Курс–3 Семестр – 5



бет4/9
Дата14.07.2016
өлшемі0.68 Mb.
#198087
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс № 4.

Тақырыбы: ШЖМ оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Мақсаты: ШЖМ оқыту үрдісіндегі мәселелер жөнінде түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: ШЖМ мәселелер, Оқыту үрдісі, оқыту технологиясы.

Дәрістің мазмұны:

  1. ШЖМ оқыту технологиясының құрылымы, негізгі белгілері

  2. ШЖМ білім беру сапасын ұйымдастыру жолдары

  3. ШЖМ білім беру үрдісі нәтижелері

Шағын кешенді мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар кездеседі. Жалпы білім беретін мектептердегідей шағын кешенді мектептерде де құжаттар мен талап бірдей қойылады.

Сондықтан да мектептердегі мұғалімдердің жұмысы ауыр. Бірнеше пәннен біріктірілген сабақтар беруге, 1-4 сыныптарда 4 мұғалімнің орнына 2 мұғалім сабақ береді. Егер бірінші сынып оқушылары ең болмағанда екі тоқсан жеке оқыту қажет болса, 4 сынып оқушыларын жеке оқытқан тиімді. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты музыка, дене тәрбиесі сабақтарын біріктіріп оқытуда келесі мәселелер жоқ емес, біріктіріп оқытуға болмайтын мәселелер де кездеседі.

Келесі қиындық – шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы. Оған ең бірінші себеп жүктеменің жеткіліксіздігі.

Орта арнаулы мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде жіберген кемшіліктері мен жетістіктерін бір сабақ жоспары мен бірнеше сыныпқаенгізгендіктен бір күнге ғана білсе шағын кешенді мектеп мұғалімдері үш жылда біледі.

Келесі қиындық шағын кешенді мектепте мұғалім әр түрлі жастағы оқушыларды оқытатындықтан бірнеше деңгейдегі бағдарламамен жұмыс істеуі керек. Берілген оқу бағдарламасымен әрбір сыныпты бөлек оқыту мен біріктірілген сыныптарды оқытудың арасындағы қиындықтар өте көп.

Келесі қиындық, шағын кешенді мектептерде көпшілікке араласпағандықтан оқушылардың мінезі ұяң келеді.

Бұл қиындықтар материалдыққиындықтар да қосылады.

.Шағын кешеді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылық жақстары да баршылық:

1) Аыул мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Ата-аналармен қатынас орнату, сол арқылы оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл аудару.

2)Оқушының тілек-талабы және қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай мол.

3)Оқу материалын толық меңгеру – оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктеріннақтылы ескере отырып оқу ісін жақсартуға мүмкіндік бар.

4)Шағын кешенді мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білуге үйрету мүмкіндіктері мол.

5)СЫныптағы оқушылардың аздығы олардың әрқайсысының оқу материалын меңгеріп, білім сапасын, дағды-біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті.

6)Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға бағыт беруге жағдай бар.

7)Шағын кешенді мектепте оқушыларға табиғатты қорғауға, оны аялау, эстетикалық тәрбие, патриоттық тәрбие беру мәселелеріне жағдай жақсы.

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.



  • өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

  • сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

  • осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Дәріс № 5.

Тақырыбы:ШЖМ педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Мақсаты: Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үрдісте білімді қалыптастырудың ерекшеліктері.

Тірек ұғымдар: оқыту құралдары, оқу-тәрбие үрдісі, модельдер, көрнекі құралдар т.б.

Дәрістің мазмұны:

1.ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама

2.ШЖМ оқу үрдісін қйымдастыру

Оқыту құралдары – оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты).

Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.

Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді

Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.

Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.

Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.



Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:



  1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);

  2. Оқулықтар (1-4 сыныптар);

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)

  4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);

  5. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);

  6. №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);

  7. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)

  8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.

Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.

Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:


  1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

  2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.

  3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.

Сабақта үнемі пайдалану үшін суреттер, кестелер, плакаттар алдын-ала ілініп, беті жабылады.

Көптеген мұғалімдер диафильм және эпифильмдермен жұмыс істеу кезінде отырған оқушылардың бойына қарай сынып бөлмесін шымылдықпен бөлуді пайдаланып жүр.

ШЖБМ-те қалыпты мектептерге арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.

ШЖБМ мұғаліміне баспадан шыққан не қолмен плакатқа түсірілген жазба көрнекі құралдары қажет. Оқушылар кестемен жұмыс жүргізу кезінде оларға арналған ескертулер, нұсқаулар жазылған көрнекі-көрсету кестелері, дәптер-блокноттар, анықтама материалдар, оқушының өз бетімен қорытындылауына үйрету мақсатында берілетін баспаға түсірілген ережелер жан-жақты қолданылады. Ал ол кестелерде тек орындауға арналған жаттығулар ған емес, нақты тапсырма мен оны орындау үлгісі де берілуі тиіс.

Аса қарқынды өзгерістерге толы қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінің алдында мектептік дамуды қайта қарастыру мәселелері тұр.Мектепті дамыту бағдарламалары ең алдымен мазмұнды білім беру технологиясын, оқыту модельдерін өзгертуге , тұлғаның дара ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алуға бағытталған.

90-жылдардың басынан бастап білім беруге жаңа көзқарастар п.б. оның құрылымы, мақсаттары, мазмұны мен технологияларда жағымды өзгерістер байқалды.Бұл келесі фактілермен дәлелденді.


  • Оқытудың әр алуан түрлері мен әдістері көбейеді.

  • Педагогикалық инновациялық қызметі белсенділікпен дамуда, оқу орындарында қолданылатын дамытушы технология спектрі айтарлықтай артуда. Мектептік экономикалық білім берудің қазіргі білімдік технологиясы да өзіне тұтастай әдістер жиындығын біріктіреді. Оларға мыналар жатқызуға болады.

  • Топтық жұмыс дағдыларын дамытатын әдістер (іскерлік айындары);

  • әрекеттерге үйрету (проктілік әдісі)

  • нақты ситуацияларды талдау (кейсстади);

  • имитациялық ойындар;

  • экономикалық субьектілер және басқаларын зерттеу әдісі;

Аталған әдістер мазмұнын қысқаша сипаттасақ :

  1. Нақты ситуацияларды талдау. CASE - әдісі (кейс-стади), яғни, нақты жағдайларды зерттеу. Нақты жағдайды зерттеу әдісі өзінің бастауын Бостон қаласындағы Harvard Business School – дан (HBS) алады.Бұл жоғары оқу орнының оқытушылары заң қызметкерлерінің казуистикалық тәжрибесіне сүйеніп, дәстүрлі лекциялардан бас тартты.Олардың орнына оқыту негізіне экономикалық тәжрибеден алынған нақты ситуациялар бойынша пікірталастар алынуда.Сол уақыттан бастап HBS нақты ситуацияларды зерттеу бойынша аса бай материал жинақтады және бұл әдісті оқытудың жеке тұжырымдамасына дейін дамытты.

Нақты жағдайларды зерттеу әдісі әдебиетте Гарвард әдісі аталуы осыдан.

Германияда бұл әдіс, әсіресе, менеджерлерді дайындауда сондай-ақ жоғары оқу орындарының экономикалық факультеттерінде таралған.

Мектептегі сабақтарды тәжрибедегі нақты жағдайларды зерттеуге жақындатуға ұмтылыс жалпы білім беретін мектептерде жекелей алғанда, еңбек, қоғамтану, тарих және география бойынша сабақтарда Гарвард әдісін қолданудың артуынан байқалады.

Әдістің негізгі құрылымы оқушының практикада және құрбы – құрдастарымен қарым-қатынаста алатын тәжрибесіне арқа сүйейді.

Олар қандай да бір нақты жағдайды талқылайды, оны шешудің баламаларын іздестіреді. Шешімнің өзіндік нұсқасын ұсынады.Ол шешімді негіздейді, бұдан соң оны практикада қабылданған шешіммен салыстырады.

Әдіс оқушылардың шешім қабылдауға қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.



  1. Топтық жұмыс дағдыларын дамыту әдісі (іскерлік ойындар).

Кез-келген іскерлік ойынының негізгі ойынды өткізу уақытындағы нақты жағдайларды имитация жасау процесі болып табылады. Іскерлік ойын екі бөліктен тұрады.

1.Ойын модельдері;

2.Ойындар;

Модель шеңберді анықтап ойын үшін негіз жасайды. Ойынның өзі ойыншыларға модельге сәйкес шеңберде шешім қабылдауға мүмкіншілік береді.


  1. Имитациялық ойындар.

Әдіс ретінде имитациялық ойын өзіне ойын элементтерін енгізетін көптеген оқыту стратегияларында қолданылып келеді.

Бұған енетіндер:

- рольдік ойындар

- тартысты ойындар

- шешім қабылдауға арналған ойындар

- іскерлік ойын негізіндегі компьютерлік имитация және басқалары.

Имитациялық ойындар ойындардың жарыс, кооперция, ереже секілді сипатты белгілерін үйлесімді ұштастырады.Экономикаға үйретуде рольдік және орындар аса зор маңызға ие.

Рольдік ойын оқыту әдісі ретінде оқыту процесін ойын әрекеті түрінде және қоғам өмірінен нақты ситуацияларды имитациялау түрінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Рольдік ойынға диалектикалық әдістемелік ерекше қызығушылық балалар мен үлкендер рөлдік ойындардың арасында тікелей байланыстың болуымен түсіндіріледі. Осылайша балалар үлкендер өміріндегі болашақ рөлдеріне дайындық жасайды.

Рөлдік ойын оқушыларға нақтылыққа жақын мінез-құлықтың түрлі әлеуметтік формаларын ойын түрінде көріп-білуге жәрдемдеседі. Бұл жағдайда олар дұрыс емес мінез-қылық үшін жазаланудан қауіптенбейді.


  1. Проектілік әдіс ( әрекетке үйрету)

“Проект” сөзі латынның “prjicere” сөзініен шыққан және қазіргі тілде “жоспарлау”, жобалау, жасап шығару мағынасында қолдауды (“жоспарларды іске асыру” дегенді білдіреді).

“Проект” ұғымы педагогикалық саламен ғана шектелмейді, сондай-ақ экономикада, басқару аен зерттеулерде қолданылады.Сол не өзге шаруашылық сауда немесе кәсіпкерлік шараларды жүзеге асыру проектісі, зерттеу проектісі, білім беру бойынша проект және т.б.

Проектілік әдіс жалпы мақсатқа не оқытушы мен оқушылар проектілік топтық өз оқу және жұмыс қадамдарын бірге жоспарлау жүзеге асыру және талдауына көмектеседі.

Проектілік әдіске қойылатын мақсаттар:

1.Өнімге және әрекетке бағыттылық.

2.Лқушыларға бағыттылық.

3.Білімнің жағдайға және қоғамға бейімделуі.

Проектілік жұмыс үшін проектілердің өту кезеңін жоспарлау аса маңызды болып табылады:

а) мақсатты белгілеу (мақсатты);

ә) жоспарлау (ресурстар);

б) орындау (әрекеттер);

в)бағалау және бақылау (нәтижелер);



  1. Оқушылар басынан-ақ проектілер мен мақсаттарды таңдауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы қажет, одан соң оларды сол ие өзге әдіс- тәсілмен жүзеге асырады.

Алайда, бұл мұғалімнің қатысуын жоққа шығармайды, алғашқы кезек секілді, проектіні жүзеге асыру сатысында да мұғалім араласып отырады.

  1. Экономикалық субьектілерді зерттеу әдісі (кәсіпорындағы зерттеу)

Кәсіпорындардағы зерттеуді кәсіпорынға барып келуден ажыратып алу керек.Кәсіпорынға барғанда оқушылар ол жайлы жалпы түсінік алады.Әдетте ол оқыту тұжырымдамасының кіріктірілген бөлігі болып саналмайды, тек алдын ала дайындықсыз, нәтижелерін шығаруды қажет етпейтін бір реттік шара ретінде ғана өткізіледі.

Кәсіпорындардағы зерттеулердің сипаттамасы:



  • ол оқу үрдісінде көрнекі ашып икөрсету және түсіндіруге арналған әдістемелік тәсіл болып табылады;

  • зерттеу сабақтарында дайындалады;

  • зерттеу сабақта талқыланатын тақырыптарды мысалмен түсіндіруге арналған кәсіпорын қызметтердің белгілі бір аспектілерімен шектеледі.

  • оқушылар зерттеу үшін нақты міндеттерді алдын ала алады;

  • зерттеу кезінде алынған мәлімет талқыланады және келесі сабақтарда қолданылады;

Осылайша, білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұсынылып отырған экономикалық мәдениетті білімдік технологиялар негізінде қалыптастырудың нақты методологиялық мәні бар.

Олар бүгінгі мектеп партасында отырған ұрпаққа мақсатқа сай ықпал ету міндетін қоюы мен экономикалық белсенді, өркениетті нарық жағдайларында жұмыс істеуге қабілетті, оның талаптары мен нормаларын білетін тұлға қалыптастыруға ықпал ететіндігімен маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет