [51], Вараксина Е. И. [52], ВэнЮнь [53], 
Герасимов С. А. [54], физикалық оқу тәжірибесіндегі компьютердің маңызы 
жӛнінде Базаркин А. Ф. [55], Бобылев Ю. В. [56], Гуляев И. М., [57] Вишенкова 
Ю. А. [58] еңбектерінде қарастырылған. 
Болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіруді 
зерделеу негізінде тӛмендегідей қарама-қайшылықтар анықталды: 
-2015-2016 жылдан бастап ҚР жалпы орта білім берудегі білім мазмұнын 
жаңарту жағдайына сатылап кӛшірілгені белгілі. Алайда, ЖОО-да болашақ 
мұғалімдерді қоғам сұранысына сай даярлау мәселесі мен орта мектепте физика 
пәнін оқыту арасындағы алшақтықтың орын алуы; 
- болашақ физика мұғалімдеріне жоғары оқу орындарында кәсіби білім 
беру сапасына тӛртінші индустриялық революция жағдайындағы қоғамның 
сұранысы, олардың тәжірибелік дайындығын жетілдірудегі оқыту мазмұнының 
теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделуінің жеткіліксіз деңгейі; 



- жоғары білім беру саласында болашақ физика мұғалімдерін оқытудың 
қалыптасқан жүйесі мен олардың кәсіби тәжірибелік дайындығына қойылатын 
талаптардың ӛсуі, сондай-ақ, осы талаптарды орындауда заманауи 
технологиялардың мүмкіндіктерінің орынды пайдаланылмауы; 
Жоғарыда атaлғaн қapaмa-қaйшылықтapдың дұpыc шeшімін іздecтіpу бізгe 
зepттeу мәселесін aнықтaуға және «Мектеп экспериментінің техникасы» курсы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет