Курбанбеков бакытжан алимханович



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

ІІІ кезеңде (2017-2018 жылдар) «Мектеп экспериментінің техникасы» 
курсы бойынша жасалынған оқыту әдістемесінің тиімділігі – ғылыми 
мақалаларда диссертацияның мазмұны жарияланып, семинарларда баяндалды, 
талқыланды. Тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында алынған 
қорытынды нәтижелерге талдау және ӛңдеу жасалынды. Зерттеудің нәтижелері 
жүйеленіп, қорытындыланды. Нәтижелер диссертацияның мазмұнына 
жүйеленіп енгізілді, тиісті тұжырымдар нақтыланып, ұсыныстар берілді. Бұл 
кезеңде диссертация рәсімделді. 
Зepттeу әдіcтepі: Зерттеуді іске асыруда теориялық (модельдеу, 
салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау); эмпиpикaлық (сұрау, бақылау, 
педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер); әлеуметтанулық 
(сауалнама); білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, 
зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар жүргізу, математикалық 
статистикалық есептеу әдістері пайдаланылды. 


10 
Зерттеу базасы. Эксперимент жұмыстары Қ.А.Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік 
Қазақстан мемлекеттік университетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызыл Орда 
университетінде жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы: 
1. Болашақ физика мұғалімдерін кәсіби даярлаудың теориялық негіздері 
анықталды; 
2. Болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің 
құрылымдық-мазмұндық моделі даярланды
3. Болашақ физика мұғалімдеріне «Мектеп экспериментінің техникасы» 
курсын оқытудың заманауи технологияларға негізделген әдістемесі 
жасалынды;
4. Болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің 
әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында 
тексерілді. 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы 
Болашақ физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіруге 
арналған оқу-әдістемелік кешен әзірленіп, оқыту үдерісіне ендірілді: элективті 
курстың бағдарламасы: «Мектеп экспериментінің техникасы»; электронды 
оқу құралы: «Электр және магнетизм»». 
Зерттеу нәтижелерін жоғары білім беру ұйымдарында физика мұғалімін 
кәсіби даярлау үдерісіне, кәсіби біліктілігін жетілдіру орталықтарында
педагогикалық колледждерде, жалпы орта білім беру, қосымша білім беруде 
пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет